Ілік септік
Кульмуратова Сандугаш Хасеновна
Мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру;
Ілік септігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы білім қалыптастыру;
Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде тұрған сөздерді табуға үйрету
Тәрбиелік: Ұжыммен жұмыс жасауға, айналасындағыларды тыңдай білуге, қорытынды жасауға, ойын жинақтауға машықтандыру.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы
Сабақтың типі: Сайыс сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ойындар,
жеке оқушымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, қима қағаздар, слайдтар, суреттер.
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
– оқушылар назарын сабаққа аудару;
– оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.
– Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Әр топ мүшесі тапсырмаларды мұқият орындап, өзінің тобына ұпай жинауға тиіс. Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. Көршіңді тексер.
2. Өткенге шолу.
3. Оқулықпен жұмыс.
4. Көру диктанты. Демалыс.
5. Мәтінмен жұмыс. Ақпараттық іздеу.
6. Демалыс.
7. Білгеніңді пайдалан.
8. Үйге тапсырма.
9. Бағалау.
Психологиялық дайындық.
«Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Ізетпенен біз!»
І. «Көршіңді тексер» (Үй тапсырмасын тексеру)
Әр оқушы көршісінің үй тапсырмасын тексереді, бағаланады.
ІІ. «Өткенге шолу».
Септік атаулары. Сұрақтары. Септік жалғаулары.
Атау септік Кім? Не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? – ның, – нің, – дың, дің, – тың, – тің,.
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? – ға, – ге, – қа, – ке.
Табыс септік Кімді? Нені? – ны, – ні, – ды, – ді, – ты, – ті.
Жатыс септік Кімде? Неде? – да, – де, – та, – те.
Шығыс септік Кімнен? Неден? – нан, – нен, – дан, – ден, – тан, – тен.
Көмектес септік Кіммен? Немен? – мен, – бен, – пен.
Атау септіктегі зат есімдер Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді, сөйлемде бастауыш болады. Қар қалың жауды.
ІІІ. «Оқулықпен жұмыс»
А) 25 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, ілік септіктегі сөздерді табу, олардың сөйлемде қандай мүше болып тұрғандарын айту.
Ә) 26 – жаттығу.
«Абай» топтастыру стратегиясын құру.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатадай құлпырар жердің жүзі.
Жан – жануар, адамзат анталаса,
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Тапсырмалар: 1 – топ: Өлеңді жатқа жазу.
2 – топ: Топтастыру стратегиясын құрайды.
3 – топ. Ілік септіктегі сөздерді тауып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
IV. Көру диктанты
Суретке жалғаулардың тиістісін жалғау арқылы ілік септікте сөз жасау. Жалғаулардың сөздерге әр түрлі жалғану себебін дәлелде. Ілік септіктегі сөздердің әрқайсысын өзі байланысатын сөзбен тіркестіріп жаз.
Үлгі: Шыршаның түсі, жұлдыздың бұрышы,…
V. Ақпараттық ізденіс.
Мәтінмен жұмыс.
28 – жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтінге ат қой. Мәтіннен ілік септіктегі зат есімдерді тап.
Қалталылар, қалталы жануарлар, төменгі сатыдағы аңдар (Metatherіa) – сүтқоректілердің бір класс тармағы. Солтүстік Америкада төменгі бор кезеңінен, ал Еуропада эоцен – миоцен дәуірлерінен белгілі. Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея, Үлкен Зонд аралында, Оңтүстік, Орталық және Солтүстік Америкада кездеседі. Жаңа Зеландияда жерсіндірілген. Қалталы жануарлардың дене құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Көптеген түрінің бауырында қалтасы болады. Қалтасы жоқ түрлері де кездеседі.
VI. «Демалыс» (Сергіту сәті)
«Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Төрт, бес, алты, жеті,
Мынау ауыл шеті.
Сегіз, тоғыз, он,
Ал, қанеки, қон!»
VІІ. «Білгеніңді пайдалан» (Сабақты бекіту)
А) Мақалдарды ілік септікте тұрған қажет сөзді қойып көшіріп жазу:
Туған… түтіні де ыстық.
… өзегі талмас.
Ас -… арқауы.
… шиесін шын шығарады.
Қажетті сөздер: Өнерлінің, адамның, жердің, өтіріктің
Ә) Сөйлемдерді жақша ішіндегі зат есімді ілік септігіне қойып, көшіріп жазу.
VІІІ. Үйге тапсырма:
29 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, ілік септіктегі зат есімдерді теріп жазу.
ІХ. Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқандарды бағалаймын
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718