Жемқорлықсыз әлем
Исмагулова Мария Абдрахмановна
1.Сабақтың тақырыбы: Сыйлық жасау жемқорлыққа жата ма? Сабақтың мақсаты:оқушыларды әр түрлі сыйлық түрлерімен таныстыру.Көп адамдар сыйлық сыйлағанды жақсы көрмесе де, оны алуды ұнатады. Соңғы рет қашан сыйлық алып немесе біреуге сыйлағаныңыз есіңізде ме? 2. Жаңа материалды түсіндіру. Адам өз өмірін, қандай заттармен және қуаныш – қызықтарын қалай бөлісетінін білеміз.Кез – келген адамның ғұмырында бақытты кездері аз болмайды. Олар: туған күн, мектепті, жоғары оқу орнын бітіру, атақ, дәреже, мемлекеттік наградалар алу, жаңа үйге кіру, қымбат автокөлік міну және тағы да басқа оқиғалар мен мерекелер, мерейтойлар. Мұндай кездері адамдар өздерінің қуаныш – қызықтарын жақын туған – туыс, дос, жолдас, көршілерімен ақ дастарқан басында, ән – күй құшағында бірге бөліседі. Шақырылған қонақтар түрлі сыйлықтар әкеледі. Мұндай сыйлық түрлері жемқорлыққа жатпайды. Сыйлықты бұлардан басқа жәй күндері де ізгі құрмет белгісі ретінде ұсынуға болады. Әдейі жіберілген сыйлық, мейлі гүл шоғы, ашық хат болсын, бағасы қымбат болмаса да, ол адамға қуаныш сыйлайды, көңіл күйін сергітеді, достық, туыстық қарым – қатынасты нығайтады. Сыйлық алған адам өзгенің өзіне деген ілтипатын, қамқорлығын сезінеді, рухани шабытқа бөленеді. 3.Жаңа сабақты түсіндіру.Бүгінгі сабағымызда біз сіздермен жақындарымызға сыйлық ретінде әр түрлі гүлдерді жасаймыз,ал гүл сыйлау жемқорлыққа жатпайды. Практикалық жұмысты бастамай отырып балалар мен сендерге сұрақ қойғым келеді. 1. Қазақ халқында қандай сыйлық беру кеңінен таралған? 2. Сыйлықты қашан береді? 3.Балаларға сапардан сыйлық әкелу? 4. Сыйлық ненің белгісі? 5. Кімге қандай сыйлық ұсынады? 6. Сыйлықты қалай ұсынған жөн? 7. Сыйлықты қалай алған жөн? Әр халықтың өзіне тән қалыптасқан салт – дәстүрлері бар және де ол әр елде әрқилы. Сыйлықты бөліп сыйлауға бола ма?Мысалы екі түрлі сыйлық сатып алдыңыз. Бірі – жылы жемпір, екіншісі қуыршақ болсын. Бірінші қуыршақ,ұялы телефонды сыйлап, артынша келесі сыйлықты қосымша ретінде таңертең немесе кешкі мезгілде ұсынуға болады.Барлығына бірдей сыйлықМектептерімізде қалыптасып қалғандай ұстаздардың барлығына бірдей сыйлық жасау шарт емес. Әр адамның талғамы өзгеше болады. Сыйлықты сол талғамдарды ескере отырып сыйлаған жөн..Біреу берген сыйлықты өзге адамға сыйлауға болмайдыСыйлық ұнамаған жағдайда оны өзге біреуге сыйлаудың қажеті жоқ. Солай жасағаныңызды байқап қалса, сізге екінші рет сыйлық сыйламайтын болады..Уақыт пен ақшаңыз жетпей жатсаАқша аз деп қажетсіз дүниені сатып алғанша, достарыңызбен бірге қосылып сыйлық сатып алыңыз. Әрі сыйлыққа уақыты бос адам барады.Жаңа жылға арналған сыйлықЖаңа жыл мерекесіне ортақ сыйлықтарды сыйлап, бір сыйлықпен бірнеше балаларды қуантуға болады. «Гүл шоғы»ойыны. Ойын шарты: раушан,қызғалдақ,лалагүл дегенде орындарынан тұрып,ауысу керек,сол сәтте жүргізуші бос орынға үлгеруі керек.Кім орнында қалса, сол ойынды жалғастырады.
Күнделікті тұрмыста қолдануға болатын сыйлықтарды сыйлау
Аналарыңызға ашық хаттар мен тәттілер сыйлауға болады.
Барлығы уақыттың еншісінде
Сыйлықты сыйлау үшін оңтайлы сәтті таңдай білген жөн. Сыйлық «Міне, мынау саған» деген сөздермен емес, ерекше тілекпен бірге сыйлануы тиіс. Әдетте сыйлықты сол қолмен ұсынып, оң қолмен қол алысады немесе құшақтайды.
Гүлмесыйлық па?
Атаулымерекелердесыйлықтыгүлменбіргесыйлаукерек. Сыйлық ақша болмауы керек.
Сыйлық сыйлап тұрып тілек айтуға болады.
Ондай жағдайда шын жүректен шыққан тілектеріңізді ашық хаттың ішіне жазып, сыйлықтың арасына салып қойыңыз.
Сабақты қорыту. –Сонымен,балалар біз бүгін не жайлы тереңірек мағлұмат алдық? –Сендер қалай ойлайсыңдар,сыйлықты қашан беруге болады? -Қандай сыйлық түрлері орынды болып саналады? -Гүл сыйлау жемқорлыққа жата ма?
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718