Қазақ хандарының азаттық жолындағы тәуекелі

Қабылбеков Сүйінжан Құрманұлы

XV ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың соғы қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ерекшеліктің ең басты белгңсң – ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуы мен қайта түлеуі болса, ал басты оқиғасына Қазақ хандығының құрылуы мен Қазақстан Республикасының тәелсиздігін алуы жатады. Тарихтағы мұндай түбегейлі бетбұрыстарды қалың бұқара жасайды. Ал бұқараның басында көш бастаушы ірі тарихи тұлғалар тұрады. Бүгінгі күндегі егеменді еліміздің іргесін бекітіп, шаңырағын шайқалтпай тұрған тарихи тұлғалардың іс-әрекеттері көз алдымызда өтіп жатыр. Олардың тарихтағы алатын орнына келесі ғасырлардағы зерттеушілер баға бермек.

Тәуелсіздік тарихында ел басқарған хандарымыздың орнын анықтау тарихи құндылық. Жәнібек пен Керейден бастап қазаұ хандығын билеген хандардың ел тарихында өзіндік тарихи орны бар.

Керейдің жазба дерек мәліметтеріне ілініп, көзге түсуі оның XV ғасыр ортасында Қазақ хандығын құруына байланысты болды. Хандықтың құрылуы сырттай қарағанда Әбілқайыр хандығынан екі ұлтанның қарамағындағы ұлысымен бөлініп, Моғолстанға келуімен болған оқиға. Ал егер де XV ғасыр ортасында Орта Азия мен Қазақстан территориясындағы хандықтардың ішкі және сыртқы саяси даму барысына терең үңілсек, Қазақ хандығының құрылуы осы үрдістердің заңды қорытындысы екендігіне көз жеткіземіз. Олай    болса, Керейдің туысы Жәнібек сұлтанмен бірлесіп, XV ғасыр ортасындағы шым –шытырықты оқиғаларды бастан өткеруі және сол оқиғалардың жетегінде кетпей, дұрыс жол таба білуі олардың алысты болжай білетін ірі саясаткер екендігін көрсетеді.

Меніңше, Керей мен Жәнібек Әбілқайырдан бөлінбей тұрып, алдын ала қайда баратынын айқындап, келісіп алған. Қалай болса да екі сұлтан Әбілқайыр ханның қарсыласына кетуді ұйғарғаны «Менің жауымның жауы маған жау емес» деген қағида бойынша, оларға моғол ханы Есен Бұға хан тиімді болады. Екі жақты өзара келісімнің болғандығын төмендегі жағдайлар қуаттайды. Біріншіден, Керей мен Жәнібек қарамағындағы ұлысымен М.Елеуовтің аңызында бір түмен елмен көшкен. Осыншама адаммен, төрт түлік малымен мақсатсыз, бағыт-бағдарсыз көшу ақылға сыймайды. Ұлыспен түгелдей көшуіне қарағанда алдын-ала уағдаластық болған. Екіншіден, Моғол ханы Есен Бұға хан сұлтандарды құрмет көрсетіп күтіп алды. Бұл алдын-ала келісімнің болғандығын дәлелдейді. Қорыта айтқанда Керей мен Жәнібекті қазақ хандығының негізін қалаған тұңғыш хандар ретінде бағалаймыз.

Қазақ мемлекетін құрудың қандай тарихи маңызы болды?

Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген, ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде,қазақтың ерте заманнан басалған өз алдына жеке, тәуелсіз ел болып, қалыптасуын біржолат аятауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.

Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемелекетінің біртұтас ұлттык саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.

   Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтті.

Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты.

Бесіншіден, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, тілі, діні, бр ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.

Таққа отырған әрбір ханның ел тарихында өзіндік орны бар.

Керейдің ұлы Бұрындық хан Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға тырысты. Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның кезінде Қазақ хандығы саяси, әлеуметтік –экономикалық жағынан дамыды. Алыс-жақын елдерге Қасымның аты әйгілі болып Қазақ хандығы қуатты, іргелі елге айналды, халқының саны бір миллионға жетті. Қзақтың ғұлама ғалымы Қадырғали Жалайыри: « Жәнібек ханның ұлдарының араында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ұзақ жылдар бойы атасының ұлысына билік етті. Аймағындағы ұлыстарды өзіне қаратты. Ол туралы әр жерде аңыздар көп тараған, көпке мәлім болған», деп жазады.

Оның ұлы Хақназар хан( 1538-1580жж.) хан тағына отырысымен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтіп, өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады. Хақназар батыстағы Ноғай Ордасымен, оңтүстіктегі Орта азия халықтарымен, солтүстіктегі Сібір хандығымен, іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға қол жеткізді. Қазақ хандығына қарайтын ру-тайпалардың Еділ мен Жайқты жағалай жайлап, Қызылқұм мен Сыр бойына жайыла қыстауы осы кезде басталды. Ел басқаруда сабырлылық танытып, мемлекетінің пайдасы үшін дұрыс шешімдер қабылдап отырған. Хақназар хан елін-жерін сыртқы жаудың шабуылынан сақтауға, халқының бірлігін нығайтуға бар өмірін арнаған.

1582-1598 жылдары Тәуекел хан билегенде Қазақ хандығының жағдайы өте ауыр еді. Тәуекел әскери істі жетік білетін, шын мәнінде көреген саясаткер болды. Ол хандық билікті нығайтып қана қоймай, қазақ жерін кеңейтіп, қазақ хандығының беделін халықаралық деңгейге көтере білді. Хан өзінің бір баласын қарақалпақтардың  бір қатар руын, ал інісі Шалмұханбетті қалмақтарды басқаруға қойған. Сондықтан ол, «қазақ-қалмақ» ханы атанды.

Оның мақсаты өзбектерге кеткен қалаларды қайтару болған. Тәуекел хан қайтыс болып, ел дағдарысқа ұшыраған кезде Есім хан ( 1598-1628жж.) билікті қолға лаып, ішкі- сырқы саясатта тәртіп орнатты. Әсіресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті. Қазақ шежірелерінде Қасым ханның қызметіне ерекше баға беріледі.

Тәке  ханның билік құрған кезеңі Жоңғар шапқыншылығымен тұтас келеді. Ол өзінің « Жеті жарғы» заңдар жинағы арқылы Қазақ хандығында тәртіпті ретке келтіріп, күшті басты жауға бағыттай білді. Ресей ғалымы А.И. Левшин « Тәукенің атын атаса-ақ, бар қазақтың жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді. Қазақ ордасының ликургы, Драконты сол адам» деп жоғары бағалайды. Осындай билік иесіне замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік-берекесін кетірер дау-жанжалды, барымтаны тыйып, елді ынтымаққа ұстау мақсатында игілікті іс-қимыл жасау арқасында қазақ хандығы елдігін сақтап қалады.Жұрт ерді қолдаса-береке,ханды ел қолдас-мереке екенін көрді.Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кезде – халық есінде «алтын ғасыр» немесе «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.Тәуке хан елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты бірлікпен жүргізіп,анталаған көп дұшпанға бел алдырмаған.

Әр халықтың тарихында өзі пір тұтар асы тұлғаларыболатыны белгілі. Ол тұлғалар өз халқы алдында сіңірген еңбегіне байланысты бағаланып, үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, халықтың мәңгі ажырамас рухани өзегіне айналды. Халқымыздың тарихындағы сондай айтулы тұлғалардың бірі де, бірегейі Абылай хан. Бүкіл қазақ жерін Жоңғариядан толығымен азат етіп, екі жүз жылға жуық созылған Жоңғар басқыншылығына нүкте қойған Абылай екендігін жоққа шығару мүмкін емес. XVIII ғасырдың 50-жылдары өзінің қолбасшы қайраткерлігімен танылған Абылай сұлтан Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы басты тұлғалардың біріне айналды. Жоңғар хандығы тағының мұрагерлерінің бірі Әмірсананың Абылайға келіп пана сұрауы жайдан-жай емес. Осы кезеңдегі Қытай мемлекеті мен Ресей мемлекетінің әр түрлі дәрежедегі жауапты лауазым иелерінің мемлекет атынан жазған хаттары, Абылай ханға деп жазылған Қытай патшасынынң хаттары, Абылайға арналды. Түйсігі бар адамға осы хаттардың мән-мағынасы мен мазмұны көптеген жәйттерден хабар беріп, кім екендігін аңғартып тұрған жоқпа? Жалпы Абылай хан өмірі мен қайраткерлігіне өатысты құжаттар жеткңлңкті. Тек соны ақыл-оймен тарихы шындық тұрғысынан екшелеп, сараптай білсек болғаны.

Бұл кезеңде Абылай сұлтан Қазақ хандығы ең беделді тұлға ретінде танылып оның билігін шет мемлекеттер де мойындаған еді. Қытай мемлекетімен қарым-қатынасты жақсартып, сауда-саттықты жолға қоюды мақсат еткен ол Бөгенбай батыр және Қабанбай батыр бастаған елшіліктерді Қытайға жібереді.

Ұлан-ғайыр жерімізді екі алпауыт елдің тырнағынан аман алып қалу, ол елдермен қақтығыстардың болуына жол бермеу, қас жауын Қытай елінің қолымен жоюға қол жеткізу Абылайдың ел тәуелсіздігін сақтаудағы баға жетпес ерлігі мен көрегендігі еді. Жоңғар қоңтайшысының баласын өлтірген Абылайды тұтқыннан босатуының өзі, қазақ мемлекеттігін жаудың мойындағанын көрсетеді. Оны мойындатқан қазақ билеушісінің жүргізген батыл, шебер, көреген саясаты.

Халқы өз тарихында қаншама тар жол, тайғақ кешуді бастан кешірді. Дегенмен қиын-қыстау күндеріміздің нәтижесі қуанарлық.

Осыншама ұлан-ғайыр жерімізді «найзаның ұшымен,білектің күшімен» қорғаған атақты батырларымыз, оның соңынан ерген халқымыз болса, сол халықты бір бағытқа бағыттау, көрші елдер арасында тыныштық сақтау міндеті Қазақ хандардың үлесінде болды. Тығырықтан шығу, ұлтарақтай жеріміз болса да біреуге бұйырмауын ойлау елді билеген хандардың еншісінде болды. Бұл міндетті қазақтың ұлы хандары абыроймен орындады.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан эволюциялық жолмен, бейбіт дамудың нәтижесінде саясатта, экономикада, халықаралық қатынастарда Тұңғыш Президент- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің басшылығымен биік белестерге көтерілді. « Тәуелсіздік-ел тірегі,ал Елбасы- ел тірегі»  екенін өмірдің өзі растап отыр. Тәуелсіздік Қазақстанда Президент біреу, ал ел халқы оған әр уақытта тіреу. Қақақстанның өркендеуіне, дамуына, өркениетті озық елге айналуына үлес қосу- әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *