My family

Болатова Индира

Мақсаты:  Отбасы туралы түсінік беру. Әр балаға өз отбасын қадірлеуге, сыйлауға үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Отбасы мүшелерін атауға, сұрақ – жауап арқылы сұхбатқа үйрету. Отбасы мүшелері туралы тақпақтарды жатқа айтқызу, санамақ жаттату, «Кім жоқ», «Кімге не керек», «Неге теңеймін», «Сен отбасыңда кімдермен тұрасың?» ойындары арқылы отбасы мүшелерінің атауын білуге үйрету.
Дамытушылығы: Есте сақтау, көру, ойлау, сөйлеу, танымдық процестерін, қиалын, қызығушылығын дамыту, зейінін шоғырландыру.
Тәрбиелік: Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ жауап, әңгімелеу, суретпен жұмыс.
Көрнекілігі: Отбасы суреті, үй, дидактикалық материалдар.

 Ұ.О.І.Ә өткізілуі:

-Good morning, children!

– Good morning, teacher!

-Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
Балалар бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық. Бәріміз бір – біріміздің қолымыздан ұстап алақан жылуларын сезінейік. Қандай тамаша?!

Good morning! Good morning!

Good morning to you!

Good morning! Good morning!

Glad to see you!

-Well down.Sit down, children!

-Балалар қазір қай мезгіл?
– Қыс мезгілі.
-Қыс мезгілі қандай болады?
– Салқын, қар жауады, адамдар жылы киінеді, аяз болады, боран соғады, шанамен бала бақшаға келеміз.
-Өте жақсы біледі екенсіңдер.

– Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік.

Жұмбақ: Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған.
Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар?

– Отбасы
– Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен
– Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Суреттермен жұмыс.

– Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?
-Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Отбасы.
– Дұрыс айтасыңдар.
-Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.

-Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
-Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
– Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір – бірімен тату – тәтті тұрады. Бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір – біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.
Біз бүгін отбасы туралы әңгімелейміз. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын бізге ең жақын адамдар. Олар ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас бір отбасында тұрады. Біздерге үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігі қажет. Ата мен әжелер демалыспен тыныштықты ұнатады. Жанұя мүшелері бір – бірін сыйлайды, құрметтейді, кішілері үлкендерге құрмет көрсетеді, үлкендері кішілерге қамқор болып жүреді. Сондықтан да олар бір отбасы болып есептеледі.
Балалар енді бәріміз теледидарға назар аударайықшы.
Ойын: «Кімге не керек?»
Шарты: теледидардан экраннан ата, әже, әке, ана суреттері және төменде әр түрлі заттардың суреттері көрініп тұрады. Балалар «Кімге не керек?» дегенде сол затты дәл тауып апарып қоюы тиіс.

Мақал – мәтел
– Балалар енді маған кім жанұя, отбасы мүшелері туралы мақал – мәтел айтып береді?
1. Ата көрген оқ жонар,
Әже көрген тон пішер.
2. Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
3. Әкенің көңілі – балада,
Баланың көңілі – далада.
4. Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
5. Ағасы бардың – жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
6. Өз үйім – өлең төсегім.
7. Ата – балаға қорған
Балалар, сендер шаршаған шығарсыңдар. Олай болса, сергіту сәтін жасап, шаршағанымызды басайық.

Сергіту сәті

Барлығымыз  бірге «Family»әнін айтайық.
-Балалар, бәріміз орнымыздан тұрып, ойын ойнап жіберейік!

Ойын: «Сен отбасыңда кімдермен тұрасың?»

Шарты: Балалар шеңбер бойынша тұрады. Мұғалім  отбасымда атаммен тұрамын деп, допты жағалатып келесі балаға береді. Балалар отбасында кіммен тұратынын айтып шығады.

Ойын: «Неге теңеймін».

Балаларға күннің, айдың, бұлттың, алманың, гүлдің суреттері таратылып беріледі. Балаларға «анаңды кімге теңейсің» деп сұрағанда қолдарындағы суреттің біреуін көтереді. Сол сияқты атасын, әкесін, ағасын т. б. айтылады.

«Кім жоқ?» – дидактикалық ойын
Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады.
Балалар отбасы туралы кім тақпақ айтып береді?

Әкем, шешем және мен
Тату – тәтті тұрамыз.
Сыйластықпен махаббатпен
Сауық – сайран құрамыз.
Біздің балалар, орыс тілінде де, санамақ, тақпақ айтып береді.

Этот пальчик дедушка,

Этот пальчик бабушка,

Этот пальчик папочка,

Этот пальчик мамочка.

А вот этот-Я.

Это вся моя семья..

«Мой папа»

Мой папа работает

Утром и днем

Строит мой папа,

Красивый дом.

Ойын: «Do you have?»
Мен сендерге сұрақ коямын:
Do you have a mother( father, sister, brother)?
Егер мамаң, папаң, сіңлің, ағаң болса сұраққа  жауап бересің. Егер бар болса  -Yes  деп,   «a red flashcard (қызыл кеспені )» көтересің,  жоқ болса   -No деп,  «a blue flashcard(көк кеспені)» көтересің. Let’s play.
Do you have a mother?
Do you have a brother?
Do you have a father?
Do you have a sister?
Ойын: «Point to the right flashcard».
Come to me. Look! There are 4 pictures: a mother, a father, a sister, a brother (суретті  топқа іліп қояды). Мен сендерге тапсырма беремін: бар, ұш, жүз, секір деп суретке қолын тигізеді. OK? Асел , jump to the «father’ s picture», Нұрасыл — run tо the «mother’s picture», Кәусар  — fly to the «sister’s picture», Асхат— go to the «brother’s picture». ( 2 – 3 рет қайталайды). Well done.
Сендер ақылды, білімді балалар болып өсіп келе жатсыңдар. Өте жақсы.
Қазір бәріміз мынадай тапсырма орындайық. Мына қима суреттерді құрастырайық.
Нені құрастырдық? Кім бар?
Жүректен – жүрекке: Балалар бір – бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады.
– Аяулы анам мейірімді!
– Қадірлі әкем мейірімді!- Әлпештеген әжем мейірімді!
– Еркелеткен атам мейірімді!.
Сұрақ- жауап
– Бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?
– Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық?
– Отбасы мүшелерімен.
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?
– Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады.

-Балалар отбасымыздағы басшы кім?

-Әке

-Ал, ана сендерді өмірге әкелген адам.

-Ал ата мен әжеге сендер кім болып келесіңдер?

-Немере.

-Отбасындағы адамдар бір- бірімен қандай болуы керек?

-Адал, мейірімді, қайырымды болуы керек.

-Балалар, біз отбасындағы тәрбиені бірінші кімнен аламыз?

-Әке мен анадан
Біз қандай отбасымыз?
– Біз бақытты отбасымыз
Біз қай елде тұрамыз?
– Тәуелсіз Қазақстан елінде.
Өте жақсы, балалар отбасы туралы білеміз, Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату – тәтті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір – бірің мен тату болыңдар.
Қорытынды: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын

адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне  өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін  аяқтаймыз!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *