Каланхое өсімдігінің биологиялық ерекшелігі
Әуезова Жансая Ағыбайқызы
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданыпкелген. Шипалы өсімдіктердің дәрі жасау әдістері ұрпақтан-ұрпаққа бұл дәстүр атадан жалғасып отырған.Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің емдік қасиеттерін ертеден білген.Әбу-Насыр-Әл Фараби,Әбу Әл Ибн-Сина,Беруни,Әл-Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсер дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен.Қазіргі кездешөппен емдеу әдісі, тәсілдері кеңінен қолданылыпжүр.
Каланхоэ-«Жасаңшөп» тұқымдасына жатады. Ол табиғи жағдайда өсетінөсімдік. Оның атауы Қытайдағы каланхоэнің бір түрінен шыққан.
Каланхоэ(KALANCHOE)- көп жылдық гүлдейтін шөптесін өсімдік. Каланхоэ гүлі- халық арасында үй дәрігері немесе өмір гүлі деп аталады. Каланхоэ шырынды болғандықтан (өзінің сабақтарымен жапырақтарының бойына 94% су қорын жинайды), сукуленттер тобына жатқызылады. Гүлдері қоңырау, себет тәріздес,ұзындығы 30 см гүлсабаққа шоғырланған.Дұрыс күтім жасалса, жыл бойы гүлдейді.Оның 30-ға жуық түрі мен сұрпы үй жағдайында өсіріліп келеді.Өткенғасырдың 60-жылдарына дейін оның емдік қасиеті туралы мәліметтер болмаған.Бөлме өсімдігі ретінде өсіріле бастағаннан кейін ғана дәрілік қасиеттері ашылған. Оның жапырағынан алынған шырыны емдік мақсатқа пайдалынылады. Оның емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өтежоғары. Ол ауадағы зиянды микробтарды жоюмен бірге антивирустық пәрмені бар өсімдік. Бұл етті жапырақтары бар әдемі гүлдеген өсімдіктер және ақ, сары, қызғылт сары, қызғылт гүлдерден тұрады. Ол әдетте сәуірде гүлдейді бірақ үй ішінде жыл бойы гүлдей алады. Бұл өсімдіктер адам бойындағы шаршағанды басады. Болмашы нәрсеге ренжуден бойыңды алшақ ұстауғакөмектеседі.
60 жылдардың соңына қарай ССРО ның денсаулық сақтау министрлігі каланхоэ жапырақшаларын шикізат түрінде тіркеп, одан жасалынған дәрілерді дәріханаларда сатуға рұхсат етілді.
Таралған аймақтары Оңтүстік Африканың, Оңтүстік Американың тропиктік аудандары, Оңтүстік Шығыс Азия,Қытай мен Ява аралдары.
Сонау есте жоқ замандарда адамзат баласы дәрі деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді.
Сондықтан да шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілікөсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрілерге қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, таблеткалардың құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін. Каланхоэ өте оңайкөбейтілетін бөлме өсімдігіне жатады. Жапырақ, қалемше және жанама өскіндері арқылы көбейтіледі. Көктем жаз айларында кірпігүлге арналған арнайы тыңайтқышпен айына бір рет қоректендіріп тұру қажет.
Каланхоэ гүлі түнде оттегіні қарқынды түрде бөледі де,күйзелістен шығуға жәрдемдеседі.
Алашабыр каланхоэсы шырынының қабынуға қарсы және антибактериалды қасиетке ие.Каланхоэнің қолдану аймағы көп жалпы хирургия,офтальмология,гинекология.
Зертханалық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей каланхоэ шырыны стафилококк гемолитикалық және негемолитикалық стрептококтарға әсеретеді. Сондықтан да каланхоэ шырынын шиқан, абспестар, сыртқы ісіктер, созылмалы тонзилитті емдеуде сыртқы қолданыс үшін пайдаланылады. Кеңсірікті емдеудегі жетістіктері де туралы мәліметтер бар.
Бактерияға қарсы тұратын құрамымен де өте танымал. Зерттеулер көрсеткендей каланхоэнің К, velutina,K. pinnata,K. Blossfeldiana, K. crenata түрлерінің шырындары бактерияға қарсы тұра алатын ең белсенді қасиетке ие. Ал Bryophyllum daigremontianum- да бактерияға қарсы тұра алатынбелсенді қаиеті әлсіз.Полиовирустық (Сейбина) үлгісі, Коксаки вирусының В1 және В6 каланхоэ шырынына сезімтал.Жануарларға жасаған зерттеулерінде тұмау вирустарының профилактикасына каланхоэ шырыны белсенді әрекет ететіні анықталды.Антивирустық белсенділік қасиетке каланхоэның жас шырыны да оның спирттік экстракты даие. Емдеу үшінөсімдіктің жер бетіндегі бөлігі алынады. Ол үшін сабағы 40-60 см жетіп төменгі жағы тығыз болуы қажет. Алашабыр каланхоэсы қабынуға қарсы тұра алатын антисептикалық қоздырғыш және әрлендіретінәрекетібар.
Негізгісі-регенерациялық ұлпалардыынталандырушысы. Ол жылдам тазалаумен, жара және ойықтың тез арада жазылуына әрекет етеді. Каланхоэнің уыты шамалы,қабынудыбасады.Әсіресе, сынықтар мен күйікті емдеуде жақсы көрсеткішке ие.
Ағылшын тілі мен орыс тіліндегі ғаламтордағы мәліметтерді салыстырып қарасақ, ағылшын тілінде дегремон каланхоэсы- улы өсімдік деп мәлімделінген. Сол мәліметтің төменгі жағында ескерту жазылған; «Назар аударыңыз! Өтінемін, өсімдіктің барлық бөлігі де улыекенін естен шығармаңыздар. Кішкентай балалар мен кішкентай үй жануарлары жұтып қоятынболса,өлімгеәкеліп соғады!» Бірақ нақ сол өсімдіктен уланып өлген адамдар мен кішкентай үй жануарлары туралы мәлімет жоқ. Каланхоэден улану туралы мәлімет ірі қара малдың өсімдіктің гүлденіп тұрған кезіндегі
жегеннен кейінгі бақылаулардан айтылған. Ол өлімге әкеліп соққан жағдайларда ірі қара малдар каланхоэның К.tubiflorum, K. Daigremontiana, K. Pinnatum,K. Proliferum түрлерін жеген екен. Бұл өсімдік түрлері жүрек улап алдымен жүрек тамыр жүйесін зақымдаған. Тағы бір зерттеуде жоғарыда айтылған каланхоэ түрлерінен балапандар уланып,өлгенінанықтаған.
Каланхоэ жапырақшалары көптеген биологиялықбелсенді заттардан құралған. Онда флавоноид, дубильді заттар, буфадиенолидтар, ферменттер, лектиндер, органикалық қышқылдар бар.
Осылардың каланхоэмен емделудегі әр біреуінің химиялық қосылғыштарының әрекеттіліктері толық зерттелмеген. Отандық фармацевтикалық препараттарға каланхоэ негізінен екі нысандарда өндірілуде – шырын түрінде және жақпа ретінде. Ол топтың дерматотоптық формокологиялық заттарға тиесілі. Олар антисептикалық және зарарсыздандыру қасиетіне ие.
Қорыта келгенде, жас жеткіншекті, табиғат сыйы – дәрілік өсімдіктерді көбейту, кеңінен пайдалану қажет екеніне тәрбиелеу. Айнала бізді қоршаған табиғаттың жаратқан шипалы дәрілікөсімдіктерінің азаймауы үшін, оларды өздері де өсіре алатынына көз жеткізу. Күнделікті өмірінде қажеттілігіне қарай емдеуге дағдыландыру.
Әдебиеттер:
Байтенов М.С. «В мире редких растений» (Алматы, «Қайнар», 1985)
«Дәрілік өсімдіктер» (Алматы «Қайнар» баспасы 2011 жыл)
Ғаламтор материалдары: (Интернет каталог:Все цветы)