Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту

Капбасова Куралай Жакуповна

Әр бастауыш сынып мұғалімі алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушыға білім алу жолында ойлау қабілетін дамыту басты талап екенін түсінеді. Әріп танымайтын, жазу мен сызуды үйренуге келген оқушыларға бұл қабілеттің дамуы әрі қарай программаны игеруіне үлкен ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттырып,  шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабақты қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор. Топтық жұмыстар оқушылардың бір-бірімен білім сайысында бәсекеге түсіп, мейлінше тезірек ойлап жауап беруіне ықпал етеді.

Жаһандану заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезі. Сол себепті балалардың нано технологияларды игеріп, өздеріне сабаққа қажетті мәліметті ала білуі тиіс. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Әсіресе жиі қолданатын бұл – интерактивті тақта. Оны кез келген сабақта қолдану, оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне мүмкіндік береді. Сабақта тек қана кітапты қолданбай, жаңа технологияларды пайдалану қажет.  Қазіргі мектеп бағдарламасы ұлттық ойындарды кеңінен қолдануға өте ыңғайлы. Көптеген ойындар баланың тапқырлығын, табиғат құбылыстарын, қоршаған табиғат ерекшеліктерін түсініп меңгеруге арналған. Әр ойынды жүргізу және қатысушылардың орындау ережелері бар. Ол ережелердің тірбиелік мәні өте үлкен. Бұларға ойынның барысы белгіленді, балалардың тәртібі мен іс-әрекеттің реті, олардың өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар анықталады.
Ойындар халықтық педагогикада өте көп және мазмұндары да бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызықты.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдардың тиімділігін арттыру, танымдық ойындар ұйымдастыру, пәнаралық байланыстарды тудыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, білім тексеру мен бағалаудың алуан түрлерін ұтымды пайдалану арқылы оқытудағы        кері   байланысты         жетілдіру. Мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым – қатынасты сыйластық ізеттілік түрінде орнатып, жүрек жылынуының болуын қамтамасыз ету. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру.

Сондықтан оқу барысында балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған арнайы тәсілдері қолдану қажет. Осы тәсілдер ретінде халық педагогикасы элементтерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол. Ұлттық ойындар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер балалардың байқағыштығын, заттардық мән-мағынасына түсініп, негізгі қасиеттерін анықтауға қабілетін дамытып ойлау процесін тереңдетеді. Табиғат ерекшеліктеріне, жыл мезгіліне байланысты құбылыстарды салыстырмалы түрде меңгеру арқылы талдау,   жалпылау   операцияларын          меңгерді. Оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекеті белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп,  талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.  Оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекеті – күрделі процесс. Ол іс – әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Баланың ойлау қабілетін дамыту, сабаққа деген ынтасын қызығушылығын арттыру, ол мұғалімнің басты міндеті және жұмысы. Ойлау         процессін дамытуға әсерін тигізетін әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта білейік. Ойы зерек, ақылы зор, болашаққа бастар «Нұрлы жолмен» нық жүретін тұлғаларды тәрбиелейік.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *