Қоршаған ортаны қорғау
Мухамеджанова Кульбарам Советовна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа тақырып бойынша білім беру, сөздерді меңгерту.Табиғат жөнінде әңгімелесу, мәтін бойынша жұмыс түрлерін жүргізу.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: табиғатқа деген аялы көзқарасын қалыптастырып, сүйспеншілік сезімін ояту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, оқу, жаздыру, түсіндіру, ойландыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, табиғатқа байланысты слайд, карточкалар, аудиожазба,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі;
Кезекшімен сұрақ-жауап
Кім сабақта кезекші?
Кім жоқ?
Қазір қандай жыл мезгілі?
Қазір қандай сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
Ауа-райы қандай?
Үй тапсырмасын тексереміз
а/ сан есім ережесі
ә/ сөз жаттау
б/диологты рөлге бөліп жаттау, оқу
- Кейспен жұмыс. Проблеманы шешу. Жағдаятты талдау.
- Проблеманы шешу. Жағдаятты талдау.
«Бұлақ»
Біздің ауылдың маңында бұлақ ағып жатыр. Бұлақтың суы лас, әрі лай. Бұлақ бірнеше жылдан бері қараусыз қалған. Жан-жағынан шөп өсіп кеткен. Бұлақтың суын ауыл тұрғындары пайдаланбайды.
Шешілетін проблема: Бұлақтың суы қандай болуы керек?
Жаңа сөздер
Қоршаған ортаны қорғау – окружающая среда
Мәселе – проблема
Болашақ – будущее
Мөлдір – прозрачный
Ойын-сауық – развлечение
Дүниежүзілік – всемирный
Ұрпақ – поколение
2013 жыл-экология мен қоршаған ортаны қорғау жылы. Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі кездегі өткір мәселелердің бірі. Ол еліміздің болашағы, халықтың байлығы.
5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні. Оның негізгі мақсаты –табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған . Әр түрлі оыйн –сауық, ағаш отырғызу, сурет салу, саябақтарды тазалау сияқты жұмыстар өткізіледі. Қазақстандағы өсімдіктердің жалпы түрлері 6 мыңнан астам. Ал құстардың түрі 500-ден көп. Өзен –көлдерде балықтың 107 түрі бар. Далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді екен. Оларды қорғауымыз керек.
Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен-көл мен таза ауа қалдыру – біздің борышымыз.
Мәтінмен жұмыс
а/Тыңдаймыз
ә/өздеріне оқыту
б/Таныс сөздерді табу
в/ Жаңа сөздермен танысу
г/ сан есімдерді теріп жазу
д/таблица бойынша жұмыс
Сұрақ | Жауап |
1.2013 жыл қандай жыл деп жариаланды? | |
2.Мәтіннен 5 маусым қандай күн екенін жаз | |
3.Осы күннің негізгі мақсаты қандай? | |
4.Қандай шаралар өткізіледі? | |
5.Осы мәтіндегі басты ой қандай? | |
6. Табиғатты қалпына келтіру үшін не істеу керек? | |
7. Оған кім жауапты? | |
8.Сен қандай үлес қостың? |
- Рефлексия (синквейн)
Синквейн құрастыру
1-ші жол: сабақ тақырыбын анықтайтын зат есім жазу.
2-ші жол: тақырыптаа анықталған құбылысты ашатын екі сын есім жазу.
3-ші жол: тақырып бойынша іс-әрекетті көрсететін үш етістік жазу.
4-ші жол: алдыңғы екі жолдағы құбылысты ашатын фразаны жазу.
5-ші жол: сабақтан алған әсерді көрсететін зат есімді жазу.
9.Үйге тапсырма
10.Бағалау