«Мың бір мақал»(зияткерлік сабақ)
Абдинурова Айжамал
Сабақтың мақсаты:Баланың әдеби тілде дұрыс сөйлей білуін қадағалай отырып,өзінің ана тіліне деген көзқарасын жақсы жағынан қалыптастыру, қазақ тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: 1.Оқушының ойын, тіл байлығын дамытады.
2 .Білімділікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулиды.
3.Сөйлеу мәнерін қалыптастырады, сөз байлығын арттырады. Көрнекілігі: таблицалар, кеспелер, қанатты сөздер,интертақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру Мұғалімнің кіріспесі: Бүгін біз оқушылар арасында білім сайысын оқушының білімділігін, тапқырлығын, ізденімпаздығын саралау мақсатында өткізгелі отырмыз. «Менің көп білгім келеді» тақырыбындағы сабағымызда «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болатын» оқушыны анықтаймыз. Мақал-мәтелдер—ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, терең мағыналылығымен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.Онда кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық халық даналығы көрініс тапқан . «Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен боларсың» демекші, бүгінгі сабағымыз тапқырлықпен бірге шешендікті де талап етеді. Сонымен, сабағымызды бастаймыз, алдымен, жоспар мен сайыс шарттарын түсіндіріп өтейін. Әр оқушының қалай қатысқанын бағалап отыратын қазылар алқасын таныстырып өтейін. Әр дұрыс жауап бес балдық жүйемен бағаланады.Бірінші кім бастайтынын білу үшін қоржыннан әркім өз номерін алады.
1.ТАНЫСТЫРУ.
- «КІМ ЖЫЛДАМ?»(1минутта неше сөз жазады?)
3.Ұяшықтағы сұрақтарға жауап.
4.МАҚАЛДАР ҚҰРАСТЫРУ.(конвертке салынған сөздерден мақал құрау)
5.ТАПҚЫРЛЫҚ(әркім өзі таңдаған дыбысымен сұраққа жауап береді).
6.МАҚАЛДАП АЙТҚАНДА…(сұрақтарға жауап) 7. «КІМ ТАПҚЫР?»(жұмбақ)8.ЖОРҒА(Мақал сыңарын табу)
Сонымен сайысымызды бастаймыз.1.Әр оқушы өзін таныстырып өтеді. Өздерінің алға қойған мақсаттарын,ұнататын пәндері т.б. туралы айтып өтеді. 2. Қатысушыларға 1минут уақыт беріледі, ҚАЗАҚСТАН сөзіне көп сөз құрастыру. 3.Бұл бөлімде интертақтадан шыққан сұрақтарға жауап береді, дұрыс жауап қана бағаланады.
4.Әр түрлі сөздер жазылған конверттер таратылады. Оның ішіндегі сөздер- ден мақалдар құрастыру керек.Кез-келген сөзге сөзді тіркестіре берсең мағыналы сөз тіркесі, мағыналы сөйлем шықпайды, сондықтан мақал құрастыру.
5.Мұғалімнің оқыған сұрақтарына қолындағы дыбыстан басталатын сөзбен жауап беру.
- Қазақ халқы әзіл-қалжыңды ұнатқан. Телеарналардан көрсетілетін «Нысана», «Бауыржан шоу», «Шаншар» сияқты әзіл-сықақ театрларының қазақша КВН қойылымдарын қызыға тамашалаймыз. Онда мақалдарды қазіргі заманға қарай өзгертіп те қолданады.Келесі бөлімде сұрақтарға мақалдап жауап беруіміз керек.
7.Бұл бөлімде оқушы жұмбақтар шешеді. Интертақтадағы жұмбақты оқып, жауабын табады. Дұрыс жауап бағаланады. Мысалы, «Ұзын мұртты сарылар,Қойынында наны бар»(бидай сабағы) «Тау басына шөп шықты, шөп шыққанда көп шықты»(бас пен шаш), «Тікірейіп құлағы,Менен бұрын тұрады .Бойын жазып керіліп, Беті-қолын жуады» (мысық) «Халық қу деп,қылған күлкі.Айласы көп,бұл не?»(түлкі), «Бір қалаштың ішінде екі түрлі су бар»(жұмыртқа), «Баласын ертіп соңына , Сүңгіп, жүзіп үйретті,Су жұқпайтын тонына кім біледі…»(үйректі)
Жеті бөлімнен соң жоғары бал жинаған 3 оқушы қалдырылып, басқаларын «ойыннан жеңілсең де өмірден жеңілме» деп, орындарына шығарып саламыз. 8.Сараптау қорытындысы бойынша жоғары бал жинаған екі оқушы кезектесіп мақал сыңарын табады. Жаңылыспай, дұрыс жауап берген оқушы жеңімпаз атанады. Сабақты қорытындылау үшін әділ қазылар алқасына сөз беріледі.«Жүзден жүйрік» атанған оқушы анықталып, марапатталады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718