Қазақстан аумағында атмосфералық қысымның, жауын-шашынның таралуы
Касенова Шолпан Рымбаевна
Мақсаты:
Білімділік: Жауын-шашын түрлерімен таныса отырып, олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу нәтижесінде атмосфералық жауын-шашын туралы түсінікті қалыптастыру. Өткен сабақтардың негізінде ауа температурасының өзгеру себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, картамен, интерактивтік тақтамен, оқулықпен жұмыс жасай білу, білім – білік дағдыларын жетілдіру, география пәніне қызығушылық қабілетін дамыту; жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту, диаграммалар мен жұмыс жүргізе білу, атмосфералық жауын -шашынды өлшеу, есептеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арқылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақты үйымдастыру формасы: Жеке, топтық.
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Компьютер, интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карталар, климаттық карталар
Пән аралық байланыс: Физикалық география, физика, математика, экология.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)
Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Шеңбер жасап 1,2,3-ке санау, және 3 топка сан бойынша отырады.
“Сандар сөйлейді“. (3 мин)
I топ | II топ | III топ | |
13394 км | 17 млн. | 1650 км. | |
9 | 6995 м. | 2724,9 | |
132 | 14 | 2354 км. | |
6,2 | 11 мың. м. | 54 млн м2 | |
3000 | 426 км. | 4 м/сек | |
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (4 мин)
1) Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуына қандай факторлар әсер етеді?
2) Қазақстан аумағына қандай ауа массалары әсерін тигізеді? Арктикалық, қоныржай, тропиктік)
3) «Трансформация» деп нені айтады? (ауа массасының бір жерден екінші жерге аусуын және қасиетінің өзгеруін айтады)
4) Жел қалай пайда болады, және қандай түрлері ажыратылады? (қысымның әртүрлі болуынан және күн жылуының әркелкі таралуынан)
5) Климаттық карталарда темпертура қалай белгіленеді? (изосызықтар)
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Ауа райы элементтері (жауын-шашын, жел, тұман, бұлт) атмосфералық қысым (to-ға байланысты)
Біз жауын – шашын туралы не білеміз? (бұлттан сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын немесе тек қана жауын-шашын дейді).
Жауын-шашын түрлері: жаңбыр, бұршақ, шық, қырау, қылау.
Жауын-шашынды өлшеу қалай жүргізіледі?
Тақырыпты өз бетінше меңгеру келесі жоспар бойынша жүргізіледі:
- Атмосфералық қысымның орнатылуы. Қысымның биіктікке қарай өзгеруі температураға байланысты. (Жазда қысым- төмен, қыста – жоғары)
- Атмосфералық жауын – шашынның түрлері. Тірек-сызба толтыру арқылы түсіндіру
қырау
Жауын-шашын |
Жанбыр бұршақ
шық қылау
қар
- Табиғатта болып туратын құбылыстар қалай белгіленеді? (3 мин)
І топ
- Жауын-шашын өлшенеді – мм
- Желдін жылдамдығын – м/сек
ІІ топ
- Атмосфералық қысымын – мб.
- Күн қуаты – Дж /м
ІІІ топ
- Жиынтық радиацияны – ккал.
- Қар жамылғысын – см.
- Қазақстан аумағында жауын–шашынның таралу ерекшеліктері. (3 мин) Қазақстанның аумағында жауын – шашынның таралу картасымен жұмыс.
І топ
- Ақтау, Қызылорда, Балқаш – 100 мм.
- Тараз, Жезказған, Талдықорған – 150-200 мм.
ІІ топ
- Орал, Ақтөбе, Арқалық, Астана, Павлодар, Семей – 200-250 мм.
- Жезказған,Тараз, Талдықорған – 150-200 мм.
ІІІ топ
- Қарағанды, Қостанай, Шымкент – 200-300 мм.
- Петропавл, Алматы, Көкшетау – 300-400 мм.
- Қар жамылғысы (карта бойынша жұмыс) (3 мин.)
Қар маған ұнайды, өйткені… Өз ойларымен жалғастыру.
- Халық ауа райын қалай болжады? (2 мин.)
- Кері байланыс. Топтарға тапсырма беру. (5 мин)
І топ
1. Қазақстан жеріне жауын – шашынның аз және әркелкі түсуінің себебі неде?
2. Қазақстандағы жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері қанша?
(130-1600 мм.)
3. Әсіресе, Қазақстанның қай аймақтарына жауын – шашын өте аз түседі? (Балқаш көлінде батыс бөлігінде)
4. Қазақстандағы жауын – шашын ең көп түсетін жерді ата (Батыс Алтай)
5. Республикамыздың жазық және аласа таулы өлкелерінде жауын – шашын қай бағытқа қарай кемиді? (солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді)
ІІ топ
1. Солтүстіктегі жауын – шашынның орташа мөлшері қанша? (400)
2. Орталықтағы жауын – шашынның орташа мөлшері қанша? (275)
3. Оңтүстіктегі жауын – шашынның орташа мөлшері қанша? (130)
4. Қазақстанда жауын – шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай қалай өзгереді (кемиді)
5. Республикамыздың қай аймақтары ылғалды өңір саналады? (таулы аймақтар және Кіші Үлбі)
ІІІ топ
1. Солтүстік өңірлерге жауын – шашынның 70 – 80%- ы жылдың қай мезгілінде түседі?
2.«Құрғақ жаңбыр» деген не? (Жамбыр тамшылары жерге жетпейді)
3. Қазақстанның қай жерлерінде байқалады? (оңтүстік аудандарында)
4. Еліміздің солтүстігінде жылдық жауын – шашынның қанша пайызы қыста түседі? (20-30%)
- Еліміздің оңтүстігінде жылдық жауын – шашынның қанша пайызы қыста түседі? (50-60%)
Сәйкестендіру тесті (1-2 мин)
- Қыста аязда тартылған сымға тұрып қалатын мұз қиыршықтары.( Д. Қылау)
- Күзде жанасқан заттарға ауадан бөлінетін су тамшылары. (Г. Шық)
- Бұлттан температура 0 градустан төмен болғанда түсетін жауын- шашын түрі. (А. қар)
- Қүзде, қыста ауа температурасы төмендеп кеткен кезде , заттарға тұрып қалатын кристалды мұз. (В.Қырау )
- Бұлттан сұйық күйінде түсетін жауын- шашын түрі.
Жауаптары: (Б. Жаңбыр)
Географиялық диктант (4 мин)
- Қазақстанда жауын – шашынның орташа жылдық мөлшері (130-1600 мм.) аралығында.
2. Жауын – шашынның ең көп түсетін жері…..(Батыс Алтай)
3. Арал теңізінің солтүстік шығысы мен….. (Балқаш көлінің батыс бөлігінде) жауын – шашын небәрі (100 мм.)
4. Республикалық жазық және аласа таулы бөлігінде жауын – шашын солтүстіктен оңтүстікке және шығысқа қарай…..(кемиді)
5. Солтүстік өңірлерде жылдық жауын – шашынның….. (70-80 % шілде айында), жылдың жылы мезгілінде түседі.
6. Республиканың солтүстігінде қардың қалындығы…(20-30 см.), ал оңтүстігінде…..(10-15 см.)
7. Жылдық жауын – шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын….. (ылғалдану коэффициенті) деп атайды.
8. Оңтүстікке қардың жату ұзақтығы….( 40-60 күн жатады), ал солтүстікте….
(125-165 күн жатады) күн.
9. Республиканың солтүстігінде қыста жылдық жауын – шашынының…, ал оңтүстігінде….. түседі.
10. Қарағанды қаласының ылғалдану коэффиценті…
ІҮ. Сабақты қорытындылау (3 мин)
- Өте биікте, жауын-шашын жаумайтын бұлт:
- A) Будақ (800-1000 м. нөсер жамбыр жауады)
- B) Қабат (2 км. одан ұзақ ақ жауын жабады)
- C) Шарбы (6 км. одан жауын –шашын болмайды)
- 2. Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы
А) Ауа температурасы.
В) Атмосфералық жауын-шашын.
С) Атмосфералық қысым.
- Атмосфераның төменгі қабаты
А) Тропосфера.
В) Стратосфера.
С) Мезосфера.
- 4. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температура арасындағы айырмашылық
А) Тәуліктік орташа температура.
В) Температураның тәуліктік амплитудасы.
С) Ауа-райыныз өзгерісі.
- Ауаның құрамындағы ең көп кездесетін газ:
- A) оттегі
- B) азот
- C) көмірқышқыл газ.
- Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы:
- A) Ылғадылық
- B) Конденсация
- C) Амплитуда
Ой-түйін: (2 мин)
– Сабақта не үйрендің ?
– Жауын- шашын туралы білу не үшін қажет?
– Бүгін, осы сабақта алған білімдерің өмірде қажет боларма екен?
– Және не білгің келеді?
- V. Бағалау. Үйге тапсырма – шығармашылық. Өзімізде кезедесетін жауын-шашын түрлерінің біріне төмендегі жоспар бойынша қысқаша шығарма жазу.
- Атауы?
2.Қалай пайда болады?
2.Табиғатта және адам өміріндегі маңызы неде?
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718