Б.Бұлқышев «Ана»

Джамбаулова Э.А.

Сабақтың мақсаты: 1) Баубек Бұлқышев туралы мағлұмат беріп, ана туралы

әңгіме жүргізе отырып, мәтіннің мазмұнын ашу.

2) Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту,

Шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік

қорын молайту

 3) Ананы құрметтеуге, аялауға, жалпы әйел затына

сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Түзету мақсаты:1) оқушыларға оқулықпен жұмыс жасатпас бұрын, көзге арналған

шынығу жаттығуларын жүргіздіріп, көру мүшесінің нерв

талшықтарының қызмет ету белсенділігін арттыруға ықпал ету.

2)« Анаға сыйлаймын» тақырыбында оқушылардың ұсақ қол

моторикасын шынықтырып, дамыту мақсатында сергіту сәтін

өткіздіру барысында, аналарына арнап, моншақ тізу, мозайкамен гүл

құрастыру, қуыршақты киіндіру сияқты жұмыс түрлерін жасату.

Көрнекілігі:бейнебаян, гүл шоғы, жұлдызшалар, смайликтер, мозайка, моншақтар;

              Сабақтың  жүру барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

Сәлеметсіз бе, алтын күн!

Сәлеметсіз бе, туған жер!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Сәлеметсіз бе, мұғалім!

ІІ. Үй тапсырмасын еске түсіру.

  1. Өткен сабақта қандай мәтінмен танысқан болатынбыз?
  2. Мәтін не туралы екен?
  3. Мәтіннің негізгі кейіперлері кімдер?
  4. Бақыт Темірге қандай ұсыныс айтты?
  5. Темір неге көнбедә деп ойлайсың?
  6. Бақыт пен Темірдә салыстыр.
  7. Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді?

Олай болса, өткенді пысықтай келе мына бейнебаянғакөңіл бөліп, жас шыбықтың қалай өсіп, дамитына назар аударайық. (шыбықтың өсіп-жетілуі)

Міне, үлкен күтім мен баптаудың арқасында шыбық осындай мәуелі байтерекке айналады екен деп әңгімемізді түйіндей келе, жұмбақтың жауабын  шешелік.

Жұмбақ шешу.

„ Бала, бала, бала! “ деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Бұл кім?             (Ана)

Ана туралы монолог

Бейнебаян  (Әйел – Ана туралы)

  1. Бейнебаяннан не ұқтық?
  2. Ана біз үшін кім?
  3. Ананың баласына деген махаббаты қандай?

Біз өзімізді жас шыбыққа теңейік, біздің түзу өсіп, жапырақ жайуымызға анамыздың еңбегі зор екен.

Біз байтеректі кімге балаймыз? (Анаға)

Ал, ананы неге теңейміз? (Күннің шуағына)

Ендеше,  анамызды  біз үшін қандай жан екендігін білдіретін нұрлы шапағын жайған күнге  айналдырайық (күннің нұры)

ІІІ.Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбын хабарлау.

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Б.Бұлқышевтың «Ана» әңгімесінен үзінді  болмақ.

  1. Б.Бұлқышев өз анасына деген нәзік сезімі мен сағынышын осы әңгімеде жеткізеді.

Олай болса Б.Бұлқышев кім екен, мына бейнежазбаға назар аударалық.(Б.Бұлқышевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде қысқаша түсінік)

Оқушылармен бірігіп, автордың бейнежазбасына талдау жасау.

  1. Ана туралы үзінді (бейнебаян)
  2. Автордың әңгімесіне талдау жасау.

Әңгімеде  ана туралы қандай толғаныс бар?

Сәби шырылдап, дүниеге келгенде ең бірінші іздейтіні кім екен?

Дүниедегі ең қымбат жан кім екен?

  1. Сергіту сәті

Оқушыларға әңгімені оқытпас бұрын көз бұлшық еттерін шынықтыру жатты.уларын жасату. Берілген нүктені көзімізбен жүргізу.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқыту.

Мәтінді талдау.  Мәтінді оқыған кезде автордың ішкі толғанысын, тебіренісін сезіндің бе?

Автор үшін қазақ әйелі кім екен?

Оның ойынша анаға деген махаббат қай кезде басталады екен?

Шығармашылық тапсырма.

Оқушыларға өз ойларынан ана туралы  төрт жол өлең, әңгіме жазуға немесе сурет салуға тапсырма беру.

ІҮ. Сабақты қорыту.

  1. Сергіту сәті «Анаға сыйлаймын» тақырыбында моншақ тізу, мозайкамен гүл құрастыру, қуыршақты киіндіру сияқты тапсырмаларды орындатып, аналарға тілек айта отырып сыйлаймыз.
  2. «Анаға тілек»оқушылар аналарына тілек жолдайды. Тақтада жүрекке тілек жазып, іледі.
  3. Олай болса, мереке қарсаңында келген қонақтарымызға қуаныш, шаттық сыйлай отырып, өз қолымызбен жасаған гүл шоқтарымызды табыс етелік. (конфетпен жасаған қызғалдақ гүлдерін тарату)
  4. Ән: «Ақ мамам!» оқушылармен көңілді ахуал тудыру үшін қонақтарға ән жолдау.
  5. Сабағымызды тәмәмдай келе, әрқайсыңыз аналарыңыз үшін жұлдыздай жарқырап, биікте көріне берсін деген тілекпен бәріңізге сабақтың өтуіне атсалысқандарың үшін жұлдызша сыйлап, бағалағым келеді.
  6. Үйге тапсырма. Әңгімені оқып, мазмұнын айту, ана туралы өлең жаттау.
  7. Сабақты аяқтау.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *