Телефонмен сөйлеудегі сөз әдебі, телефон және қалта телефонының пайдасы мен зияны
Жүндібай Ғалымжан Бейсенұлы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатқан игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты әртүрлі деректер материалдар, фактілер, статистикалық мәліметтерді саралау арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік: Екі жақты позицияда оқушылардың сөз жарасымдарына қатыстыру барысында олардың объективтілік, пікір алуындағы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, елжандылыққа, өз ойын еркін,мәдениетті, әдеби тілде жеткізе алуға, принципшілдік қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: Пікір таластыру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, т. б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Тарих, Физика
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі дебатқа қатысушылар!
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды. деп, Ыбырай атамыз айтқандай, бүгінгі дебатымыздың тақырыбы, «Телефонмен сөйлеудегі сөз әдебі, телефон және қалта телефонның пайдасы мен зияны» атты пікірталасымызға қош келдіңіздер.
Дебатымыздың сарапшыларымен таныс болайық:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Б. Биділлаева
Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары: А. Дүйсебаев
Директордың кәсіби бағдар жөніндегі орынбасары: Қ. Жүрсін
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ш. Бекназаров
Олай, болса ортаға дебатқа қатысушыларды шақырайық:
Қатысушылар:
«Парасат» тобы—————————-«Ақиқат» тобы
Жақтаушы—————————————Даттаушы
- Телефонның шығу тарихы (1 слайд)
- Ұялы телефонның шығу тарихы (2 слайд)
- Телефонмен сөйлесу әдебі (3 слайд)
- Телефонмен сөйлесудің 10 әдебі (4 слайд)
- Телефонмен қалай сыпайы сөйлесу керек (5 слайд)
- Ұялы телефонның зияны (6 слайд)
Әрбір спикердің сөйлеу тәртібі 5 минут
«Ақиқат» тобы
Мақсаты: барлық фактілік дәлелдерді ұсыну арқылы өз позициясына сәйкес конфликтілік жағдайын тудыру.
Міндеті: Әрбір спикердің сөйлеу уақытының шеңберден шықпауын, әдептілік этикасын сақтауын бақылауға алады.
«Парасат» тобы жақтаушы позицияны иеленді. Бұл бағыт бойынша телефон мен қалта телефонының қазіргі таңда, керек дүние екендігін растап, дәлелдейді.
Қысқаша топтық резюме:
Екі топта өздерінің ұстанған позицияларын айқын қорғап шығуға тиісті.
Даттаушы топ өздерінің фактілерін ұсына отырып, нақты бір проблеманы көтеру арқылы оның:
- Шығу себептерін;
- Зиянды жақтарын, туындау нәтижелерін айқын көрсетуге міндетті;
Жақтаушы топ әрбір спикерлері өздерінің алдында қорғап сөйлеп кеткен, әр спикер сөзінен кейін, ең әуелі оның кейісіне тойтарыс беріп, содан кейін өз дәйектемелерін ұсынуға міндетті.
Әрбір спикер 5 минут шегінде ой тарқатады, сөздерін түйіндейді.
Оқушыларды марапттау кезеңі
Ал, енді сарапшылардың ойын тыңдау үшін сөз сарапшыларға беріледі.
Қорытындылау
Бүгінгі пікірталасқа қатысушы оқушыларды ескерткіш сыйлықпен марапаттау.
Дебатты зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!