Эмоция және сезімдер

Избаева Назгүл Жиенбаевна

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік:білім алушыларға эмоция және сезімді негізгі қасиеттері,сонымен қатар эмоция мен сезімнің түрлері туралы  толық түсінік беру.

Б)дамытушылық: білім бере отырып, білім алушылардың эмоция мен сезім туралы түсініктерін кеңейтіп,эмоция мен сезімнің түрлері және қасиеттері туралы ой-өрістерін дамыту;

В)тәрбиелік: білім алушылардың жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты хабарлау

Сабақтың көрнекілігі: слайд,кестелер.

Сабаққа қолданылатын оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Пән аралық байланысы: психология, физиология, жас ерекшелік психологиясы.

Сабақтың барысы:

Сабақтың барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа сабақ жоспары

  1. Қорытынды
  2. Бағалау
  3. Үй тапсырмасын беру

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1)Білім алушылармен салемдесу

2)Білім алушыларды тізім бойынша түгелдеу

3) Сабақты бастамай тұрып«Салемдесу» жаттығуы  өткізіледі.

 ІІ.Жаңа сабақ жоспары:

Эмоция және сезімдер

1.Эмоция және сезімдер туралы түсінік.

2.Эмоция мен сезімдер мәселесіне теориялық жағынан шолу.

 

 

 

 

 

1.Эмоция және сезімдер туралы түсінік.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың адамның қажеттілігіне сәйкес

келу-келмеуі нәтижесінде пайда болатын психикалық процестердің түрін

эмоция мен сезім деп атаймыз.

Қажеттіліктердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда,

көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызады. Мысалы: шаттану,мұң,

үрей, қорқу, масаттану, өкіну, шошыну, іш пысу, зерігу, абыржу тағы

басқалары.Мысалы: Шөлдегенде ішкен 1 стакан су рахат сезімін тудырады.

Егер шөлдемеген адамға суды зорлап ішкізсеніз, онда наразылық сезімі

тудыруы мүмкін.

Біздің эмоцияларымыз сезімдеріміз бірнеше қызмет атқарады.

1) Ол реттегіштік қызмет атқарады. Ол көңіл-күй тұрақтылығы мен

мінез-құлығымызға бағыт беріп отырыды. Эмоцияның реттегіштік

механизмдері эмоциялық қозуды бәсеңдетеді. Мысалы: сағыныш, торығу,

қайғы адамның жан күйзелетін, олар тек психологияның күйініш туғызып ғанақоймай, жүйке ауруына душар етуі мүмкін. Сол сияқты қатты қуану, шаттану,бұлшық ет қимылдары, күлкі саз арқылы сыртқа шығып босаңсымаса қауіптіболады.Эмоция шегіне жеткен кезде оның күші көз жасы, бет, тыныс жолдарыбұлшық еттің жиырылуы тәрізді «залалсыз процестер арқылы әлсірейді».

2)Эмоция мен сезімнің қорғағыштық қызметі: адамда шынайы немесе

жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.

Қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады. «Қорықпайтын

адам – ақымақ» деп Б. Момышұлы бекер айтпаған.

3)Эмоция мен сезімдердің ынталандырушы қызметі. Адамның өз

бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға,

кедергілерді жеңуге бағытталатын рухани батылдықты туғызады.

4)Эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды

нысанға ықпал, әсер етуімен байланысты. Мысалы: адамдардың сөйлеуі,

айқайлауы, түртуі, басын изеуі, көзін қысуы. Мимика және пантомимика, денебұлшық еттерінің қимылы, иығын керуі, қолын сермеуі т.б.

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар ол:

Қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады. Мысалы: сүйсіну–сүйсінбеу, көңілдену-қожу, шаттық-уайым, осы сапалар екі полюске ажыраған, Біріне-біріқарама-қарсы мағынада қолданылады.

Екінші ерекшелігі олар актив (қажырлы) және пассив (солғын) болып

бөлінеді.Адамға күш беріп әрекетке ұмтылдыратын көтерінкі сезімдер мен

эмоцияларды стеникалық (қозуы күшті деген сөз), ал бұлардың баяу солғын

түрлерін астеникалық деп айтты (қозуы әлсіз). Біріншісіне жауапкершілік,

жолдастық, достық т.б. екіншісіне уайым, енжарлық, кӛнілсіздік т.б. сезімдер

жатады.

Эмоциялардың үшінші бір ерекшелігі жігерлену және кернеуден босану

немесе шешіну. Мысалы: студенттің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын

адамның мәреге жетуі, шешілу кезеңдері болып табылады. Мәреге тақағанда

адам барлық күш жігерін жұмсайды. Осы кез ӛткен соң басқа бір күйге түседі.Мұны кернеуден босану (шешіну сезімі) дейді.

  1. Эмоциямен сезімдер мәселесіне теориялық тұрғыдан шолу.

Адам өмірінде эмоциялар мен сезімдердің орны асамаңызды.Психологияда эмоцияларды өзгертуге, отбасында, өнерде, педагогтарда, клиника, шығармашылықта яғни, адамдардың барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді.Эмоцияның зерттелу тарихы У.Джемстің 1884 жылы жарияланған

«Эмоция деген не?» атты мақаласынан басталды.В.К.Вильнюс эмоцияларды

жеке процестер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретіндеөқарастырады. Эмоциялардың теориялық мәселеріне Л.С. Выготский көп көңіл бөлген. Ол эмоциялармен субъектінің сезімдік заттың іс-әрекетімен

байланысының ішкі психологиялық механизмі ретінде қарастырады. Олар

организмді белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара

қатынасын оятады және реттейді деді.А.Н.Леонтьев, Б.И.Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлықмотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарының пайда болуымен тығыз байланысты екенін көрсетеді.Я.Рейковский эмоциялар адамның әрекетін реттейді деп есептейді. Яғниэмоционалды процестердің дұрыс жүрмеуі психиканың ауытқуларыныңбастамасы болып табылады.

О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл эмоциялар реттейді деп есептеген.

Ол лабораториялық үлгілерде ойлау тапсырмаларын шешу барысында пайда

болатын эмоциялардың пайда болу жағдайы және қызметерін шешуді

ұсынған.Сонғы жылдардың эмоцияны әлеуметтік психологияның өкілдері

эмоцияларды вербалды емес қарым-қатынас рөлінде зерттеді.

Тұлға психологиясы эмоциялармен сезімдерді басқа мотивациялы

құрылымдарын байланысына алатын жолдарын көрсетіп, аффектімен

күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы білімдерімізді

толықтыра түседі. Сонымен бұл мәселе психологияда кеңінен жан-жақты

қаралып жатыр деуге болады. Бірақ қазіргі кезде біздің қоғамызда әлеуметтік,саяси және экономикалық, нарықтық жағдайларға байланысты эмоция менсезімдер мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде.

  1. Сезімнің түрлері.

Сезімдер: адамгершілік (моральдық), эстетикалық, интеллектуалдық

(танымдық) болып бӛлінеді.

Адамгершілік сезімдерге: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш,

жауапкершлік, ұят т.б. жатады. Ар намысты қорғау адамға аса жарасымды

сипатталады. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды әрі көздеген

мақсатына жетпей тынбайтын адамдар байқалады. Ар-ұятты қастерлеу,

намысқа тырысушылық екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның әр

адам психологиясына әсер етіп, терең із қалдыратыны сонша кісі кейде кірергежер таппай, кісі бетін қарай алмай, ұйқыдан, тамақтан қалатын болады. Абайұяттың 2 түрі бар деді. 1) надандықтан туатын, ұғымына ұялмас нәрседен ұялу.Бұл надандық, ынжықтық,қайрат жігердің осалдығы, білім мен тәжірибесініңсаяздығы. 2) дұрыс емес қылықтан ұялу.

Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір

сұлулықты сезіну. Бұл сұлу сымбатты, өмірге үйренуі, әдемі көріністерді

тамашалау, табиғаттағы, көркемөнердегі шынайы әсем нәрселерден ләззат алу.Эстетикалық сезім дене сұлулығын қабылдауда ғана тумайды. Моральдықсұлулықта та эстетикалық сезім тудырады. Өзінің мүддесін қоғам игілігі үшінтежеп ұстайтын жоғары моральды адамдарды көріп куә боламыз. Мұндай адамдар өзіне деген құрмет сезімін туғызады. Біз оларды «моральдық жағынанмұншама тамаша адам болады екен-ау» дейміз.

«Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу нәрсеге сүйініп керексіз нәрседен

жеркенуге, жақсылыққа ұмытылып, жауыздықтан тиылуына көп көмек

көрсетеді» деген болатын М. Жұмабаев.

Интеллектуалдық сезімдер адамның тану процесімен, адамдардың ақыл-

ой әрекетімен тығыз байланысты. Оған әуестік, білуге құмарлық, іздемпаз

танырқау, сенімдік, интуиция, ықтималдың жорамалдың, болжау т.б. сезімдеріжатады.Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарда, адамғазор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады.

4.Эмоцияның түрлері.

Эмоция күрделі және қарапайым болып бөлінеді. Эмоция адамның сыртқы

келбет әжімі, қимылы, даусы арқылы айқын көрініп тұрады. Енді қарапайым

эмоцияларға тоқталсақ. Олар: ашулану, қуану, ренжу, тобалау, қорқу жек көру

т.б. Мысалы: қуаныш үстінде адам өте жомарт, мырза болса, ал ашу үстінде

кісі қатал болып сараңдығы ұстауы мүмкін. Мысалы: бала қуанғаннан секіреді,

шапалақ ұрады, жер тепкілейді, қатты күледі. Мұндайда дауыс түрліше

құбылып, ұлғайып, бәсеңдеп, қатайып, жұмсарып отырыады. Бетпен бастағы

тамырлар қанға толып, адам қызарып көзіне жас пайда болады.

Қорқу эмоциясы қауіптің пайда болуымен туындайды. Олда адамның бет-

әлпетінен, қимыл-қозғалысынан жақсы байқалады. Мұндайда адамның көзімен аузы ашылып, қасы көтеріледі. Адам бір дегеннен не істерін білмей тұрыпқалады. Мықтап үрейлене қашып кетеді немесе қорғау әрекетіне көшеді. Қаттықорқан кезде адамның жүрегі қозғалғандай болып қалады. Жүрегі қатты соғыпденесін тер басып, шашы үрпиіп көтеріледі, беттің бұлшық еттері тартылып, дем алуы өзгереді. Даусы қарлығып кейде шықпай қалады.

Ашулану. Мұндайда адам қысылады, көзі жалт-жұлт етіп, дем алысы

жиілейді. Адамның танауы ербиіп, бұлшық еттері қатайып жауына немесе жек

көретін затына тап беруге дайын тұрады. Еркін, қатты қысып, тісін тістеп,

касын керіп, қабағынан қар жауғандай болады. Ашулану барлық адамдарда

бірдей болмайды. Оның күшті және әлсіз болуы мінезіне, тәлім-тәрбиесіне

байланысты. Ашу қысып әсіресе оның, соңғы қуаттырақ кезеңі болғанда адам

өз мінез-құлқын бақылауды жоғалтып алады. Бұны кезінде Рим ақыны Гораций айтқандай: «қызба ашу өте шығатын ақылсыздық». Ашуды бастапқыда тоқтатукерек,сол себепті ашулы күйге келгенін сезінген адам өзін-өзі: өзін ақылмен алып жүру, өз сезіміне ие болу, жүгенсіз эмоцияға берілмеу деген сияқтыбұйрық беруі тиіс. Біздіңше бұның басқа жолын, «Гуливердің басынанкешкендері атты кітаптың» авторы Джонатон Свифтің пікірін басшылыққа алутиімдірек сияқты: «Ашуға берілу көбінесе басқаның кінәсі үшін өзіңді-өзің жазалаумен бірдей». Өте дәл айтылған!

Табалау ыза мен қуаныштың қосынды түрі. Бұл біреуді мұқату, әшкерелеу.

Ол адамға жаман сезім туғызады. Оны ызаландырып мұқатумен бірге ырза бір,кекесінмен күліп келемеждейді.Қызғаншақтық та жағымсыз эмоциялардың бір түрі. Кейде, адамдартуралы: қызғаншақ екен, басқаның жолы болып, бақытқа ие болғанда, ол қаттыкүйзеледі деді. Бұндай күйзеліс жағдайында Монтеськенің ескертуі орынды: «қызғаншақ өзіне-өзі жау, өйткені ол өзі тудырған жауыздықтан сорлайды». Кім өзін-өзі қызғаншақпын деп ойлайды ғой дейсіз.Айқын түрде білінбесе деқызғаншақтық кең тараған. Мысалы: сәнге ден қойған адам менде анау, не мынау жоқ, немесе өз ойынша өзінен қабілеттсіз әрі абыройы төмен адам ана немына қызметте отыр деген күйзеліске ұшырайды.Соншалықты ыңғайсыз сезім.Бұл тек қызғаншақтық және еліктеуге ұмтылыс екенін біліп жеке басыныңерекшелігін жоғалтқанын сезіне отырып ыңғайсыз эмоциядан арылуға болады.

Күрделі эмоциялар. Аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, көніл күй

жатады. Аффект латынша аффектус, қазақша аффект дегеніміз қысқа уақытқа созылзса да бұлқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффект кейде адамныңбүкіл психологиялық кейпін бұзып, ерік күшін әлсіреу жағдацйда өтеді.(Мысалы: зәре ұшу, қорқу, долылық, жан түршігу, кенеттен торығу, қамығут.б.). Аффект кезінде адамның есі шығып кетпейді. Дені сау адамдарда болатынаффект адамдардың жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік жігері күшті адам, мұндайұшқалақты лепірмелікке бармйды. Дені сау адамның аффектісінен психикасыауруға шалдыққан ауру адамның аффектісінен (патологиялық аффект) ажыратуқажет. Мұндай аффектер ми қабығымен қабық асты орталықтарының байланысбұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушімен рөлі кемігендіктен

болады

Стресс. Бұл ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағынаныбілдіреді. Стресс ұғымын канада ғалымы Гансон Селье (1936) өмірге енгізген.Психологияда стресс мәселесін зерттеп түсінік берген ғалым Р. Лазарус болды.Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамдарда көбінесе қолайсыз эмоциялартуғызады. Кісі ұдайы қиналатын болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді.

Адамдардың осылайша шамадан тыс зорлануын стресс деп атайды.

Г.Селье стресс жағдайының дамуын 3 кезеңге бөлген:

1) Организмнің мазасыздануы.

2) Организмнің күшті тітіркендіргіштерімен айқаса күш салу.

3) Адам сыртан келетін нәрсеге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда

титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндай қолайсыз әсер нерв жүйесінің

жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы

ортамен байланысының үнемі қадағалап реттеп отыру қажет.Стресс кезіде

зейінді аудару қиынға соғып, яғни қабылдау, ес, ойлау қажеттіліктері болады.

өте күшті тітіркендіргіштер (Мысалы: қарулы қылмыскердің шабуыл жасауы,ситуация бойынша шешімді тез, дұрыс қабылдауда қателіктер жіберіп, адамныңпульсі қатты соғып, қанға адреналинің жұмысы төмендеп, адам дұрыс шешімқабылдай алмайды. Стресс адамның өмірі үшін қауіпті, бірақ та ол адамғақажетті. Стресс арқылы тұлғаның үлкен ситуацияларға бейімделу мүмкіндігіпайда болады.

Фрустрация. (латын сөзі – жоспардың бұзылуы) тұрақты жағымсыз

эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағаттанбаушылық яғни,

тұлғаның алға қойған мақсаты мен стратегиялық жоспарларының бұзылуы

фрустрация туғызады.Тілек мақсаттың жүзеге аспауының бәрі бірдей фрустрация туғызабермейді. Адам қанағаттанбау, реніш сезімін жиі бастан кешіреді. Мысалы:сабақтан кешігу, автобусқа үлгермеу, таңғы асты ішіп үлгермеу т.б бұлардыңбарі бірдей фрустрация туғыза бермейді. Фрустрация қанағаттанбаушылық дәрежесі адамның төзімін тауысарлықтай болған жағдайда көрініс береді. Фустрацияға көбінесе эмоцияға берілген, қызба, өмір тартысында шынықпағансәтсіздікпен қиындыққа даярлығы жоқ адамдар ұшырайды.

Құмарлық. Бұл күшті қажырлы эмоция. Құмарлық туралы Вольтер былай

айтқан: «Құмарлық – кеме желкен кернейтін жел, ол кейде кемені суға

батырады, бірақ онсыз кеме жүзе алмас еді».Құмарлықтың жағымды және жағымсыз түрі болады. Жағымды түріне білім алуға, өнерді үйренуге, спортқа т.б. құмарлық, ал жағымсыз түріне: малға,ақшаға, атаққа байлыққа және құмар ойындарға, нашақорлыққа, ішімдіккеқұмарлықтар жатады. Егер, адам өзін-өзі билей алатын күш-қуат тауып,жағымсыз құмарлықтарын қоймаса, оның денсаулығы нашарлап, тіпті өлімгежеткізуі мүмкін. Құмарлықты сана-сезімен басқарудың рөлін французфилософы әрі ағартушысы Ж.Ж.Руссо айрықша бағалайды. Оның пікірінше:«басқара білгенде барлық құмарлық жақсы, ал оған бағынышты болғанда

барлығы да жаман.»Құмарлық туралы Флаубер былаша тұжырымдайды: «Құмарлыққа қарсыайтудың не қажеті бар? Ол ерліктің, поэзияның, музыканың, өнердің, қысқасы

барлығының қайнар көзі емес пе? Ал құмарлық туралы біршама сөз, бірақ

барынша әділ айтқан Анатоль Фронс болды. «Құмарлық- тыныштықтың жауы, бірақ онсыз тіршілікте, не өнер, не ғылым болмаған еді.

Әрине құмарлықта сана-сезімнің белгілібір бақылауында болуы тиіс.

Әйтпесе, мағынасыз бір нәрсеге құмарлық сәтінде әрект ету – дауыл кезінде

теңізге жүзу дегендей,тӛтенше ескерту дұрыс болып шыға келеді. Бұл жерде

тежелмеген құмарлық жӛнінде айтылып отыр.

Көңіл күй. Кейіпіне қарап адамды шат, жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын,

не көңіліне кірбің кірген, ызалы, түсі суық деп ажыратылыды. Адамның

көніліне айнала қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы

жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса,

көніліде көтеріңкі болады. Көнілге адамның денсаулық жағдайы, нерв

жүйелердің ерекшеліктері де әсер етеді. Мысалы: Адамның көптен ойлап

жүрген ісі оңға басса немесе бір нәрсеге қолы жетсе (диплом алу, диссертацияқорғау т.б) шат-шадыман күйге түседі. Керісінше ол ылғы сәтсіздікке ұшырай берсе, өздеген мақсатына жете алмаса, жанына қояр жер таба алмай қиналады.Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтанда «көңілсізден күлкі шықпас, адам көнілден азады»-, деген мақалдар тегіннен-тегінайтылмаған. Ерік жігері, күшті рухани өміріміздің мазмұны адамдар, тіптіауыр жағдайда көнілді жүреді. Оптимстік жарқын болашаққа сену,қиыншылыққа мойымау, ерік-жігері күшті, қажырлы адамның басты қасиеті.

 

Сергіту сәті

 

Дәптермен жұмыс

Негізгі ұғымдармен жұмыс

 

ІІІ.Жаңа сабақты бекіту:

  1. Эмоция мен сезімнің жалпы сипаттамасы қандай?
  2. Күрделі эмоциялардың қандай түрлерін білесіз?
  3. Адам эмоциясының жануарлар эмоциясынан айырмашылығы қандай?
  4. Стресс, аффеккт дегеніміз не?
  5. Қарапайым эмоцияларға нелер жатады?

 

Жаңа сабақты қорыту

Презентация арқылы жүзеге асырылады

 

VІ. Үй тапсырмасын беру:

  1. Эмоция мен сезім туралы толык материялдар жинау және конспекты жазу.
  2. Эмоция мен сезім туралы кесте жасау.
  3. Қосымша материалдар тауып келу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Енекеев М.И. Основы общей и юридической психологии, М., 1996., 161-185б.
  2. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том, –

490с.

  1. Жарықбаев.Қ Психология негіздері, Алматы 2005ж, 293-302б.
  2. Тәжібаев.Т Жалпы психология, Алматы, «Қазақ университеті», 1993ж., 212-

217б.

  1. Намазбаева.Ж.М. Психология ,Алматы 2005ж., 227-240б.
  2. Рувинский Л.И., С.И. Хохлов, Ерік пен мінез қалай тәрбиелеу керек, Алматы

, «Мектеп» , 1989ж., 139-141б.__

 

V.Бағалау.Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау арқылы бағалау

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *