Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны

Әбдіхан Айдана Полатханқызы

Сабақтың тақырыбы: Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны.

Сабақтың мақсаты: 

– білім алушылардыңсынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны, сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының формалары мен әдістері, сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмыс істеудің маңыздылығы туралы білімдерін толықтыру, маңызын, мақсатын, міндеттерін білуге үйрету.

–  білім алушыларға  шығармашылық тапсырмалар бере отырып, білім алушылардың ой-өрісін танымдық қабілеттерін жетілдіріп, педагогикалық талдау қабілетін дамыту

– сабақтың кәсіби бағыттылығын қамтамасыз ету арқылы болашақ мамандықтарына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ-жауап, әңгімелеу, миға шабуыл, талдау

Басқа пәндермен байланысы:педагогика, жеке пәндер әдістемесі, психология

Сабақтың көрнекіліктері: сызбалар, үлестірмелі карталар, слайд

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А)  Амандасу рәсімі

Б)  Сабақтың мақсатымен таныстыру, білім алушылардың зейінін сабаққа аудару

В) Топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптасытру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  • С.Ш. Әбенбаев «Тәрбие теориясы мен әдістемесі». Сынып сағатын ұйымдастыру жолдары және оған қойылатын талаптар тақырыбына тірек конспектісін дайындау
  • Слайд, кластер, тест жұмыстарын жасау

ІІІ. Жаңа сабақ бойынша жоспар

  1. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны
  2. Сынып жетекшісінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының формалары мен әдістері
  3. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмыс істеудің маңыздылығы

ІV . Практикалық тапсырма

 

Ұсынылған тәрбие жоспарына қарап, бір айда жоспарланған тақырып бойынша тәрбиелік шараның жоспарын құрыңыз.

Үлгісі:

Қыркүйек – «Еңбек пен білім айы».

Қазан – «Сені қызықтыратын әлемге саяхат».

Қараша – «Туған өлкемнің тарихы».

Желтоқсан – «Менің Қазақстаным».

Қаңтар – «Шығармашылық айлығы».

Ақпан – «Спорт айлығы».

Наурыз – «Мерекелі, берекелі ай».

Сәуір – «Нарық еліне саяхат» ойыны.

Мамыр – «Мектеппен қоштасу айы».

  1. Бекіту

Жазбаша дөңгелек үстел немесе Раундробин әдісі

Студенттер тақырып бойынша  парақтарына өз ойлары мен идеяларын белгіленген уақыт көлемінде жазып, уақыт аяқталған соң жанындағы көршілеріне береді. Көршілері алдыңғы жолдасының жазғанымен танысып, сол ойларды ары қарай жалғастырады, Соңындағы студент бәрінің жазғанын оқып, тақырып бойынша тұжырым шығарады

VІ. Білім алушыларды бағалау

Білім алушылардың білімі мен сабақтағы белсенділіктеріне қарай бағалау

VІІ. Үйге тапсырма

  1. Тақырып бойынша тірек конспектісін дайындау
  2. Ата аналар жиналысының хаттамасын толтыру

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *