Білім берудің инновациялық даму жолдары: кәсіби мамандар даярлаудағы жаңа мүмкіндіктері
Нурбаева Алтынай Алдаберлиевна
Адам баласын еңбекке, кәсіпке үйрету және оның еңбегін өнімді ,жемісті ету адамзат тарихымен бірге жасасып келе жатқан тәрбиенің нысанасы. Бүгінгі адамзат ие болып , мақтаныш тұтып отырған мамандықтың бәрі, бірін-бірі ауыстырып келе жатқан ұрпақтар жасаған. Сондықтан еңбекке жарамды әрбір адам өзінің өмірімен қызметіне, қоғамның әл-ауқатын арттыруға қажетті мамандықты игеруге тиісті. Бұл орайда қоғам дамуының әр кезеңдегі тиімді тәжірибеден үйреніп, оны дамыта беру керек. Жастар елдің ертеңі, сондықтан Елбасымыз бен Үкімет үнемі жастардың сапалы, нағыз әлемдік деңгейдегі білім алуына, алған білімдерін еліміздің экономикасының дамуына жұмсауын жүктеп отыр. Қоғамда күнделікті күрделі өзгерістер болып жатыр, нарықтық экономиканың дамуы, өндіріс орындарының қайта жарақтануы бәрімізге аян.
-Біз өз алдымызға болашақта әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру міндетін қойып отырмыз. Біз сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын дүзеге асырудамыз. Осы міндеттерді орындау білім берумен, ғылыммен және кадрлар даярлаумен тығыз байланысты – деді Н. Назарбаев. Кәсіптік білім жүйесінің жаңа құрылымы мен оқу әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгеруі мұғалімдерден, өндірістік оқу шеберлерінен кәсіби шеберліктерін жаңартуды, шыңдауды талап етеді. Қазір Республикамыздыдағы оқу орындары педагогикалық инновацияны қолданып жүр. Осыған байланысты әрбір мұғалім, өндірістік оқу шебері өзінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша сабақ жүргізуіне болады. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен нақты әлеуметтік жағдайларда дамитын оқушының талғам- тірегіне, оның табиғи биология-генетикалық негіздерін, қаблетін, денсаулығы-мен микрологиялық ерекшеліктерін барынша ескере отырып қолдану қажет. Өйткені бүгінгі таңда білім беруді озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты маман болу мүмкін емес.
Қазір педагогика ұғымында жаңа ұғымдар көп. Солардың бірі «инновация» ұғымы. Оны жете түсініп, инновациялық әдіс тәсілдерді оқу үрдісіне енгізу-оқушының сапалы да саналы білім алуының бірден-бір шарты. Осы жаңару, жаңалықтармен өзгерістерді оқуға енгізу, оқыту технологиясын жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында мұғалім, өндірістік оқу шебері аянбай ізденім-паздықпен еңбек ету керек. Білім мазмұнын жаңартуда жеке тұлғаны іс әрекет ете білуге үйрету мақсаты басшылыққа алынуы тиіс. Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына, қалаған мамндығын жоғары дәрежеде игеруіне жағдай жасау үшін білім беру үрдісін жаңашыл идеялар жүйесіне айналдыру қажеттігі туындап отыр. Мұның өзі жалпыдан жекеге, яғни жеке тұлғаны дамытудың әдіс-тәсілдерін жаңалауды, білім беруде даралап оқытуды іс жүзінде жүзеге асыруды ұсынады. Даралап оқытуды жүзеге асыруда оқушы бойындағы қандай ерекшеліктерді ескеру керек. Оқушының танымдық және практикалық іс-әрекеті барысында төмендегідей дербес психологиялық ерекшеліктері әсер етеді:
– білімі мен іскерліктерінің деңгейі (толықтығы, тереңдігі, әрекеттігі, жүйелігі, беріктігі);
– оқуға қабілетілігі (белгілі бір оқу әрекетімен ұзақ уақыт айналу мүмкіндігі);
– белсенділігі мен танымдық ізденімпаздық деңгейі:
– меңгеру жылдамдығы (жылдам, орташа, баяу);
– оқуға деген қарым-қатынасы:
– ерік күшінің деңгейі (жоғары, орташа, төмен).
Осы және таға басқада ішкі және сыртқы факторлар оқыту үрдісіне белгілі бір дәрежеде өз әсерін тигізеді. Оқытудың инновациялық тәсілдері көп. Олар : дара оқыту, ұжымдық оқыту, модульдік технология, өз бетімен білім алу, тест-сынақ әдістемесі, дистанциялық оқыту, оқытудың дуалдық жүйесі т.б. Өндіріс-тік оқу шеберлері өндірістік оқу сабағын жүргізгенде даралап, топтап, дуалдық жүйесі. Оқыту процесі үнемі елдің экономикалық дамуымен тікелей байланыс-ты. Орта және шағын бизнес түрлерінің, өндіріс кооперативтерінің, жауапкер-шілігі шектеулі серіктестіктердің дамуы осы саладағы мамандарға деген қажет-тілікті туындатты, мұнда бірінші кезекте мамандарға қойылатын талап-тарда кәсіби сапасы, жұмыс істеу қабілеті, іскерлігі, біліктілігі ескеріледі. Кәсіби ма-мандар даярлау – жаңа көзқараспен, еңбек ету – білім мен біліктіліктің сұраны-сына сәйкес болу керек.
Техникалық кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және жоғары оқу орындары болашақ мамандарды даярлауда өндірістік оқу процесін өндіріспен байланыс-тырып дуалды оқыту жүйесін қолданып келеді. бұл жүйе дүниетанымы кең, өз бетінше ізденімпаз, қажет болған жағдайда жаңа білім және орындаушылық пен дағдыны тез меңгеретін және өзіндік үйренуге ұмтылатын жұмысшы маман дайындаудың алғы шарты. Оқу орындарымен өндірістік кәсіпорындарының байланысынсыз білікті мамандар даярлау мүмкін емес. Серіктестік ұйымдармен байланысты нығайту үшін оқытылып жатқан мамандықтар бойынша өндіріс ошақтарының жоғарғы санатты мамандарымен Жалағаш инлустриалды аграр-лық колледжінде кездесулер өткізіп тұрамыз. Мұндай кездесулерден мамандар оқушыларға өндірістік кәсіпорындар бойынша ақпараттар беріп, жас мамандар-ға қойылатын талаптармен таныстырады. Серіктестер ұйымдармен оқушы-ларды дуалды жүйе бойынша оқыту, кәсіби тәжірибеден өту кезендермен, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасуды оңтайлы шешіп отыру мақса-тында колледж арасында тығыз байланыс орнатылған. Осы орайда Мемлекет тарапынан жастарды қолдауға байланысты түрлі бағдарламалар қабылданып іске асырылуда. Мысалы, «Жол картасы», «Дипломмен – ауылға», «Жұмыспен қамту-2020». Оқушыларды оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа қабылдауда «Бұқарбай батыр» ауылынан «Байтабын» ЖШС, «КРЭК» АҚ Жалағаш филиа-лы, «Достар», «Айгерім» тамақтану мекемелері т.б. жақсы көмек көрсетіп келеді. Отанымыздың бастауыш және орта білім беру ісі соңғы жылдары жаң-данып келе жатыр деуге негіз бар. Осыдан біраз уақыт бұрын мыңдаған жастар-ды кәсіптік білімге әзірлеп келген бұл саланың құлдырап кеткені жасырын емес. Шағын және орта бизнеске жол ашылғаннан кейін орта білімді кадрларға сұраныс көбейе бастады. Мұны дер кезінде аңғарған Үкімет отанымыздағы бастауыш және орта кәсіптік білімді өмір талабына сай дамыту жөнінде арнайы қауыл қабылдады. Бұл жастардың келешегіне жасалған үлкен қамқорлықтың бір парасы болды десек еш артықшылығы жоқ. «Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, жұмыс берушілер және аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасымен үш жақты келісім шартқа отырып жұмысшы кадрларға сұранысты анықтау мақсатында сауалнама жүргізуге дәстүрге айналдырып алдағы жылдарға қажетті мамндықтарға сұранысты анықтау жұмысын үнемі назарда ұстап отырады. Қазір жұмыс орындарында дәнекерлеуші, бульдозерист, электрик, аспаз,даяшы, бармен сияқты жұмысшы мамндықтар қатты сұраныста. Жастар және ата-аналар жұмысшы мамандығың сұранысқа ие екенің біртіндеп түсініп келе жатыр.
Оқушыларға сапалы білім беруде сабақты өткізу әдісінің неше түрін пайдалануға болады. Әдісті меңгеру жеткіліксіз, оны түрлендіру, жетілдіру, қайткенде баланың ойына, сезіміне ендіруді мақсат ету керек. Жаңа технология, инновация деген ұғым педагогикаға 1994 жылы енді. Модулдік технология бойынша бала өзі ізденіп оқу керек. Ғалымдар баланың білімі әр он жыл сайын төмеңдеп келе жатқанын байқаған. Себебі неде? Бала көркем әдебиет оқымайды екен. Оқытудың тағы бір жаңа жүйесі – оқытудың модулдік – рейтингілік жүйесі. Модуль дегеніміз бір-біріне тығыз байланысты ірі блоктар, бағдарламадағы тақырыптар. Алғаш рет модулдік оқыту 60-ші жылдардың сонында ағылшын тілді елдерде пайда болды. Блоктап модульді оқыту барысында оқушы бойында бұрыннан қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерімен жаңа іс-әрекет тәсілдерін өзара жинақтау нәтижесінде шығармашылық іс-әрекет қалыптасады. Бұл модульді жүйемен оқытудың тиімді жолдары бар.
1.Тақырып ішіндегі оқу материалдарының дұрыс және жүйелі бөлінуі.
2.Білім алу тәсілдерін үздіксіз және жүйелі үйрету.
3.Оқу материалдарының игерілуі сапасының терендігін бірнеше рет бақылау негіздеу.
Оқу сапасын арттырудың бір тиімді тест жүйесін пайдалану. Тест бақылау жүйесі – оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекетін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді.Осыларға қоса оқушыларға қоса алған олқылықтарын анықтайды, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Оқушының білімі жаңа технология бойынша рейтинг бойынша бағаланады. Білім берудің маңызды шартты оқу процесінде оқушылардың қызығуын арттыру, өздігінен білім алуы, құштарлығын дамыту. Оқушылардың танымдық қызметін активтендірудің білім сапасын арттырудағы маңызы зор.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы», «Қазақстан – 2050», «Бір мақсат, бір мүдде,бір болашақ!» Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Осы жолдағы басым бағыттардың бірі сапалы бірегей білім беру жүйесі бар ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс, педагогтан ақпаратты коммуникативтіқұзіреттілігін арттыруын талап етеді, осы тұжырым бағдарламаны негізгі ала отырып, кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыруда педагог құзіреттілігі, студенттен кәсіби құзыретті маман қалыптастыруды бәсекеге қабілетті, білімді, азаматтар тәрбиелеуді жүктейді.
Қазіргі заманғы ңылыми-техникалық үдерістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы – өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру міндетті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оны заман талабына сай мән-маңызын түсінуі хақ. Сондықтан, жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс-тәсілдердің тың, міндң, әрі сапалы болуы талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, педагогтыңжылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибесін жаңа ақпараттық технологияға ұштастыруын қажетті санайды.
Осы даму қарқынына сай білім беружүйесіне жаңа талаптар қойылатын аңық. Бұл талаптарға сай болу үшін білім беру жүйесінің өзі де инновациялық тәсілдерді жетік меңгеріп, инновациялық даму жолына түсуі тиіс.
Кәсіби маман даәындауңа ең күш салатын әрине, білікті оқытушылар. Олардың біліктілігін арттыру мақсатында шаралар жасалуда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің және облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мырзаның қолдауларыменалыс және жақын шет елдегі кәсіби мамандар дайындайтын оқу орындарына келісім шарт арқылы бірнеше қазақстандық
Колледж оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлері білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмастырып келді. Түркия, Франция, Германия, Белоруссия елдерінде білімдерін жетілдіріп келді. Сондықтан да алға қойылған мақсаттарға жету үшін білім беру жүйесінжоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуден бастау керек.ТЖҚБ сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқытушылармен айқындалады.
Болашақтың бәсекесіне қабілетті ХХІ ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз – ізденпаз, ғалым, психолог, тынымсыз еңбекқор, ортаның ұйытқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, патриот болғанда ған қоғамның мықты да, білікті, жоғары мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары, жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелейтінімізге нық сенімен айта аламын.