Кітапхана – рухани жаңғырудағы басты құндылығымыз
Абуева Нұржамал Серикбаевна
Кітапқа әсте қастерлі деп қараймын
Кітап көзі, ақыл-ойдың, арайдың,
Болмаса егер ішінде бір кітабы,
Құны қанша алтындаған сарайдың?
Шынында да кітап пен кітапхана болмаса, адамдар рухани білімін үнемі жетілдіріп отырмаса, адамзаттың жаппай сауатсыздануы басталған болар еді.Кітап-хана – мәңгілік парасаттың ең білік, еңкиелі ғимараты болса, кітапханашы – сол рухани қазынаның шырақшысы әрі ақыл-ой әлеміне жол сілтеуші.
XXI – ғасыр мәдениет, ақпарат ғасыры екені қазір әлемдегі адамзатқа белгілі және оны мойындауда. Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдени-еттің алар орны ерекше, сол рухани мәдени тынысымыздың ордасы кітапха-на. Кітапханада ғылым мен білім жинақталған зор рухани әлеуметтік күш бар. «Кітап білім бұлағы – білім – өмір шырағы» деген сөз тегіннен тегін ай-тылмаған. Бүгінгі күні көңілі ояу, көзі ашық сауатты оқырман кітаптан өзіне қажетті рухани нәр алады. Адамға жарық сәуле сыйлап, білім көкжиегін кеңітетін орта, көптің ойын байытып, сауатын молайтып білім нәрінен су-сындатар орда – кітапхана болып саналады.
Ежелден кітапхананың қоғамдағы маңызы мен атқаратын рөлі жоғары екені белгілі. Тіпті, ұлы шайқастардың өзінде білім қазынасы жиналған ошақты жауынгерлерден сақтап қалуға тырысқан. Оған дәлел ретінде сан жүз жылдар бойы әлемдегі ең бай кітапхана болып келген Отырар кітапханасын келтіруге болады. Шыңғыс ханның 150 мың әскеріне 5 ай бойы қарсы шайқасқан Отырар халқы көптеген кітаптарды үңгірге тыққандары тарихтан белгілі. Бұл дегеніміз, ата-бабаларымыздың өз өмірлеріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан кітаптарды аман алып қалуға тырысқандары үлкен мақтаныш.
Кітапхана қашанда қасиетті шаңырақ.Ежелде өмір сүрген ғұлама ғалымдардың кітапханаға деген шексіз махаббаты бүгінгі ұрпақты таңдандырмай қоймайды. Мысалы, бұрынырақта өмір сүрген ғұлама ғалым, ойшыл, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің Бағдад қаласына баруына бірден-бір себеп онда орналасқан бай кітапханаға деген қызығушылық әсер еткен көрінеді. Демек, білім-ғылым жолын қуған жандар қаланың кітапханасында назардан тыс қалдырмаған. Ал, бұл күнде, ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған заманда халықтың кітапханаға бару ықыластарын бұрынғымен салыстыруға келмейтін сияқты. Кітапхана орнын интернет, ал кітапты компьютер алмастырып отыр. Қазақтың белгілі орыс тілді қазақ ақыны Олжас Сүлейменов айтқандай «Оқырман қауымының басым бөлігі тыңдарман мен көрерменге айналып кетті». Дегенмен, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Әрине, кітапханадан ләззат алып табалдырығын тоздырып жүрген жандар жоқ демейміз, баршылық.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында руханият пен сана мәселесіне басты назар аударған.Сондықтан да сананың жаңғыру кітап пен ұлт деген маңызды сана мен ой, даму мен өсу, өркениет өріне қадам жасау деген түсініктер қажет екенін ұққанда ғана үлкен дәрежеге жете аламыз.Мектеп, даналық сарайындағы кітапханашылар негізгі тетік болып табылады.Олар жас өркенге тыныс сыйлайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кітап жайында: «Кітап – ең сабырлы ұстаз.Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді» деген болатын. Сондықтан да жастардың кітапты аялап, құрметтеп, кітапқа адал болуға шақырады Елбасы. Классик жазушы Максим Горький де өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын деп өтті. Кітап біздің ең сенімді досымыз. Одан бар сырымыз бен сұрағымызға жауапты таба аламыз. Сондықтан да кітапханаға барып немесе өзіміз кітап атаулыға жақын болып жүргеніміз жақсы болары сөзсіз!
Кітапхана саласы – адамзат санасының даму тарихын хаттап келе жатқан киелі бір ғылым десек те болады. Ал кітапханашылар – адамзаттың ақыл қазынасының шырақшысы. Ендеше, кітап пен кітапханашы, кітапханашы мен автор, автор мен оқырман, оқырман мен кітап, кітап пен кітапхана, міне , бұлар бір-бірінен ажырамас ұлы ұғым.Кітапхана – адамзат ақылының киелі мекені, ғасырлар бойы боз жусандай бұрқыраған далалық пәлсапаның қағазға түсіп қатталып сақталған қасиетті орны, жан әлемін жақсылыққа жетелеген даналық дарбазасы.Бұрын да солай еді, қазір де солай.Аз ғана жалақыға еңбек етіп жүрсе де,алдына келген оқырманның талап-тілегін екі етпей орындап,жымиып қарсы алып, ілтипатпен шығарып салатын кітапханашыларға алғыстан басқа не айтамыз.
Әрине ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өзгерістер орын алуда, бұл заман талабы. Еліміз халықаралық білім стандарттарына,әлемдік білім кеңістігіне ұмтылып отырған қазіргі таңда кітапханашыға қойылар талап та жоғары.Ал,кітапханашыға келсек, бұл міндетті өзінің кәсібін, кітапты шексіз сүйетін жандар ғана атқара алады деп сеніммен айта аламын.Бүгінгінің кітапханашысы әмбебеп,жан-жақты кітапхананың электронды жүйесі мен дәстүрлі жұмыс жүйесін тең меңгерген.Сондықтан да халықаралық ақпарат әлеміндегі жаңалықтарды дер кезінде мұғалімдер мен оқушыларға жеткізіп отыру кітапханашының басты міндеттерінің бірі. Жас жеткіншектердіңөскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы қабілетін, ой өрісін дамытуда, жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыруда кітапхананың алатын орны ерекше.
Кейбір кітапханаларда кітапхананың даму барысы төменгі сатыда тұр.Кейбір ауылдағы кітапханаларда компьютердің, интернеттің жоқтығы да жасырын емес.Мектеп кітапханаларын балаларға арналған көркем әде-биеттермен жабдықтау жұмыстары да өте төмен.Сондай жағдайға қара-мастан мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып,мектептіңөркендеуімен қалыптасуы,оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беріп келеді.Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхана-ның орны ерекше.
Бүгінгі заманның кітапханашысы өз кәсіби міндетін жетік білумен шектелмей, заманауи технологияларды да өз жұмысында қолдана білетін, мемлекеттік тілмен қатар орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген, ақпараттық сауаты мол білікті маман болуы тиіс. Кітапханалар пайдаланушыларға жаңа дәуірде жаңа дәстүрде қызмет етіп, өздерінің жұмыс процестеріне жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен ендіруде, бұл кітапхана мамандарынан шеберлікті, жаңаша білімді, біліктілікті талап етеді.
Кітапхана – ғылым мен білімді, көркем ой құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа тарататын киелі шаңырақ. Шаңырақтың иелері – парасатты кітапханашылар.
Жамбыл облысы,Қордай ауданы,Қордай ауылы.
Балжан Бөлтірікова атындағы №4 орта мектебінің
кітапхана меңгерушісі Абуева Нұржамал Серикбаевна