Жаңаша бағалау үдерісі – оқу сапасының өлшемі

Турарбекова Айнур Аширхановна

Аннотация

Мақалада   оқу мен оқытуда бағалаудың жаңа үлгісі критериалды бағалау жүйесі жайлы мазмұндалған. Жаңаша бағалау оқушылардың білім сапасын өсіруде басты бағыт екенін айқындайды

В этой статье   изложены новые подходы в системе оценивания : критериальное оценивание  в обучении и оценивание для обучения . Новые подходы в оценивании учащихся –  главное направление в повышении качества образования

In this article new methods and approaches of criterial assessment are used. New methods of criterial assessment improves the quality of knowledge  in the educational system.

 

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында деп елбасымыз айтқандай, бүгінгі жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру мына біз, ұстаздардың міндеті. Қазіргі таңда сапалы білім беруде қолданылатын негізгі тәсілдердің бірі- сындарлы оқыту. Ал Кембридж бағдарламасының басым бөлігі осы сындарлы оқыту теориясына негізделген. Джон Хетти :«орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы  оқыту тәсілі кең тараған»деп  айтқандай сындарлы оқытуда оқушы өзінің пәнді терең түсіну қабілетін дамытып, алған білімдерін кез-келген ортада тиімді пайдалана алуына қамтамасыз етеді.

Барри Купер мен Мэйрид Данн көптеген  оқушылар идеяларды өз тәжірибесінен алып жауап береді дегендей оқушыларды топтастырып тапсырма бергенде олар өзінің басынан өткізген тәжірибесінен мысалдар келтіріп дәлелдеп, бағалауды жоғары деңгейде жүргізуді қажет етеді

Драхмэнмен Суэтс (1988) кері байланыс және құрдастарының ескертулері тұрақты нәтижелерге қол жеткізуде мұғалімнің сынына қарағанда көп әсер етуі ықтимал екендігін айтады. Алайда оқыту үдерісі тек қана оқушылардың тапсырманы орындаудың бастапқы кезеңінде өзінің білімі мен дағдылануы және тапсырма аяқталғаннан кейін нені білетіндігі туралы нақтылы сезінген кезде ғана тиімді болады. (QCA, 2001). Ал оқушыны бағалауда әрдайым берген жауабына қарай жүргізуіміз қажет. Ол үшін бала сыни тұрғыдан ойлай алатын алған ақпаратын синтездей алатын болу керек.

Топтасып талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға талдауға және синтездеуге болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген  тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық  әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді (МАН, 49 бет). Тұжырым жасау үдерісінде оқушылар берілген сұраққа тұжырымдама жасап және оны қорғап, өзінің құрдастарымен диалог құра отырып тәжірибе жинақтап, білім деңгейін  жоғарлатты және зерттеу жүргізуге қабілетті бола түсті. Топта жұмыс жасауда құрдастарының айтқан пікірлерін маңызды. Осыдан Джудит Харристің «Тәрбиелеу болжамдары» деген кітабында отбасына қарағанда құрдастарының ықпалы күштірек екендігін, яғни тұжырым жасағанда құрбы – құрдастарының айтқан сыни пікірі оқушының өзіндік дамуына әсер ететіні сөзсіз.

Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады, өйткені оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын  барлық тұстарды бағалауды талап етеді. Қорытынды бағалауды сапалы жасау мұғалімдердің жоғары шеберлігін талап етеді. Сонымен қатар, мұғалімдердің формативті бағалауы жиынтық бағалау талаптарымен бұрмаланбауы керек, ал бұл өте күрделі іс.(3апта ресурстары)

Оқушылар жақсы жұмыс бар екендігі туралы ойлануға мүмкіндік бар кезде  оқу және үлгерім деңгейін жақсартады. Алайда, базалық білімдері мен дағдылары нашар оқушыларда жақсару деңгейі көбірек байқалады. Оқушыларды мозайка әдісі арқылы топтастастырып тұжырым жасатқанда, олар мәселені шешудің тиімді жолын іздеу мақсатынымен ой бөлісіп, бір-бірімен ақпарат алмасады. Александердің Диологтық оқытуындағы дилогтың бес үлгісіне сәйкес талқылау жүргізгенін байқап, оқушыларға неғұрлым ашық сұрақ берсең соғұрлым диалогтың маңызы күшейе түсетінін көруге болады. Егер оқушыларға ашық сұрақтар беріп жауап толық болмаған жағдайда,  сұрақты қайта бағыттап, мысал келтіретіндер, толықтыратындар бар ма деген сұрақтарды қойып, сынақтан өткізу техникасын пайдалана отырып оқушыларға бағыт бағдар беру қажет. Сонда барып диалогтік оқыту іске қосылады. Сұрақ қаншалықты тиімді қойылса, оқушының жауап беру үдерісі сонша анық болады. Ал бұл өз кезегінде бағалаудың нақты критериіне сүйенеді.

Кез-келген мұғалім сабақ барысын дұрыс жоспарлауда сабақ мақсатына қарай табыс критерийіне мән беру қажет. Дұрыс қойылған табыс критерииі оқушыны сапалы бағалауға алып келеді. Мұғалім әр сабағында түрліше бағалаудың түрлерін қолданып, оқушыны жалықтырып алмай, керісінше сабаққа деген ынтасын арттыра білуі керек. Осы  тұста оқушылардың тұжырымын топ көшбасшысына сабақтың басында берілген бағалау парақшасындағы нақты критерилерге сүйене отырып бағаласа, мұғалім оқушының әрбір белсенді іс-әрекетін формативті бағалап отыруы қажет. Себебі оқушыларға формативті бағалауды жүргізуде оларды ынталандырып, өз біліміне деген сенімділігін арттыратын көруге болады. Сабақ барысында нақты критерий қоя отырып дискриптормен толтырылған бағалау парақшасын топ көшбасшысына беріп бағалату, ол мұғалімнің жұмысын жеңілдетумен қатар, әрбір оқушы өзінің білім алу жолындағы әрбір сатысын көріп отыруына мүмкіндік береді. Егер де оқушы сабағыңызға белсене қатыспай отырған болса, оған формативті бағалаудағы кеңес жұмыстарын жүргізу қажет. Сонда баланың оқуға деген ынта-ықыласы артып, өздігінен білім алуға талпынып, өздігінен реттеледі.

Ал  келесі сабағыңызда оқушыларға «өзін-өзі бағалау»  түрін қолданыңыз. Онда нақты дискрипторлармен берілген «А,В,С критерийі» бойынша оқушылар өздерін бағалай отырып өздерінің қандай жетістікке жеткендігіне көздері жетеді. Оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауға қарағанда, өзара бағалау және өзін-өзі бағалаудың мәні анағұрлым зор. Бұл үдерістің мақсаты олардың назарын өз жұмыссының сапасына аудару және жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады. Нәтижесінде оқушылар оқытуды дамытуда жауапкершіліктің  жалғыз мұғалімге ғана жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік береді, сонымен қатар мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді.

Баға қоюдан басқа оқушыларды өзара бағалау үдерісіне тартудың көптеген тәсілі бар.  Өзін –өзі бағалаудың барлық стратегиясына ортақ нәрсе түрлі критерийлердің қолданылуы болып табылады. Өзін-өзі бағалау және сыныптастарын бағалау оқушыларға ойлайтын және оқитын тұлға ретінде өзінің білімін, ағымдағы тапсырмаларды түсінуге, оқыту үдерін жақсартудың жолдарын сезінуге мүмкіндік бере отырып, оқыту үдерісінде жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Ол өзін-өзі сыйлау сезімін, оқу үшін өзінің ынталануы мен жеке жауапкершілігін арттыруға үлесін қосады.

Әрбір сабағыңызда «Бағдаршам», «жеке бағалау парағы», «топтарда баға қою», «соңғы бес минут», «материалды түсінуді жақсартуға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар» сияқты бағалау түрлерін жүргізуге болады. Бауд (1994ж) өзін-өзі бағалаудың «айқындаушы ерекшелігін» «оқушылардың стандарттар және/немесе критерийлерді жұмысқа сәйкестендіру және осы стандарттар мен критерийлерге сәйкестік дәрежесі туралы пайымдауларын қалыптастыруға қатыстылығы» деп  сипаттайды.  Онымен қатар «әдетте өзін-өзі бағалау басқалардың критерийлері мен пайымдауларынан құрылады, бірақ шешімді оқушы өз еркімен қабылдайды» деп қосады.

«Ізденген жетер мұратқа» дегендей мұғалім үнемі ізденіс үстінде болатындықтан, оқушылар сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын одан әрі жетілдіріп, алған білімдерін жоғары дәрежеде өзгелерге көрсетіп, дәлелдей алатындай тұлға қалыптастырып,  Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатын шәкірттерді тәрбиелеуде әрдайым көшбасшы мұғалім болуымыз керек.

 

 

Пайдаланылған   әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық
  2. 3-аптаның ресурстары
  3. А.Қ. Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО –да  қолдану  мәселелері. –А. 2013ж.

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *