Оқушы, жас өспірімдерді жеке тұлға ретінде тәрбиелей отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Бияхан Күлипа
Еліміздің айқын мақсаттарының бірі бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ел басы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді.Біздің балаларымыз бен немерелеріміз осымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білімді, өресі биік, денсаулығы мықты болады» деген сенімі бүгінгі тәрбие мен білім өзегін бала бойына қалыптастырар тәрбие ошағына артқан жүк екені сөзсіз.
Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамызға жүктелер жауапты міндет болмақ.
Мақсатымыз: «Ел ертеңі жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру балалардың ойлау қабілеті мен шығармашылығын, ой өрісін дамыту, дұрыс сөйлеуге , сөздік қорын молайтуға, ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан қазақ халқының салт дәстүрлерін үйрету».
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие мен оқытудың негізгі
міндеттері:
- Өз бетінше ойлану арқылы өз ойын басқаға жеткізе білу дағдысын қалыптастыру
- Ойындар арқылы сөйлеу және әңгімелесуге үйрету.
- Сөйлеу, ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.
- Өз Отаны мен туған өлкесіне сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге құрметпен адамгершілікпен қарауға тәрбиелеу;
Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дамыту олардың практикалық дағдыларды иемденуі сәбилік кезеңнен басталады. Сондықтан балабақшаның баланың адамгершілік әлпетін қалыптастырудағы ролі мен мәні артып келеді. Баланың ақыл-ой ерекшеліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл-ой қабілетін дамыту, оның нақты дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты балалардың толыққанды ақыл-ой тәрбиесін сенсорлық процестерді қалыптастырудан бастау қажет. Бала тілді меңгере отырып заттар олардың қасиеттері, белгілері туралы білімдерін игере бастайды. Нақты бағдарлама мазмұнына сай балалар қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеру негізінде санау, салыстыру, заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу, сандарды есептеу ұғымдарында дидактикалық және танымдық ойындар арқылы үйренеді.
Мектепке дейінгі балаларға арналған көркем шығармалар баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып оны көркемдеп, баяндап баланың сөздік қорын молайтып, тілін байытады. Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызмет етуге мәдени-гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі білім беру саласының мақсаты балалардың рухани адамгершілік қасиетін қалыптастыру.Осы қасиеттер арқылы баланы жан-жақты тәрбиелеу.
Отбасы рухани адамгершілік тәрбиесі осыған орай «Өзін-өзі тану» бағдарламасының ата-ана үшін де үлкен мәні бар. Себебі, «Өзін-өзі тану сабақтарында бала үлкендерге деген құрметті, қайырымдылықты,мейірімділікті бойына дарытуға дағдыланады. Тек ересектерге ғана емес, өзінен кіші бауырларына қамқорлықпен қарауға үйренеді. «Өзін-өзі тану» курсы баланың отбасындағы қарым-қатынасына үлкен әсер етеді. Осының нәтижесінде бала тек өзге біреудің демеуін қажет ететін, өзіне-өзі сенімсіз тұлға ретінде қалыптасуына жол беріледі.
Бүлдіршіндердің мектепке дейінгі тәрбиесіне аса жауаптылықпен қарап, жүйелі жұмыс жүргізуді басты назарда ұстап жүрген тәлімді мұғалім, тәрбиешілер көптеп саналады. Бала тәрбиесінде өзінің іс тәжірибесін таратуда педагогикалық оқуларда және ашық сабақтармен тәрбиелік іс- шаралар ұйымдастыруда белсенділік танытады. Алғашқы айларда балалардың мектеп қабырғасына қалыптасуына мұғалім тарапынан көп көңіл бөлінді. Яғни әртүрлі тақырып әңгімелер, мектеп, балабақша туралы түсініктемелер беріледі. Алғашқы жарты жылдықтың І кезеңінде қойылған басты мақсат мектепке дейінгі кезең. Осы кезеңде әр баланың танымдық қабілетін қалыптастыру, айналадағы дүниені адамдармен қарым-қатынас маңызын белсенді түрде танып балалардың білім алуына ішкі құмарлық позициясын қалыптастыру. Мысалы:
– Өз-өзін тану.
– Өз-өзін дамыту.
– Өз ойын еркін жеткізу.
– Өз-өзін бағалау қабілеттерін дамыту көзделген болатын.
Сонымен қатар балалардың күн тәртібі бойынша олардың қалыптасуына балабақша-мектеп ережелерінің орындалуына ықпал жасау мақсат етіп қойылды. Күнделікті сабақ кестесі бойынша белгіленген сабақтар өткізіледі.. 5-6 жас аралығындағы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары ерекше білінеді. Жалпы айтқанда балалар қалам ұстауды үйренеді, және жазу жаза алуға қалыптасып, мұғалімнің берген тапсырмасын ерекше бір қызығушылықпен орындайды.
Мұғалімдер балалармен тез тіл табысып, сауат ашу кезеңінде олармен ойын элементтерін пайдалану арқылы материалдарды меңгертуде үлкен жетістіктерге жетеді. Мұғалімдер бүлдіршіндерге жүрек жылуын, аялы алақанын, мейірімі мен шұғылалы шуағын аямайтын ізгі жандар. Тәрбиешілер сәбилермен бірге шаттанып, бірге ойнап, олардың балабақшаға тез бейімделуіне көп септігін тигізеді. Балалардың жас ерекшелігіне сай ашық сабақтарды тартымды етіп өткізуде үлкен шеберлік танытып жүр. Ата-аналар қауымымен де ортақ тіл табысып, ата-аналар отырысын өткізіп отырады. «Ұстазым меніңі ұстазым», атты ертеңгілік, «Тәуелсіздік тірегім»,атты ертеңгіліктері ата-аналардың көнілінен шықты. Балабақша ішінде жүрілетін іс-шараларға балалармен бірге белсене қатысады. Балабақшада тәрбиеленушілерге сапалы білім мен саналы тәрбиемен бірге, өнерге баулу,сурет салуға баулу, ермексазбен жұмыстауға, рөлдік ойындар ойнауға, сурет бойынша сөйлеп үйрену арқылы шығармашылығын дамытуға байланысты жұмыстар көптеп жүріледі.
Оқушы, жас өспірімдерді жеке тұлға ретінде тәрбиелей отырып, шығармашылық қабілетін дамыту нәтижесін қорытындылап айтқанда:
Тіл дамыту арқылы
- Ойлау қабілеті дамиды;
- Сөздік қоры молаяды;
- Өз бетінше сөйлеп үйренеді;
- Тіл байлыға дамиды;
- Рөлдік ойын арқылы сөз байлығы дамиды;
- Сурет бойынша сөйлем құрап айта алады;
- Достарымен бірге емен еркін сөйлейді, шығармашылық қабілеттері дамиды;
Биылғы оқу жылында алған міндеттемелерді іске асыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, түрлі тақырыптағы тәрбие сағаттары, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, спорттық ойындар, ертегілер еліне саяхат өткізу жоспарланған.
Біздің ұжымның мақсаты– оқушы жасөспірімдерді жеке тұлға ретінде тәрбиелей отырып, 12 жылдық білім беру стандартына сай жүйелі тәрбие жұмысын жүргізу болып табылады. Сондықтан болашақ иелері ертеңгі Қазақстан болашағы білімді ұрпақтарды тәрбиелей отырып, оларға ең алдымен адами құндылықтарды бойларына сіңіруге еңбектенуіміз қажет.
Осы тұрғыда біздің ұжым оқушы бүлдіршіндердің жүрегіне сәуле шуағын сеуіп, келешекке ұмтылдыруға бар күш жігерін аямай жұмсап келеді.
Олай болса жалпы білім беретін мектепке дейінгі тәрбие саласы қызметкерлерінің, барша тәрбиешілердің еңбегі және оқушы бүлдіршіндердің білімі дами берсін дегім келеді!
Күтілетін нәтиже:
- Логикалық ойлауын дамытады;
- Оқушылардың байқағыштық қабілеті артады;
- Ақыл, ойын, қиялын дамытады;
- Ой ұшқырлығын дамытады;
- Өз ойын еркін сөйлеп жеткізеді;
- Есте сақтау қабілеті артады.
- Баланың білім деңгейінің мониторингі;
- Өздігінен жетілдіру папкасы;
- Даму картасы;
- Баланың тіл дамуының бастапқы және соңғы диагностикасын анықтау,
- Ата-ананың пікірлері;
- Тілі дамыған бәсекеге қабілеті бар бала қабілетінің көбеюі.