Ата – аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері
Асаубаева Замзагуль Тауфиховна
Ата-ана баласын оқыту, тәрбиелеу үшін балаларды тәрбиелеу мекемелеріне, мемлекеттік және жеке білім беретін оқу орындарын орналастыруға ерікті. Әрине, оқуға бергенде баланың ниетін , қабілетін, тілегін ескерген жөн. Заңда ата-ананыңбаланы қай жасқа дейін тәрбиелеуге міндетті екені тікелей айтылмаған. Бірақ, адам 18 жасқа толғаннан кейін әрекет қабілеттілігіне толығынан ие болатынын ескерсек , ата-ананың бала тәрбиелеу құқығы осы уақытта тоқтатылатынын мойындау керек.
Баланы тәрбиелеу ата-ананың құқығы ғана емес сонымен қоса олардың міндеті. Алдымен осыған байланысты баланы тәрбиелеу керек деген сауал туады. Қазақ халқының бала тәрбиелеуге байланысты ежелден қалыптасқан дәстүрлері, әдет-ғұрпы бар. Олар адамгершілікке негізделіп , халқымыздың сана-сезімінде сақталатын әдептілік қағидалармен реттеледі. Ер баланы тәрбиелеуде әкенің орны ерекше болған. Әке бар өнерін ұлына , естіп білгенін , оқығанын айтып, үйретуге тырысқан. «Ата көрген оқ жонар» деген соны байқатады. Анасы да қызын өмірге дайындап , білгенін үйретуге тырысқан. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны алады» , деп ата-бабаларымыз ата-ананың балаға қандай әсер ететінін бір ауыз сөзбен қамтыған. Парасатты ата-аналар балаларын ата-бабадан қалған үлгі боларлық өнеріне , әдетіне, дәстүріне баулып, ағайынның туыстық жағдайларын түсіндіріп отырған. Сонымен қатар , баланы ата-ананың мұрагері ғана емес, халықтың азаматы етіп тәрбиелеу кімді болса да ойландырмай қоймаған.
Ата-аналар заң жүзінде жасы толмаған балалардың құқықтарын және мүдделерін қорғаушы болып есептеледі.Себебі, балалардың әрекет қабілеттілігі толық болмағандықтан, олар өз мүдделерін өздері қорғай алмайды.
Ата-аналар табиғи міндеттерін сезінбеуі де немесе тиісті түрде орындамауы да мүмкін. Өмірде мұндай жағдай аз кездеспейді. Оның зардабын алдымен ата-ананың өздері көреді. Балалардың тәрбиесіздігі, әдепсіздігі қоғам үшін де өте зиянды. Сондықтан, заң ата-ананың парызын орындамаған азаматтарға әсер ету шараларын белгілейді . Ерекше жағдайда сот ата-ананың құқықтардан айыруға дейн барады. Ол ерекше жағдайларға нені жатқызамыз? Күнделікті өмірімізде балаларға қатысты міндеттеріне селқос қарайтын, не ол міндеттерден жалтаратын ата-аналар да кездеседі. Егер ата-аналары балаларын әдептілікке тәрбиелемесе , өсіп-жетілуіне, білім алуына қажетті жағдайлар қалыптастырмаса ата-аналық міндетті орындаудан жалтарғаны болып саналады. Ата-ана өз құқытарын теріс пайдаланып, балаларына қиянат жасауы да мүмкін. Мысалы. Оқуға кедергі жасауы, қайыр сұрауға көндіруі, тағы да сондай жағымсыз қылықтарға баулуы балаға зиян келтіретіні сөзсіз.Балаға қатыгездік көрсету де ата-аналық құқықтан айыруға негіз болады. Ұрып-соғу, қорқыту, тәрбиелеуге жат әдістер қолдану, баланың ар-намысын қорлау-адамгершілікке жатпайтын қылықтар. Ішімдікке , нашақорлыққа салыну да ата-ананы құқықтан айыратын жағдайға жатады. Ата-аналық құқықтан айыру бала мен ата-ананың әлеуметтік және құқықтық байланысын тоқтатады. Бірақ, ата-ана баланы асырап, тәрбиелеу үшін қаражат төлеуден босатылмайды. Заңымызда ата-ананың балаға қатысты құқықтарын алаңсыз, біржолата айырмау жақтары да қарастырылған. Егер ата-анасы мінез-құлықтарын түзеп, өз кіналарын терең сезіне өтініш білдірсе , сот ата-аналық құқықтарын қайтарып беруі мүмкін.
Ата-аналар қамқорлығынан айырылған балаларды асырау, тәрбиелеу және оқыту мемлекет пен қоғамның парасатты міндеті. Балаларға қамқорлық арнаулы мемлекет органдандарына тапсырылған . Олар білім беру, денсаулық сақтау, қамсыздандыру органдары, қамқорсыз қалған балалар туралы осы органдарға хабарлау керек. Бұл органдар қамқорсыз қалған балаларды асырауды өз міндетіне алып, мұндай балаларға қамқорлық пен қорғаншылық белгілейді. Қамқорлық пен қорғаншылық балаларды тәрбиелеу үшін және олардың өзіндік мүліктік мүдделерін қорғау үшін тағайындалады, себебі жас балалар өз күшімен құқықтарын жүзеге асырып, орындай алмайды. Қамқорлық немесе қорғаншы болғысы келген адам баланы тәрбиелеуге, қамқорлық жасауға, оның еркімен есептесіп, мүддесін қорғауға дайын болуы керек. Қамқоршы мен қорғаншының құқықтары мен міндеттері отбасына арналған заңдарда жан-жақты анықталған. Егер қамқоршы мен қорғаншы құқықтарын өз мүддесіне пайдаланса, міндеттерін атқаруға салақ қараса, баланы ұрып-соқса, тәрбиелемесе , жарамсыз қылықтар жасаса олар мұндай игілікті қызметтен босатылады.
Бала тәрбиесінде ата-ананы сыйлау , қарияларды қадірлеу лайықты орын алған.
Конституциямыздың мына бір қағидасы балалардың ата-анасына қатысты міндеттерін белгілейді.
Адамгершіліктің көрінісі балалардың оның өзінің ата-анаға деген мейірбандығын заңның мәжбүрлеуінсіз-ақ жүзеге асыру.
Міне, баламыздың тәрбиелі де саналы ұрпақ болып қалыптасуына ата-ананың ықпалы зор. Сондықтан да өзімізді тәрбиелей отырып, балаларымызға дұрыс тәрбие беруіміз керек.