Қысқарған сөздер
Шынжырбаева Гульманат Жумановна
6-сынып.Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер.
Сабақтың мақсаты: Қысқарған сөздер туралы ұғымдарын кеңейту.
Сабақтың міндеті:
1.Қысқарған сөздерді жан- жақты талдату.
2.Салыстыру, талдау арқылы қорытынды шығара білуге дағдыландыру.
3.Өзін – өзі тәрбиелеуге, іс – әрекетіне баға беруге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Қысқарған сөздер туралы толық мәлімет алады, сөйлемдер ішінен ажырата біледі.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: семантикалық карта, топтастыру, «Миға шабуыл» әдісі, тақырыптық түйінді сөздер, сұрақ-жауап, адасқан әріптер, «Инсерт» әдісі.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Кіріктірілген модульдер: СТО, АКТ, оқытуды басқару және көшбасшылық, диалогтік оқыту.
Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, плакат, маркер.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу, топ ережесімен таныстыру,ынтымақтастыру атмосферасын құру.
– Бір – біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.
Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындағы балаға қарайды)
Қарады саған да.
Сәлем деймін достарға
Сәлем барша ұстазға.
Тату болып халықтар,
Аман болсын балалар!
Бағалау критерийімен таныстыру, өтілген тақырыптарды қайталау
Үй тапсырмасын тексеру: Өтілген тақырыптар семантикалық кесте арқылы қорытындылау.
Мысалдар | Біріккен сөз | Қос сөз | |
Су-су | |||
Тасбақа | |||
Бала-шаға | |||
Еңбеккүн | |||
Ұшып-қонды | |||
Екібастұз | |||
Дәрі-дәрмек |
Өткен тақырыпты бекіту: Қос сөздердің сыңарын тауып жазу
Мысалы: Алыс- Ата-
Үлкен- Қып-
Алыс- Биік- т.б
І. Қызығушылықты ояту.
1.Сабаққа дейінгі көңіл-күйіңіз қандай?
2.Сабақтан не үйренгілеріңіз келеді?/оқушылардың жауабы/
«Миға шабуыл» әдісі. Сабақтың тақырыбын ребус арқылы тапқызу./қыстың,қарғаның суреті және н әрпі тақтаға ілінеді.
/«Қысқарған сөздер» деген тақырып екенін оқушылар табу керек./
ІІ. Мағынаны ажырату.
Тіліміздегі сөздердің белгілі бір тобы қысқарған сөздер. Сөздердің қысқарып барып бірігу жолы орыс тілінің әсерінен келіп дами түсті. Соған орай қазақ тілінің сөйлеу, жазу дағдысында күрделі атауларды қысқартып айту және жазу дәстүрге айналды. Қысқарған сөздерлі ғылыми тілде аббревиатура деп атайды.
Сөздік жұмысы: Аббревиитура-қысқарған сөздердің ғылыми атауы.
/Слайд арқылы және электронды оқулық арқылы/
Қысқарған сөздер дегеніміз – күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. Мысалы: ТМД, АҚШ, см, ТУ-154 т.б.
Қысқарған сөздің жасалуының 5 жолы бар. Соны топтарға бөліп беремін.
1.Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің тек басқы дыбыстарынан ғана қысқарып бірігеді. Мысалы: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚШ (Америка Құрама Штаттары), ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы),
Бұл жасалу жолы тағы қосымша жалғанса, сызықша арқылы жалғанады. Мысалы: ТМД-ға, АҚШ-қа,
2.Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан қысқарып бірігеді. Мысалы: ТарМУ (Тараз Мемлекеттік Университеті), ҚазМҰУ (Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті).
- Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан қысқарып бірігеді. Мысалы: физмат (физика-математика), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық), филфак (филология факультеті).
- Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздің түбір күйінде айтылуынан құралады. Мысалы: пединститут (педагогикалық институт), медколледж (медициналық колледж), медпункт (медициналық пункт).
5.Техника маркаларын білдіретін буындар мен сандардан құралады:ТУ-154, ИЛ-86,ГАЗ-54 т.б және өлшем атаулары:м-метр, дм-дециметр, см-сантиметр, л-литр,кг-килограмм т.б.
БҰҰ деген қысқарған сөзді талдау: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың 28 қыркүйегінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жалпы пікірсайысына қатысып, сөз сөйледі. Елбасы өзінің баяндамасын қазақ тілінде оқыды. Бұл-қазақ халқы үшін үлкен құрмет. Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдық мерейтойы тұсында бұл ұйымның негізін қалаушылар оған қандай терең мағына бергені жөнінде ой бөлісу маңызды.Биыл БҰҰ-ға 70 жыл толып отыр. /Интербелсенді тақтадан Елбасының суреті көрсетіледі/
ҰҒА деген қысқарған сөз туралы түсінік беру: Ұлттық ғылым академиясы
ҰҒА-ның тұңғыш Президенті-Қаныш Сәтбаев./слайд/
ТУ-154,ИЛ-86,ГАЗ-54 деген техника маркаларына түсінік беру:
/слайд/
Әр топқа жеке сөйлемдер беріледі. Сөйлем ішіндегі берілген сөздерді қысқартып жазу.
1.Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы достық қатынаста.
2.Айгүл биыл Тараз Мемлекеттік Университетіне оқуға түсуге дайындалып жүр.
3.Ресей Федерациясы ядролық сынаққа біржола тыйым салуды жақтайды.
4.Математика пәнінен үйге сантиметр және дециметрге байланысты мысал есептерді шығарып келуге берді.
Сергіту сәті
«Адасқан әріптер» орнын тап./Оқушылар тақтаға орындайды/
1.Біріккен ҰлттарҰйымы БҰҰ
е.р.і.б.к.н.і.к.
2.Ішкі істер министрлігі ІІМ
р.і.т.е.с.
3.Америка Құрама Штаттары АҚШ
а.р.ұ.м.қ.а
4.Қазақстан Республикасы ҚР
а.с.қ.т.н.а.а.з.қ.
Дәптермен жұмыс. Берілген сөздерді қысқартып жаз:
Педагогикалық кеңес, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Қазақстан Республикасы, литр, Мемлекеттік автомобиль инспекциясы, килограмм.
Сабақты қорытындылау: Постермен жұмыс
ІІІ. Ойтолғаныс./ «Кім жылдам?» ойыны/ Телебағдарлама ойыны.Мәтін оқылады, соның ішінде қысқарған сөз болса, қолдарын шапалақтайды/ Мысалы:
Сағат 9.00. Бүгін Ресей Федерациясының президенті В.Путин мен Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев кездесуі туралы бағдарлама.
Сағат 10.00 –де «Балапан» бағдарламасы.
Сағат 12.30-да МАИ қызметкері, полковник Т. Сарыбаев мырзамен кездесу.
Сағат.13.00-де 21-ғасыр көшбасшысы ойыны.
Сағат 14.00-де Алматы педколледжінің студенттерімен кездесу.
Сағат15.30-да Кешкі жаңалықтар.
«Пальма» әдісі
1.Сабақтан кейінгі көңіл-күйіңіз қандай?
2.Сабақ ойларыңыздан шықты ма?
Инсерт әдісі. Оқушыларға парақтар таратылады, оған оқушылар өз пікірлерін жазады: Не білемін? Не үйрендім? Не білгім келеді?
Бағалау:
Критерий бойынша оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:63-жаттығу, 1-тапсырма.
Тақтадағы смайликтерге жапсырма қағаздар арқылы сабақтың ұнағанын немесе ұнамағандығын білдіреді.