Адам ағзасындағы химиялық элементтер. Тыныс алу процесі.

Қысқа мерзімді жоспар

Мұғалімнің аты-жөні: Мирзалимова Мукаддас Юлдашевна

Күні:

 

Сынып:7

Қатысқандар:

 

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

 

Адам ағзасындағы химиялық элементтер.

Тыныс алу процесі.

Лабораториялық тәжірибе №8 «Тыныс алу үдерісін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.5.1.3 адам ағзасына кіретін элементтерді             (О, С, Н, N, Ca, P, K) атау

7.5.1.4 тыныс алу және фотосинтез процестерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

 Барлық оқушылар: адам ағзасына кіретін элементтерді   (О, С, Н, N, Ca, P, K)  біледі, тыныс алу және фотосинтез процестерін түсінеді.

Көпшілік оқушылар: Адам ағзасындағы химиялық элементтердің атқаратын қызметі мен  жетіспеген жағдайдағы сыртқы белгілерін біледі;

Кейбір оқушылар: фотосинтез процестерін талқылай алады, тыныс алу үдерісін зерттейді.

Бағалау критерийі

-Адам ағзасында кездесетін элементтерді жазып, оларды сипаттайды.

– Адам ағзасындағы элементтердің атқаратын қызметі, жетіспеген жағдайдағы сыртқы белгілерін біледі

-Фотосинтез және тыныс алу процестерінің химиялық өзгерістерін сипаттайды.

Дескриптор

-Адам ағзасындағы элементтерді біледі;

-Макро және микро элементтерді ажырата біледі

-Тыныс алу үдерісін тәжірибе жүзінде зерттей алады;

Тілдік мақсаттар

 Нәруыздар, майлар, көмірсулар, макроэлементтер, микроэлементтер, тыныс алу, тотығу, фотосинтезді меңгереді

Құндылықтарды баулу

Салауатты өмір салтын қалыптастыру 

Пәнаралық байланыс

Биология

Алдынғы білім

Оттекпен тыныс алып, көмірқышқыл газын бөлетінін біледі.

 

 

 

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақ басы-(10 минут)

(2мин)

 

 

 

 

 

2мин

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

-Сәлемдесу, түсті стакандар арқылы топқа бөлу, тілек айту

Қ.Б. «Бас бармақ әдісі» арқылы сабақ басындағы көңіл күйі анықталады.

 

Ой ғозғау әдісінің бірі «Келісемін, келіспеймін» әдісі бойынша барлық оқушылар сұрақтарға жауап жазады.

1-тапсырма.

Қоректік заттарға нәруыз, көміртек,май, минералды тұз, су және витаминдер кіреді.(келісемін).

2-тапсырма.Қоректік заттар энергетикалық қызмет атқармайды. (келіспеймін) .

 таратпа материалын бір бірімен ауыстырып тексереді

 

«Құпия сурет» әдісі. Әр түрлі суреттер беріледі. Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

1.сурет

 

2.сурет.

Суретке қарап өз ойларын айтады, сабақпен қалай байланысы бар екенін айтып,  сабаққа мақсат қояды, Қ.Б. « Күту ағашы»на стикерге бүгінгі сабақтан не күтетіндерін жазып  жабыстырады.

Түсті стакандар, сок

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

Сабақтың ортасы

28*

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3мин

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі,топпен жұмыс. Барлық оқушылар оқулықтың 100-110 беттерін оқып,  топта талқылап  дәрижелі сұрақтарға жауап  беріледі.

1-деңгей

1.Адам ағзасына қандай элементтер кіреді?

2.Макро және микроэлементтер деген не? Мысал келтіріңдер.

2-деңгей  Кестені толтыр

Макроэлементтердің атқаратын қызметі, жетіспеген жағдайдағы сыртқы белгілерін жазыңдар

Макро және микро элементтер

атқаратын қызметі

жетіспеген жағдайдағы сыртқы белгілері

 

 

 

 

 

 

 

3-деңгей.

1.Адам организміне нәруыз жетіспесе не болады?

2.Майлардың адам өміріндегі ролі қандай?

3.Көмірсулардың адам өміріндегі атқаратын қызметі?

4.Дәрумендер мен минералдар  адам организміне қайдан келеді?

Қ.Б. «Жарайсын!» әдісі қолдалынылады.

 «Кинометафора» әдісі.

фотосинтез туралы видео көрсетіліп, оқушылардың ойлары толықтырылады. Өз ойларын қосады

Қ.Б. «Білемін, Білдім, Білгім келеді» әдісімен видеодан не білгенін, не білгісі келетінін анықтау.

 

«Қораптағы сұрақтар» әдісі.

Тақырып бойынша қосымша   сұрақтарға тез жауап береді.

-Не үшін адам тыныс алады?  

-Неліктен ересек адаммен кішкентай балалардың тыныс алуы әр түрлі?

-Қай кезде адам сирек тыныс алады?

-Адам қай газбен тыныс алады?

-Оттек жетіспегенде қандай белгілер болады?

-Ауада оттек қалай пайда болады?

 

Қ.Б.«Шапалақ» әдісі қолданылады.

 

Зерттеу жұмысы

Барлық ұйыммен жұмыс.Мұғалімнің көрсетпесі бойынша орындайды.

-Қанеки мынадай тәжірибе жасап көрейік. Қанша уақыт тыныс алмай тура аласындар? Оқушылар ауыз, мұрнын жауып тұрады.Өз ойларымен бөліседі.

-Не байқадыңдар?

-Не үшін ауыз, мұрындарыңды ашып жибердіңдер?

-Ұзақ уақыт жауып тұрса не болатын еді? Деген сұрақтарға жауап береді.

Зертханалық жұмыс.

1 оқушыға.

Реактивтер: әк суы 50мл

Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар:стакан 100 мл- 1 дана, түтік -1 дана; айна-1 дана.

Қауыпсіздік техникасы ережелері.Әкті су мен жұмыс жасағанда қорғағыш көзілдірік кию қажет.

1-тәжірибе.Әк суын үрлеу. Мұғалім берген сынауықтағы мөлдір әкті суға түтікшені салып, түтік арқылы (тыныс алу өнімін сыртқы шығарыңдар) үрлеңдер. Қандай өзгеріс байқалды?

2-тәжірибе. Айнаға үрлеу.Айнаны қолдарына алып оған дем алыңдар. Қандай өзгеріс байқалды?  Дәптерлерін ретке келтіріп қорытынды жазады

Сұрақтар таратпасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы (8мин)

5мин

 

 

 

 

1 мин

 

 

2 мин

 8-әрекет.

«Кім жылдам» әдісі. Топтағы оқушыларға термин сөздер беріледі.Терминдер  бойынша сұрақтар құрастырады, басқа топтар жауап береді.

Термин сөздер: Нәруыздар, майлар,көмірсулар, макроэлементтер, микроэлементтер, тыныс алу, тотығу, фотосинтез

Қ.Б. «Рахмет» әдісі қолданылып, сұрақтар қойған және нақты жауап берген оқушыларға рахметін айтады.

Рефлексия. «Көңіл күй аралы » бүгінгі сабақ бойынша  тарқатылып берген қайықтарды көңіл күй аралына орналастырады.  

Үйге тапсырма: Шыны банка, су мен ауызы кең ыдыс, фломастер және сіріңкені пайданалып, атмосферадағы оттектің мөлшері 20 % екенін дәлелдеп көріңдер

Термин сөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайық суреттері

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Мен сабағымда оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып «ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы деңгейлі тапсырмалар әзірледім.

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Қабілеті жоғары және тақырыпқа қызығушылығы жоғары оқушыларға шығармашылық деңгейде сұрақтар қойдым.

«плюс, минус» «жарайсын», «рахмет», әдістерін пайдалану.

Әкті сумен жұмыс жасағанда қорғаныш көзілдірік кию қажет

Сабақ бойынша рефлексия

Оқушылар  « Көңіл күй аралы» әдісі бойынша өз ойларын жазғанына қарап,  бүгінгі сабақ бойынша  түсіну дәрижелері анықталады.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

 

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *