Өзгеріс талабы өмір талабы
Мустахимова Раушан
«Жаңартылған білім мазмұның өзгеруінен» түйгенім өзім сабақ беретін мектептің шет елдердегідей табысты мектепке айналуы үшін ұжымда ортақ ұстанымды қалыптастырып, мұғалімдердің бір мақсатқа жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Мектепте « оқушы үні», ата-ана мен мұғалім пікірлерін ескеру, бірлескен жұмыс мектепті дамыту жоспарын іске асырудағы табыстың кепілі. «Жаңартылған білім мазмұны бойынша » алған білімімде , оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеруден бастадым. Дегенмен, әлем өзгергенде бізге неге өзгермеске деп алға қойған мақсатымды тәжірибе кезеңінде өз мектебімде жүзеге асыруға кірістім. Арнайы өзгеріс тобын құрып сол топпен даму жоспарын талқылап, қажеттілігіне қарай оқу мен оқытуда өзгеріс енгізуге болатынын түсіндірдім. Қазіргі жаңашылдардың дайындаған бағдарламалары нақты және күрделі жағдайларды қалай талдау қажеттігін, оқушыларды заман талабына сай өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп, осы жұмыс барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағалау қажеттігін терең түсінуді көрсетіп берді. Әр деңгейдегі жеке және топтық қызметкерлер ашық пікірталасқа және жобаны бірлесіп жүргізуге дағдылануы қажет. Өзгеріс жасау үшін оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілген өзгерістерге сай сабақтардың түрлі кезеңдерінде топтық жұмыстарды ұйымдастыра білу керек. Осы мақсатқа жетуге игі істер атқарсақ жұмысымыздың алға басатындығына сенімдімін.
Мектебімізде деңгейлік курстан өткен мұғалімдер өзгеріс тобтарын құрып ,менде оларға мүше болдым .Солармен бірге «оқушылардың үнін» есту үшін олармен кәсіби сұхбат жүргіздім . Әрбір баланының пікірі өте құнды екенін түсіндім . Олардың ойлары өте жүйрік ,құнды екенін білдім .Топтық жұмыстар жүргізген кезде ойларын ортаға салып ,сабақта сөйлемейтін балалардың өздерінің ашылып пікір айтқаны кезінде мен қатты қуандым . Жұптық кезде екі оқушы сабақ материалын бір-біріне түсіндірген кезде жарыса сөйлейтіні мені қатты қуанты . Осылай оқушы ойы тыңдала басталды . Пікірлер айтылып әрбір сабақ қызықты өтіле берді .Қызығы мен қиындығы мол күндерім жалғасуда ….