Ұзын құлақ ақ қоян(кескін бойынша қоян жайлы әңгіме құру)

         Шаттық шеңбері.

Қайырлы таң менің көздерім сендер

ояндыңдар!(Көздерін қолдарымен жұму.)

Қайырлы таң менің құлақтарым сендер ояндыңдар!(Құлақтарын көрсету.)

Қайырлы таң менің қолдарым сендер ояндыңдар!(Қолдарын шапалақтау.)

Қайырлы таң менің аяқтарым сендер ояндыңдар! (Ақтарын топ-топ басу.)

                              …

                Жұмбақ жасыру.

Қылқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

-Қоян қандай жануарға жатады?

-Қоянның құлағы қандай?….

 

Қоянның түсі сұр.Оның жүні жұмсақ,мамық,үлпілдек.Қоянның құлағы ұзын.Оның екі құлағы бар және оның екі көзі,тұмсығы,аузы,мұрты,төрт аяғы,кішкентай құйрығы бар.Қоян орманды далада мекендейді,өсімдіктермен қоректенеді.Жазда қоянның түсі сұры,күзде өз терісін ақ түске өзгертеді.
Қоян өте қорқақ,саққұлақ аң деуге болады.Қоян орғып жүреді.Кейде ақ қоянды аңшыларда байқамай қалады.Қыс мезгілінде орманда азық өте аз болғандықтан қояндар кейде бақша дақылдары егілген  жерлердегі қырыққабат,сәбіз қалдықтарын жейді.

 

 

 

Қоянға сыйлық.

Балалар қоянның сүйіп жейтін тағамы не?

(Сәбіздің суретін салу.)

 

 

   Сергіту жаттығуы.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

 

 

Мұнда қай жануар артық?Неліктен?Қалған жануарларды бір сөзбен қалай атауға болады?Бұлар ненің төлдері?

 

 

Балалар суретке қарап ертегі құрастыру.

(Балалар суретке қарап ертегі құрастырады.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дидактикалық ойын:

            «Мұнда неше қоян бар?»

Мақсаты:баланың ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: дәптердегі «Нүктелердің бір-бірімен қосу арқылы,бірнеше қоян бейнесін тап» тапсырмасын орындау.

 

 

             Кім қай жерге тығылды.

Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетін дам ыту.

Шөптің арасында ненің құлағы көрінеді?

Талдың ар жағында ненің басы шығып тұр?

Талдың басында ненің құйрығы шығып тұр?

Бөрененің артында ненің арқасы көрініп тұр?

 

 

 

Сұрақ-жауап арқылы қорытынды.

-Қоян қандай жануарға жатады?

-Қоянның құлағы қандай?Ұзынба,әлде қысқа ма?

Балаларды соңынан белсенділік танытқаны үшін балаларды мадақтау.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *