Көңілді қыс.Ш. Мұхамеджанов

 

«» ересек  тобында  ұйымдастырылған  оқу қызметінің  технологиялық  картасы.

 

Өтілетін  күні:

 Білім беру  саласы:  Коммуникация

Ұйымдастырылған  оқу қызметі : Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:  Көңілді  қыс.Ш. Мұхамеджанов.Сенің  өмірің  – сиқырлы  әлем кітабынан.

Мақсаты:Өлең жолдарын  мәнерлеп  оқи  отырып,  балаларға  мағынасын  түсіндіру. Қойылған  сұрақтарға   толық  жауап  бере  білуге  дағдыландыру.  Қыс  мезгіліндегі  қызықты  сәттерді  баяндай  білу.  Өлеңді  жатқа  айтуға  үйрету.

 

Әрекет кезеңдері

  Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

        Енгізу

Дәлелді ояту

I.  Шаттық  шеңбері.                «Болайықшы осындай»

     А.Меңжанова.

 

II.Қызығушылықты  ояту.

Дид ойын: «Көңілді  сөз»

 

Шеңберде  дұрыс  тұру және өлең жолдары-мен қимылдар жасау.

Өздері білетін  жақсы  сөздерді бір – біріне  айта білу.

Шаттық  шеңбері.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп дұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Ұқыпты осындай

Болайықшы досым-ай.     

Ұйымдастыру – іздену

1. Қыс мезгілі  туралы  түсінік  беру.

Сұрақ – жауап.

-Қазір  қандай  мезгіл?

-Қыс  мезгілінде қандай табиғат  құбылыстары  болады?

-Несімен ұнайды?

Қандай  ойын  түрлерін  білесіңдер?

 

2. Көңілді  қыс.

Ш. Мұхамеджанов.

-Өлең  жолдарын  мәнерлеп  оқу, мағынасын  ашу.

Сұрақ – жауап.

-Өлең жолдарында не туралы айтылған?

-Қыс мезгілін  қалай суреттеген?

 

3.  Суретпен  жұмыс.

-Суреттке  өз ойынан  әңгіме  құрау.

-Сұрақтарға жауап  беру.

 

Сергіту  сәті. «Қыс»

Сыртта  боран зулайды,

Қарды  үйіріп  қуалап.

Әлсін – әлсін тыңдайды,

Терезеден сығалап.

 

Қойған  сұрақтарға  жауап бере білу.

 

 

Өз  ойын  толық  жеткізе білу.

 

 

 

 

 

 

 

Өлең  жолдарының  мағынасын  дұрыс  түсініп жеткізе білу.

 

 

 

 

Суретке  сөйлем құрай білу.

 

 

 

Сергіту жаттығуын қимылмен  көрсету.

 

 

Сөздік  жұмыс:

Боран,  ұлиды, соғады, басады,

мамықтай,  ұлпа,

аяз, үскірік, тікенек,қуанышты, сыйлығын т.б.

 

Көңілді қыс.

Бір топ  бала  сырғанап,

Барады әне  жарысып.

Қалды  артта  қар  алап,

Іздерінен  қар  ұшып.

Сәтке  қарап  тұрмайсың,

Көңілді еді  қыс  қандай.

Шаңғыменен  зырлайсың,

Қанат бітіп  ұшқандай.

Рефлекстік түзету

Дид  ойын: «Кім  тапқыр?»

Жұмбақ  жасыру.

Жұмбақтың шешуін сұрақтар қоя отырып, жауап алу

 

Балаларды  мадақтау.

 

Жұмбақ шешуге қызығушылық  таныту.

 

Қойылған  сұрақтарға  өз ойымен  толық жауап  бере білу.

Қолымен қаламы жоқ,

Бірақ  сурет  салады  (Аяз)

Көлдің  беті көк әйнек,

Сырғанауға тым әйбет. (Мұз)

Аспаннан  ақ ұлпа борады,

Қырқаны  сейсепке  орады. (Қар)

Жерді тырнап, бұтаны  ырғап,

Шөпті сыйпап, ұшады  зырлап

Жанын қинап,

Ұлиды зарлап.   (Боран)

 

Күтілетін  нәтиже.

Білуі:Қыс  мезгілі  жайында  түсініктері  болу  керек.

Игеруі:Қойылған  сұрақтарға  жауап  беру  арқылы қысқы ойындар туралы  түсініктерді  игереді.

Меңгеруі:Тақпақ жаттауды,   жұмбақтар шешу барысында  өз ойын  айта білуді  меңгереді.

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *