Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу

Мырзаханова Айгуль Дюсеновна

Мақсаты:

1.Бір айнымалысы бар сызықтық  теңсіздіктерді шешу»тақырыбы бойынша есептер  шығару.

2.Оқушылардың логикалық,шығарма- шылық ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетімен,топтық  жұмыс істейбілуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды білімді,алғыр азамат етіп тәрбиелеу,ұйымшылдыққа,белсен-

ділікке баулу.

 

Күтілетін нәтиже: Оқушыларбір айнымалысы бар сызықтық  теңсіздіктерді теңсіздіктің қасиеттерін қолданып шеше алады.

Керекті құралдар:интербелсенді тақта,слайдтар,үлестірме қағаздар

Эпиграф

Білімге жетелейтін үш жол бар:

Еліктеу жолы –ең жеңіл жол,

Ойлау жолы- ең игілікті жол,

Тәжірибе жолы-ең қиын ащы жол.                                                                                             Конфуций.

 

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу

Сыныпты топқа бөлу.Топ басшыларын сайлау

 

2.Ой қозғау. Сөйлемді аяқта…

1.Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер деп…

  1. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі деп…
  2. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу дегеніміз…

4.Мәндес теңсіздіктер деп …

5.Сан аралығының түрлері

 

3.Үй тапсырмасын тексеру(жұппен)

№999 (6)                         №1002(1)

-7 -30х ≤5х                   1,6х ≤ 2/5  ≤ 2

-35х ≤ 7                        1,6  ≤ 2/5 х ≤ 2  /*5

-30х-5х ≤  7                  8 ≤  2х  ≤  10

-35 ≤  7                          4 ≤   х  ≤  5

х  ≥ -1/5                         [4,5; 5]

[ – 1/5; + ∞ )              Жауабы: 4,5%- 5%

Жауабы: 1

4.Ой талдау. «Кітап- білім бұлағы

№995(1) 1,3-ТОП

№995(2) 2,4-ТОП

 

5 .Ой қорыту. Тесттік тапсырмалар

1.Теңсіздікті шеш және осы теңсіздікті қанағаттандыратын  үлкен бүтін санды тап.

2(7х+3)  <  2х- 18        А ) 0    В) 1    С) -1    Д ) -2

2.Теңсіздікті қанағаттандыратын сан аралығын тап.

-2 <  х ≤  6    А) [-2;6)     В) (-2;  6]   С) (-∞; 6]   Д) [-2;+∞ )

3.Белгіленуімен жаз:1-ден 3-ке дейінгі 3 саны қосаалынғанжартылай интервал.

А) (1;3]     В) [ 1; 3]  С) ( 1; 3)     Д) [ 1; 3)

  1. [ -4;5) аралығындағыеңкішіжәнееңүлкенбүтінсанды тап.

А) -4 және 3       В) -4 және 4      С) -4 және 5   Д) -3 және 5

  1. а-в= 0,01 екені белгілі а және в-ні салыстыр.

А) а = в     В)  а < в    С)  а  > в    Д) а ≥ в

Жауап кілттері

1.С     2.В      3.А      4. В      5.С

«5» -5 дұрыс

«4» –  4 дұрыс     1 қате

«3»  -3 дұрыс      2 қате

«2» – 1-2 дұрыс  3-5 қате

6.Логикалық есеп

1)Сандар белгілі бір заңдылықпен орналасқан.

Сұрақ белгісінің орнындағы санды тап:720;144:36;?.

2)Қараңғы түнде бір ұзын және бір қысқа екі адам келеді. Алыстан өшіп-сөніп тұрған машина жарығын бірінші ұзын адам көре ме,әлде  қысқа адам көре ме?

3)Астанадан Алматыға ұшақ 1 сағат 30 минут ұшқан. Ал кері қайтқанда басқа жолмен 90 минут ұшқан. Қай жол тиімді?

 

7.Шығармашылық жұмыс

Сурет бойынша теңсіздік құрастырып, оны  шешіңдер.

 

12см

 

S ≥60 кв.cм

 

 

Р< 96 см

 

 

1-топ  3- топ    2-топ  4-топ

 

8.Бағалау парағы бойынша бағалау

  1. Рефлекция

10.Үйге тапсырма

№1000(1,3,5)

№1009(1)

№1004(1,3) Ереже

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *