«Жай бөлшектерге амалдар қолдану»
Турабаева Айнур Айдуллаевна
Сабақ жоспары
Сыныбы: 5 «Б»
Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшектерге амалдар қолдану»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу. Жай бөлшектерді және аралас сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлу алгоритмін қолдана білу білімдерін тексеру, жинақтау.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін кеңейту. Алған теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге; пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, жүйелі ойлауға, нәтижеге қол жеткізе білуге, өзіне сенімділікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытындылау сабағы
Сабақта қолданған әдіс-тәсілдер:
- Миға шабуыл
- Топтық жұмыс
- Деңгейлік тапсырмалар орындау
- Өз шешімін ұсыну, талдау
Сабақтың типі: Меңгерген білімдерін практикада қолдануға бағытталған дәстүрлі
сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, карточкалар, сызбалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу. Сыныпты топқа бөлу.
ІІ. Миға шабуыл. «Қайталау – оқу анасы» (топтық жұмыс)
І топқа. Жай бөлшектерді қосу және азайту. Мысал келтіру. (4 мысалдан)
ІІ топқа. Аралас сандарды қосу және азайту. Мысал келтіру (4 мысал)
ІІІ топқа. Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту (4 мысал)
ІV топқа. Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу (4 мысал)
Әрбір топқа плакаттар мен маркерлер беріледі. Оқушылар өздері мысалдар құрастырып, нәтижесін есептеп шығарады және бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін мысалды түсіндіргенде айтады.
ІІІ. «Білімді мыңды жығар» есептер шығару(топтық жұмыс)
І топ есептері. 1.Амалдарды орындаңдар:
- Есептеңдер:
3.Бөлуді орында:
4.Көбейтуді орында:
ІІ топ есептері. 1.Амалдарды орында:
- Есептеңдер:
3.Бөлуді орында:
4.Көбейтуді орында:
ІІІ топ есептері: 1.Амалдарды орында:
- Есептеңдер:
3.Бөлуді орында:
4.Көбейтуді орында:
ІV топ есептері: 1.Амалдарды орында:
- Есептеңдер:
3.Бөлуді орында:
4.Көбейтуді орында:
ІV. «Ерінбей талмай төгіп тер, білгеннің үстіне біле бер» (деңгейлік тапсырмалар орындау.)
Әрбір топқа бір – бірден таратып, тапсырмаларды әрбір оқушы өзі таңдап алып орындайды. Оқушы өзі таңдаған деңгейіне қарай есеп шығара алады.
Бөлшектерге амалдар қолдану
А деңгей | А деңгей | В деңгей | В деңгей | С деңгей |
- Қорытындылау. Әрбір топқа сұрағы жазылған кеспе қағаздары мен қызғалдақ гүлдері таратылады. Әр топ орынды жауап берсе шапалақтау арқылы тренинг жүргізіледі. Мұғалім қызғалдақ гүлін бірінші топқа, бірінші топ жауап берген соң екінші топқа, екінші топ жауап берген соң үшінші топқа сөйтіп жалғастырып соңғы топ мұғалімге береді. Қорытынды «нені ексең соны орасың » демекші ұстаз шәкіртін тәрбиелеуден жалықпай, білім нәрімен сусындатып, жақсылық жасай білсе,жақсылығы алдынан шығады,еңбегің жемісін береді.
- Бағалау
VII.Үйге тапсырма
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718