Ар -намыс керек адамға
Мектеп: Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Айманов ат. жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» КММ
Мерзімі: 15.11.2017ж Мұғалім: Молдасарина Гульжихан Канатовна
Сынып: 9 «а» Оқушылар саны: 18
Тақырып: «Ар намыс керек адамға»
Құндылық: ақиқат Қасиеттер: адамгершілік, шыншылдық, жақсылық жасау
Мақсаты: оқушылардың ұят, намыс, ар туралы түсініктерін кеңейту
арқылы, оларды өмірдің мәнін түсінуге, ақиқатқа жеткізетін қасиеттер ретінде қабылдауына ықпал жасау.
Міндеттері:
–
ұят,намыс, ар ұғымдарының мәнін түсіндіру;
–
әр адамның бойындағы ар, намыс, ұят даусымен дұрыс пен бұрыс істерді ажыратуға дағдыландыру;
адамгершілікке,шыншылдыққа, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
–Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, сабаққа қажетті оқу құралдары туралы естеріне түсіру.
-5 Т ережесін еске саламыз
Тыныштық сәті.(музыка «Красивая мелодия») Нұрға бөлену
Үйге тапсырма: оқулықтағы 64 беттегі А.Құнанбаевтың «Отыз алтыншы сөзін» оқып келу.
– Шығармадан қандай ой түйдіңіз?
Неліктен Абай «ұялмас нәрседен ұялғанды – ақымақтық, жамандық»- дейді? (Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме. Сайф Сарайи)
– «Шын ұят» – деген сөзді қалай түсінесіндер?
– Ар- намыс адамның бойында туа біткен қасиет пе, әлде өмір сүру барысында пайда болған қасиет пе?
– Адам бойындағы ар-намыс қасиеті өмір сүруде қандай орын алады?
– Ұят, ар, намыс сендерге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
– Үлкендердің сендерге «ұят болады» деп қандай жағдайларда айтқанын естеріңе түсіріңдер және айтып беріңдер.
Ар-намысы бар адам қандай адам болады?
Балалардың жауаптары.
Дәйексөз.
Қазаққа ар-ұят ең жоғары саналады.
Ғабит Мүсірепов
Оқушыларға дауыстап оқыту, жаттау. 1-2 балаға жатқа айтқызу.
– Ғ.Мүсірепов кім? Оның қандай шығармалырын білесіздер?
– Неліктен ар-ұят ең жоғары деп саналады?
– Сен қандай іс істесенде, оны бағалағанда ар-ұятына сүйенесін бе?
– Ар –ұяты бар адам ақиқатқа жете алады ма?
– Ар- намысы бар адам өмірінде бірінші орынға нені қояр еді?
Дәптерге көшіріп жазу.
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
«Ар-намыс керек адамға»
Сабағымызда қарастыратын құндылық : Ақиқат
Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат)
Өсиет әңгіме
Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен – кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят.
Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін – дейді Ар.
Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, – дейді.
Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың – адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам – нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді – бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс – ағасы, ар – інісі, ұят – кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен.
Адам үшін ардың пайдасы қандай?
Намыстың пайдасы неде?
Ұяттың пайдасы қандай?
Олар адамның бойында болмаса адам нағыз адам бола алады ма? Неге?
Әдептіліктің негізі ар мен намыс құрайды дегенмен келісесіңдер ме?
Ар-намыс туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?
Өздерін білетін қандай адамдардың Ар-намысы бар деп мысалға келтіре аласыңдар? Қандай адамдарды үлгі тұтасыңдар?
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Жағдаяттарды талдау
1 топқа
Мұхтар ен Болат 9 сыныпта бірге оқиды. Екеуі 7-сыныптан бері жақсы дос. Олар «Медеу» ықшам ауданында тұратын, үйлері де бір- біріне жақын. Мұхтар да Болат та оқу екпіндісі, сабақ дайындағанда бір-бірінің үйіне бара қоятын. Бірақ Мұхтар соңғы кезде көп өзгерді. Сабағы да төмендеді. Болат бұрынғыдай хабарласа қалса, «қолым тимей жатыр», «үйге кісілер келіп қалды», «ата-анам жұмыс тапсырып еді» деген сияқты таусылмайтын сылтауы көбейіп кетті. Бүгін, Мұхтардың өзі қоңырау шалып:
Егер мені ата-анам сұрап жатса, «менің қасымда, екеуіміз сабақ дайындап жатырмыз» деп айта салшы, мен Саматпен бірге клмпьютер клубына ойнауға барамын.»- деді. Самат 10-сыныпта – оқитын көрші бала. Болат не дерін білмеді. «Жоқ, мен олай айта алмаймын» деп айтса, досының көңілі қалады, «Иә, жарайды» десе өзі жақсы танитын Мұхтардың ата-анасын алдаған сәті, көз алдына келді.
– Болатқа қандай кеңес бересіз?
2 топқа
Ертеңіне екеуі мектепте кездесті. Әдебиет сабағы басталды. Әдебиет пәнінің мұғалімі Асқар ағай салиқалы ойын сабақтап, үй тапсырмасын сұрауға көшті.
– Жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы әдебиет туралы бізге Мұхтар айтып берсін- деді мұғалім жәй ғана. Мұхтар орнынан жылдам тұрғанмен, жарытып жауап бере алмады.
– Мүмкін; М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов туралы білгеніңді айтып бересің- деді Асқар ағай. Мұхтар төмен қарай қараған күйі:
– Кеше үйге көршілерден су кетіп қалып, сабақ оқуға қолым тимей қалды-деді. Қасында отырған Болат бұны естігенде өзінен –өзі қызарып кетті. Мұғалім ескертуін алып, орнына отырған Мұхтар досына:
– Сенің мына ісің дұрыс болмады, ұят емес пе? – деді Болат сыбырлап.
– Сенің жұмысң юолмасын, өзім білем – деді Мұхтар да сабақ өқымағанына біреу кінәлідей, реңішті үнімен.
Болат «сабақ біткен соң, осы жағдаймен міндетті түрде сөйлесеміз»- деді ішінен.
· Болат Мұхтармен қалай сөйлесті?
· Достар қандай шешім қабылдауы мүмкін?
3 топ
Асқар ағай әдебиет сабағында балалардың айтқан ойларын қорытындылап, еліміздің тәуелсіздігі оңайлықпен келмегенін түсіндірді: – Жаңа айтқан алаштың арыстары ел үшін, жер үшін, халқы үшін аянбай еңбек етіп, тар жол тайғақ кешуден өтті. Осы жолда өз өмірлерін қиды.
Ғасырлар бойы егемендікті, елдікті аңсаған ата баба арманына куә болған бүгінгі ұрпақ сідер бақыттысыздар. Сіздердің бүгінгі алған білімдеріңіз болашағыңызға, еліміздің ертеңіне қызмет етеді.
Ал, сіз өзіңіз үшін, еліңіз үшін не істей аласыз? Болашаққа қандай үлес қосасыз? Щсы кезде Мұхтар сөйлеу үшін қолын көтерді.
· Мұхтардың сөз сұрауына не себеп боды?
Мұғалім қорытындылайды:
Даналық тіліндегі ар-намыс
Ар-намыс – адалдықтан, беріктік пен даналықтан иленген бір қамыр. Мұндай қосындыдан тұрғызылған үй ешқашан құлаған емес. Ондай үйлердің құлауы тым сирек кездесетін жағдай.
Ар-намыс – ер жігіттің мәрттігін танытатын сипат. Ар-намыстың аяққа тапталуы мәрт жігіт үшін масқара жағдай, ал оған немқұрайды қараса, ол адамдықтың ең төменгі деңгейіне түскен болып саналады.
Әйелдің ең құрметті және құнды қасиеті – ар-намысының тазалығы. Өз намысы мен отбасының абыройын қорғауға немқұрайды, жауапсыз қараған адамдар ұлттық намысты қорғауда да сондай енжарлық танытары айқын.
Намыс пен құрмет бір емес. Байлық құрмет әкелсе де, ар-намыстың кепілі бола алмайды. Ал кедейлік намысты жоқ ете алмайды.
Ар-намыс – барлық халыққа тән қасиетті ұғым. Ар-намыс үшін ант береді. Асыл қасиеттердің ішінде жүзі алмастай жарқ ете қалатын айрықша қасиет. Ар-намысы жоқ адамдар құрмет пен ізгілік сүйгіш бола қалғанның өзінде, онысы көзбояушылық әрі жалған болып шығады.
Ар-намыс баға жетпес құнды алмас және қаншалықты ұқыпты сақталса, оның құндылығы да соншалықты арта түспек.
Басқалардың намысын өз намысы мен абыройы сияқты қорғамаған адамдарға еш нәрсе аманат етіп тапсырылмайды және оларға сенуге де болмайды…
Жарқанаттардың жарықты жақтырмайтыны сияқты, дінсіздер дінді, надандар ғылымды, дөрекі жандар әдептілікті, ар-намысты білмегендер намысты жақтырмайды.
Үй тапсырмасы.
Мұғалім: оқулықтан бет 69-70 «Балқар аңызы» мәтінің оқып келу.
Топпен ән айту.
Асыл Жандаулетов Баян Нұрмағанбетова «Ғашықтар мұны» караоке арқылы айту.
Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін. Көздерінді жұмуыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, сүйіспеншілікке толы екенін ұмытпаңыздар. Өздерінді бақыттың, шипалы ауаның тұла бойларына толғаның сезініңдер.
Мен жайдары, ақ көңіл және белсендімін.
Менің қолымнан барлығы келеді.
Мен айналама тек жақсылық тілеймін.
Мен өз жүрегімді тындаймын.
Мен бақыттымын.