Адамгершілік құндылықтарды бала бойына сіңіре білу
Жақсылықова Райхан
Адамгершілік құндылықтарды бала бойына сіңіре білу
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды – бұл уақытқа қарай өзгермейтін және белгілі бір адамдар тобына (әлеуметтік топтар, таптар, партиялар, мемлекет немесе мемлекеттер кваликациясына) ғана емес, барша адамзат үшін маңызы бар құндылықтар. Олар:
Сүйіспеншілік,
Ақиқат,
Дұрыс іс-әрекет,
Жан тыныштығы,
Қиянат жасамау
Адам ішкі үйлесімге қол жеткізу үшін ойы, сөзі, ісінде жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануы керек. Оларға адам тұлғасы құрылысының келесі деңгейлері сәйкес келеді:
– Қиянат жасамау – рухани деңгей (интуиция, ар – ұждан, шабыт )
– Ақиқат –интеллектуалдық деңгей (ажырата білу деңгейі,сана)
– Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгейі (ментальді,ой,сөз )
– Жан тыныштығы-эмоционалдық деңгей (сезім)
– Дұрыс іс-әрекет-физикалық деңгей
– Мінез-адамның ең басты байлығы.
Іс-әрекеттегі сүйіспеншілік – Дұрыс іс-әрекет
Сезімдердегі сүйіспеншілік – Жан тыныштығы
Ойларымыз бен сөздеріміздегі сүйіспеншілік – Ақиқат
Әлемді сүйіспеншілікпен түсіну – Қиянат жасамау
Сүйіспеншілік- өзін-өзі танудың негізін қалаушы құндылық
Риясыз сүйіспеншілік
Сүйіспеншілік қуаты
Сүйіспеншілік жолындағы кедергілер
Педагогикадағы сүйіспеншілік
Сүйіспеншілікке толы өмір
Өзімшіл сүйіспеншілік
Өзара сүйіспеншілік
Сүйіспеншілік таңдамайды және талқыға салмайды. Сүйіспеншіліксіз өмір тұл. Сондықтан даналар сол сүйіспеншіліктің алдында бас иеді.
Конфуций
Өмірдегі ең басты нәрсе
К.Д.Ушинский не деп сұраса –
сүйіспеншілік деп жауап берер едім
Сүйіспеншілік арқылы ғана
М.М.Пришвин өзіңді өзің жеке тұлға ретінде
тануға және адамзаттық
сүйіспеншілік әлеміне енуге болады.
А. Құнанбаев
Адамшылықтың алды – махаббат, ғадаләт сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. … Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса да ол кісі – ғалым.Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбексіз,көзбен көріп, ақылмен біліп.Адамның жақсысы- адамға сүйіспеншілікпен қарағандар.
Ш. Құдайбердиев
Адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға, негізгісі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болу керек.Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ… Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.
М. Ганди
Жек көруді – сүйіспеншілікпен, жалғандықты – шындықпен, зорлықты – шыдамдылықпен жеңу керек.
Тереза Ана
Біз аурудан дәрінің көмегімен айығамыз, бірақ жалғыздықтан, күйзелістен және үмітсіздіктен жазатын жалғыз дәрі – бұл сүйіспеншілік.Әлемде көптеген адамдар аштықтан өледі, бірақ та сүйіспеншіліктің жетіспеуінен өлетіндер олардан да көп.
– Риясыз сүйіспеншіліктің бастауы да, аяғы да болмайды.
– Уақыттың барлық категорияларында – өткен шақ, осы шақ және келер шақта – өмір сүреді.
– Сүйіспеншілік пен өмір екі аспект емес, бір.Сүйіспеншілік өмір табиғатының өзі.
– Сүйіспеншілік – ол эмоция емес.Әлемді өзгерте алатын, өмірді тудырушы және қолдаушы өте қуатты энергия.
– Адам сүйіспеншілк қуатын таратушы болып табылады.
– Сүйіспеншілік үнсіз даналық.
– Сүйіспеншілік риясыз.Ол марапат, сый күтпейді.Сүйіспеншілік өзіне өзі сый.
– Сүйіспеншілік – бұл рахат нәрі (блаженство) және күш.
– Сүйіспеншілікті берген сайын көбейе береді.
– Сүйіспеншілік – бұл кеңею немесе ұлғаю (разширение)
– Сүйіспеншілік қорқынышты білмейді.
– Сүйіспеншілік өтіріктен алшақ болады.
– Сүйіспеншілік бастан немесе тілден емес, жүректен шығады.
– Сүйіспеншілік берумен және кешірумен, ал менмендік (эго) алумен және ұмытумен өмір сүреді.
Сүйіспеншілік қуаты қалай беріледі?
Сөзбен, көзқараспен, күлімсіреу арқылы, жұғысу арқылы, іспен, түсінушілікпен, оймен.
Сүйіспеншілік қуатының қайнар көзі не?
Ризашылық, жақсы көрушілік, жақсылық іс
Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүлденуіне не кедергі болады?
Өзімшілдік, ашу – ыза, қызғаныш, шыдамсыздық , қанағатсыздық, қызғаныш, сараңдық.
Жүректегі Сүйіспеншіліктің гүлденуіне не әсер етеді?
Тек риясыз қызмет еткенде ғана жүректегі риясыз сүйіспеншілік гүлдейді.
Я.А.Коменский
… Алдымен жақсы көру, сонан соң оқыту…
В.А.Сухомлинский
Адамның жастық шағында сенімін жоғалтуы салдарынан, жан дүниесі ағаштанып, тас құсап қатып қалуы сияқты көрінеді маған.Ештеңеге де сенбейтін адам болу – қорқынышты нәрсе ғой.Қайырымдылыққа сенбейді. Қасиетті нәрселерге сенбейді.Адамға сенбейді.Өзіне де сенбейді.Жан дүниенің осылай тотығуына қалай қарсы тұру керек? Сондықтан да мен бала бақшаларда, мектептер мен жоғары оқу орындарында жалпыадамзаттық құндылықтарды оқытуды енгізу керек екендігіне сенемін.Ол үшін арнайы кітап шығарып, «Адамдарды сүю» мамандығы бойынша мұғалімдер дайындау керек.
Өзін-өзі танудағы сүйіспеншілік ұстанымдары
*Өзін-өзі тануда бастысы – талап ету емес, көмектесу және оқыту емес, жақсы көру;
*Сабақта маңыздысы нәтиже емес, оны сүйіспеншілікпен жүргізу;
*Рухани-адамгершілік білім – сүйіспеншілікпен ішкі жан дүниесінің өзгеруі;
*Өзін-өзі тану адамның риясыз сүю қабілетін айқындайды;
*Өзін-өзі тану қоғамға қызмет ету дағдысын қалыптастырады.
Абайды халықтың көреген көзіне, қайырымды жүрегіне, даналығына теңеген М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан төмендегідей үзіндіні оқуға болады. Абайға әкесі Құнанбай мынадай үш мін айтады:
– Ең әуелі арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың, өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың, бұлдай білмейсің, көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың.Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жайлайды.Екінші, дос пен қасты сараптамайсың.Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ.Ішіңде жатқан сыр ұшығы жоқ.Жұрт бастайтын адам сондай болмайды.Басыңа ел үйірілмейді.Үшінші, орысшылсың.Солай қарай ден қойып барасың.Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! -деді.
Бұл сөздердің түкпірін Абай оңай таныды.Жас жігіттің өз жүрегіндегі нәрім мен барым деп жүргендеріне шабуыл жасалып отыр…
– Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам.Ең әуелі жайдақ деп теңгердіңіз.Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын.Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған.Бір қора қойды жалғыз қойшы «әй» десе өргізіп, «шәйт» десе жусататын болған.Бертін келе, ол түйе сияқты болды.Алдына тас лақтырып, «шөк» десең, ақырын барып қана бұрылады.Ал қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді.Ендігі ел жылқы сияқты болды.Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады.Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады…Үшінші, орысты айттыңыз.Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы-білім-өнер.Сол өнер орыста.Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатын бола ма?… Жатырқап қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас … -деді.
Тереза Ана , Я.Корчак, М.Ганди өмірлерінен мысалдар.
Қайнар бұлақ жерден жоғары қарай бұлқынып ағады, тоқтамайды.Оған қоқыс тастаса да, ол ластанбайды, су қоқысты да ағызып әкетеді.Осы қайнар бұлақ сияқты ештеңеге қарамастан риясыз сүйе беріңіз.Тоқтамай аққан бұлақ сияқты сіздің риясыз сүйіспеншілігіңіз де сізді жамандықтан, қайғы-қасіреттен қорғайды.Сізді біреу қаралағысы келсе де, жамандық жасағысы келсе де, сіз оны байқамайсыз, өйткені сүйіспеншілік қайнары оны шығарып тастайды.
… Кез-келген бір іспен айналысып жатқанда өзіңізді бақылап көріңізші, сіз қатты өзіңізге салмақ салып тұрсыз.Бетіңіз тырысып, әсіресе қолдарыңыз жиырылып мұңды білдіріп тұрады.Осылайша қанша қуатыңызды пайдасыз нәрсеге жұмсайсыз.Мұның бәрі сіздің сүйіспеншілікпен жұмыс істей алмайтындығыңыздан.Тоқтаңыз, денеңізді толығымен бос ұстаңыз, әсіресе, миыңызды демалдырыңыз, бірнеше минутқа оның қызметін тоқтатыңыз да, тек бойыңыздағы сүйіспеншілік ағынын ғана сезініңіз.Ең үлкен құпия және ең тиімді тәсіл-сүйіспеншілік.Таңертең үйден шығарда әлемдегі барлық тіршілік иесіне сәлемдесіп, саулық тілеуді ұмытпаңыз.Оларға «Мен сендерді жақсы көремін» деп айтыңыз.Сосын өз жұмыстарыңызға жүре беріңіз.Күні бойы көңіл-күйіңіз көтеріліп, өзіңізді бақытты сезінесіз.Сіздің басқалармен қарым-қатынасыңыз жақсы болады.Өйткені, сіз бәріне сүйіспеншілігіңізді жібердіңіз және ол кеңістіктің әр бұрышынан өзіңізге қайтып оралады.Лайықты өмір сүру үшін көп нәрсе жасауға болады? (Омраам Микаэль Айванхов)
Адам махаббатының құдіреті қандай күшті!Өмір сүрудің негізгі мәні осы емес пе? Біз жасау, жарату, жаңарту… үшін махаббатпен, махаббат үшін өмір сүреміз.
***
Баланың бойындағы қабілеттерін ашып, оның өз жан-дүниесіне үңіліп, өз болашағына деген сенімін ояту, өзін-өзі құрметтеп, өз ар-ұжданымен өмір сүруі қандай маңызды десеңізші! Мейірбандық пен сүйіспеншілік жүректен жүрекке жетіп әлемге шапағат нұрын төге берсін… С.А.Назарбаева
«Табиғатым – Махаббатым» әнімен
Бәрін де сүйеміз риясыз.
Қалайша жаманға қиясыз?!
Әлемге жақсылық жасайық,
Жаманды осылай тиясыз!
Табиғатым – Сүйіспеншілік.
Табиғатым – Сүйіспеншілік!