М.Мақатаев “Аққулар ұйықтағанда”поэмасы
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы |
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Ана махаббаты |
Мақсаты |
М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы ана махаббатының мағынасын ұғындыру,адамгершілікке,имандылыққа,ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.Ана махаббатының күші-қуатын таныту. |
Сабақ міндеттері |
Шығармашылық ізденіс.Шығармадағы өзекті ойды құрайтын мәселерді табу.Әңгімедегі сөз айшықтарын табу. Ой тұжырым жасауға бағыт беру. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту,еркін сөйлеуге ықпал ету. |
Күтілетін нәтиже |
Сыныпта не болып жатқанын анықтау. Оқушы белсенділігін анықтау. Ұжымдық қарым-қатынасты бақылау. Сыни тұрғыдан ойлау қабылеті дамиды. |
Негізгі идея |
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру,ой-өрісін,дүниетанымын кеңейту.Өзара әрекеттесе отырып ,топтық жұмыс істеуге дағдыландыру. Оқушыларға анық та нақты мақсат қоюға мүмкіндік беру. Өзара салыстыра талдауға белсенділікпен қатысу. Бірін-бірі бағалай білу дағдысын қалыптастыру. |
Сілтеме |
АКТ,семантикалық карта, плакат,тапсырмалар |
Сабақ түрі |
Талдау-қайталау |
Сабақтың типі |
Сыни тұрғыдан ойлау |
Әдісі |
Диалог,топпен, жеке,СТО |
Сабақтың барысы |
Ұйымдастыру кезеңі: Үй тапсырмасын тексеру Диалогтік әдісіне құрылған тапсырмалар Рефлексия Үйге тапсырма беру |
Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңбері» Оқушылар сабаққа тілектер айтады.
Қызығушылықты ояту мақсатында оқушыларды топқа бөлу.Түрлі-түсті қағаздарды таңдау арқылы топтарға топтастыру.
«Ой қозғау» М.Мақатаевтың өмірі,шығармашылығынан қосымша деректер.
Аққу құс туралы қосымша мәлімет.
Жетімкөл туралы қосымша материалдар айту.
Үй жұмысын тексеру.
1-топ. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына композициялық талдау жасау.
2-топ. Поэмаға шағын көрініс.
3-топ. Ана образын ашатын үзінділерді тауып, анаға мінездеме беру.
4-топ . Поэманың мазмұнына талдау жасау.
Диалогтік әдіске құрылған тапсырмалар.
1-тапсырма.
Флипчарт қорғау
1- Топ .Аққулар тағдыры арқылы ақынның айтпақ ойы.
2- Топ.Анаға құрмет қандай болмақ?
3- Топ .Ақынның поэмада көтерген мәселесі.
4- Топ .Перзенттік парызын түсінбейтіндер де бар.
2-тапсырма .
Семантикалық картамен жұмыс.
Поэмадан үзінді |
Алған әсерім |
…Оралмады аққулар осы маңға, Жылдар өтті,байғұстар шошыған ба? «Жетімкөл» жетімсіреп қала берді. Арман-ай,аққуымен қосылар ма?! Бала жатыр төсекте, албыраған, Әке жатыр еденде,қалжыраған. Түн күзетіп ана отыр,қос жанары Шарасыздан шаршаған,жаудыраған. Түні мынау-тамыздың маужыраған, Тауың анау-шымылдық салбыраған.
|
|
3-тапсырма. Салыстыру.
мМПМФА
Өткен күндегі аналар тағдыры |
Бүгінгі күнгі аналардың тағдыры |
Ұқсастықтары |
Бағалау. Бағалау критерийлері бойынша топтар бірін-бірі бағалайды,әр оқушыға жеке бағаны өзім қоямын.
Бағалау критерийлері:
1. Өз ойын толық,сауатты жеткізе білуі.
2. Шығармашылық қабілеті.
3. Ой-пікірін дәлелдей алуы.
4. Тапсырманың мазмұнын аша білуі.
5. Топпен жұмыс жасай алу белсенділігі.
Рефлекция «Менің сабақтан алған әсерім» Сабақ туралы кері байланысты стикерлер арқылы тақтаға жазып қыстырады.
Үйге тапсырма беру. «Ана – өмірдің шуағы» шығарма жазып келу.