«Ыбырай әңгімелері»

Садууахасова Магрипа Жубатхановна

Тақырыбы :  Ы. Алтынсарин   әңгімелері.

Мақсаты : Ыбырай Алтынсарин  туралы алған білімдерін  кеңейту

Міндеттері:

  • Әңгімелерінің мазмұнын түсіну, мазмұны бойынша көңілге түйгенін анықтау.
  • Өздері жасаған жұмыстарына қорытынды жасайды, тіл байлығы,сөйлеу мәдениеті дамиды.
  • Адамзатты құрметтеуге, кішіпейілдікке, ізеттікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,тапсырмалар,презентация,мультфильмдер.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап, «Бес жолды өлең»стратегиясымен мәнерлеп оқу,постер т.б

Барысы :

І.Ұйымдастыру кезеңі:

  • «Мен саған сенемін» тренингі .Психологиялық дайындық

-Оқушылар  топ  құрамыз, бір-біріміздің  көздерімізге қарап отырамыз, алақандарымызды түйістіреміз, енді  барлығымыз: «Мен саған сенемін, өйткені сен..». (мықтысың,бақыттысың,ақылдысың т.б)

 Сәлемдесу : «СӘЛЕМ –СӨЗДІҢ АНАСЫ»

Сабағымызға келгендер,

Сәлем бердік ,бәріңе.

Ізгілікке сенгендер,

Сәлем бердік ,бәріңе!

Өз бақытын өзгемен

Тең бөлісе білгендер

Сәлем бердік бәріңе!

Топқа бөлу.Бізде қазір қандай мезгіл?Ендеше көктемге байланысты сиқырлы қоржыннан гүлдер алу арқылы топқа бөлінеміз.

«Бәйшешек», «Жауқазын», «Раушан» топтары.Әр топ өз басшысын сайлайды.Топ ережесімен таныстырылады.

Оқушылар топтың атауымен бірге оның мағынасын айтып өтеді.

  1. «Ғибрат»тобы – «Үлгі,өнеге,тәлім»
  2. «Еңбек »тобы- «Іздену,жасау,талпыну»
  3. «»Адамгершілік тобы- «Әрекеттену,ұмтылу»

Топтың ережесі

  1. Бір – бірін тыңдау
  2. Уақыт үнемдеу.
  3. Белсенділік таныту.
  4. Достық қарым -қатынас.
  5. Ұйымшыл болу.
  6. Тыныштықты сақтау.

ІІ.Қызығушылықты ояту:

Ребус шешу:   Аудиожазу арқылы Ыбырай  Алтынсарин туралы слайд көрсетіледі . (Тыңдаған,көргендері бойынша сұрақ-жауап)

       «Брейн-ринг» ойыны.

  • Бұл өлең жолдарын кім жазған?
  • Ыбырай Алтынсарин қай жерде туған?
  • Ыбырайды кім тәрбиеледі?
  • Ол қайда оқыды және қандай ?
  • Ыбырайдың мақсаты?
  • Қай қалада қазақ балалары үшін мектеп ашты?
  • Алғашында балаларды қай жерде оқытты?
  • Қай жылы қыздар үшін мектеп –интернат ашты?

Балалар,Ыбырай Алтынсаринның қандай шығармаларын білесіңдер?

Ыбырай атамыздың  балаларды білімге,оқуға шақыратын қандай өлеңі бар?Кім жатқа оқып,мәнерлеп айтып береді? (Оқушы «Кел,балалар,-оқылық»өлеңін  жатқа оқиды ).

“Кел, балалар, оқылық”

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің  алдыңнан

Іздемей-ақ табылар

       «Брейн-ринг» ойыны.

  • Бұл өлең жолдарын кім жазған?
  • Ыбырай Алтынсарин қай жерде туған?
  • Ыбырайды кім тәрбиеледі?
  • Ол қайда   және қандай оқыды?
  • Ыбырайдың мақсаты?
  • Қай қалада қазақ балалары үшін мектеп ашты?
  • Алғашында балаларды қай жерде оқытты?
  • Қай жылы қыздар үшін мектеп –интернат ашты?

     Ыбырай еңбегі бағалы ма?

Оқушылар ,балалар  әдебиетінің  атасы  Ыбырай «Кел,балалар,оқы-лық!»өлеңімен басталған  туындысы  тәрбиенің  алтын  діңгегі болып,

жеке тұлғаға тәрбие берудегі «Қазақ хрестоматиясының» төрінде алатын орны ерекше. Олай болса,бүгін біз осы жинаққа енген әңгімелеріне шолу жасаймыз.

ІІІ.Мағынаны тану.

Енді балалар,Ыбырай атаның әңгімелеріне тоқталып,оның мәнін түсініп ,мағынасын ашуға  дайындалайық.

1.“Асыл шөп” әңгімесі . Көрініс арқылы көрсету.осы әңгімеден не түйдіңдер?(Үлестірмедегі кеспедегі сұрақтарға жауап беру)

1.Әңгіме не туралы?

2.Қыздардың әрекеті қандай еді?

3.Оқиғада не айтылды?

        2.“Әке мен бала” әңгімесі . Мультфильм көрсету.

Үгіт ,насихат  түсіндіңіздер ме? ?(Үлестірмедегі кеспедегі сұрақтарға жауап беру)

1.Әкесі баласына не айтты?

2.Баланың іс әрекеті?

3.Сен болсаң не істер едің?

          3.“Бақша ағаштары” әңгімесі . Мульмфильм  арқылы көрсетілді.

Адамгершілік тәрбиесін түсіне білдіңіздер ме? ?(Үлестірмедегі кеспедегі сұрақтарға жауап беру)

1.Бала атасына қандай сұрақ қойды?

2.Атасы не туралы әңгімеледі?

3.Мәтіннің атауы тақырыпқа сай ма?

           ІV.СЕРГІТУ СӘТІ . «КӨҢІЛДІ КҮН»әнімен бірге орындау

           V.ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС 

“Бес жолды өлең”  стратегиясы

1.Кім ? (1 зат есім )

2.Қандай? (2 сын есім)

3.Не істеді ? (3 етістік)

  1. 4 сөзден тұратын сөйлем.
  2. Мағыналас сөз. (Синоним)

          VI.Бекіту 

  • Ыбырай аталарыңыздың әңгімелерінен қандай құндылықтар жина-дыңыз?
  • Сіздерге қайсы әңгімесінің мазмұны тереңірек ықпал етті?
  • Осы әңгімелерден өзіңізге алар тәрбие тәлімі бар ма?

VII. Қорытындылау.

    Егер  сіздер Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын толық түсіне оқып шықсаңыздар,онда жеке тұлға бойында адамгершілік-иманды-лық  қасиеттері арта түсер еді,өйткені  бүгінгі қоғамға өз-өзіне та-лап қоя алатын.адамгершілік құндылықтарды бойына дарыған  бәсе-кеге қабілетті тұлға қажет. Олардың  бірі сіздер боласыздар.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *