« Бала болашағына жол ашайық»

Амангалиева  Асылзада  Канатовна

« Бала болашағына жол ашайық»

 (№ 1 ата – аналар жиналысының жоспары)

 

Жалпы ата –аналар жиналысы

Тақырыбы: « Бала болашағына жол ашайық»

Мақсаты: 2017-2018 оқу жылындағы бөбекжайдың ағымдағы жүргізілетін оқу тәрбие жұмыстарын ата-аналармен жүйелі, тиімді ұйымдастыру.

Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақша жұмысының ынтымақтастығын жандандыру.

Күн тәртібінде:

  1. 2016-2017 оқу жылындағы оқу тәрбие жұмыстарының қорытындысы мен жаңа оқу жылындағы мақсат-міндеттермен таныстыру.

Хабарламашы: әдіскер: А.Уразмуханбетова

  1. «Кел, танысайық» ата-аналармен сауалнама жүргізу.

Психолог: Д.Қарабалина.

  1. Жалпы ата-аналар комитетінің төрағасы мен әр топтың ата –аналар комитеті төрағаларының есебін тындау
  2. Бейнеролик «Шеге».
  3. Ағымдағы мәселелер

Бөбекжай директоры: Д. Тасимова

Ембике: Д. Қабдрашева

  1. 2017-2018 оқу жылындағы ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау, жылдық жұмыс жоспарымен таныстыру.

 

Күн тәртібіндегі I-ші мәселе бойынша бөбекжай әдіскері А.Уразмуханбетова 2016-2017 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысымен жаңа оқу жылындағы мақсат, міндеттермен таныстырды, тыңдалып талқыланды.

  1. «Кел, танысайық» атты тренинг. Әр топтың ата-аналарын 6 түсті жүрек арқылы бөліп, бір-бірлерімен таныстырды.
  2. Әр топтың ата-аналар комитетінің төрағаларының есебі тыңдалып, талқыланды.
  3. «Шеге» тақырыбындағы бейнероликте бөбекжай мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты бейнеленіп, екі жақты бірлікте бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

Сөйлеу: Ата-ана: Джамбулова А.

Бейнероликтен алған әсерім мол. Біз осы балабақшада балаларымыздың тәрбиеленіп жатқанына қуанамыз.

  1. Ағымдағы мәселелер.

Бөбекжайы директоры: Д. Тасимова

Биылғы 2017-2018 оқу жылында балалардың балабақшамен қамтылу деңгейі, заман талабына сай қарапайым білім дағдыларын балабақшадан меңгерту үшін  балабақшадан себепсіз қалдырмауларын ескертті.

Ембике: Абдрашева Д.

Жаңадан келген балалардың бейімделуі, күнделікті тазалық жұмыстарын уақытылы жүргізу  жөнінде айтып өтті.

Сөйлеу: Ата-ана: Темірболатова Ф.

Сөз түйінінде ембикенің балабақшадағы тазалықтың уақытылы жүргізіліп отырғандығын балалардың балабақшаға қатынасын дәлелсіз қалмайтындығы жөнінде айтып өтті. Жалпы балабақшаның біздің балаларымыз үшін орны ерекше балабақшадағы шараларға қтынасып, аудандық, облыстық, республикалық деңгейге дейін мерейін көтерді. Өткен оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарына ата-аналар атынан ризашылығымызды білдіреміз.

  1. 2017-2018 оқу жылындағы ата-аналар комитетінің жаңа құрамы сайланды.

Қаулы етеді:

1.Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасының жұмысының ынтымақтастығын жандандыру топ тәрбиешілеріне міндеттелсін.

  1. Бөбекжайдың ағымдағы оқу жылында жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ата-анамен жүйелі, тиімді ұйымдастыру өткізу топ тәрбиешілеріне міндеттелсін, балаларды себепсіз бөбекжайдан қалдырмау ата-аналарға міндеттелсін.

«Қызғалдақ » мектепке дейінгі бөбекжайда 2017-2018 оқу жылындағы ата-аналармен жүргізілетін  тәрбие мен оқыту жұмысының жылдық жоспары.

 

Р/с Тақырыбы Ата-ананың міндеті Жауапты
1 «Күз кереметі- жапырақтар» (ата-аналар мен балалар шығармашылығы байқауы) Көрме жұмысы Барлық топтың ата-аналары
2 «Бантиктер» күні мерекесі. Бір күнгі көңіл-күй белсенділігі. Топтық флеш-моб Барлық топтың ата-аналары
3 «Кішкентай ару мен сүйікті тәрбиешісі-2018» байқауы. Мерекелік киім дайындау Барлық топтың ата-аналары
4 «Отбасы жарастығы» байқауы. Фото стенд дайындау Барлық топтың ата-аналары
5 Дәрігерлік кеңес: «Балалардың құнарлы тамақтануын ұйымдастыру» Дөңгелек үстел кеші Барлық топтың ата-аналары
6 «Балаңыздың бөбекжайдағы бір күні» (Баланың бір күнгі күн тәртібі) Балалардың күн тәртібімен толық танысу, ой-бөлісу Барлық топтың ата-аналары
7 «Менің баламның ойын алаңы»(топ ата-аналары арасында байқау ұйымдастыру) Ойын алаңын безендіру. Көгалдандыру жұмысына қатынасу Барлық топтың ата-аналары
8 «Спорт-сенің серігің» әкелермен отбасылық сайыс Ойын- сауық Барлық топ әкелері

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *