Ұсақ қол мотрикасының маңызы

Хурметхан Береке

Балабақашадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздікқорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен ойын жаттығуларын жүргізу – тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.

Балалармен ойын жаттығуларын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйрету.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік ойын жаттығуларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа іс-қимылды меңгерту;

-үйренген сөздерін, іс-қимылдарын тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі ойын жаттығулар жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

 

Cөйлеу тілін түзетудегі ұсақ қол моторикасының маңызы

Тіл – адамның қатынас құралы болса, сөйлеу тілі негізінде ойлаудың өзіне тән ерекшелігі жасалып, адамдар арасындағы әлеуметтік байланыс орнайды. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Мектепке дейінгі кезең-ағзаның барлық бөліктеріні және жүйелерінің қарқынды дамып қалыптасу кезеңі. Осы мектепке дейінгі кезеңде баланың қалыпты дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным мен іскерлігі қалыптасады. Балалар арасындағы сөйлеу тілінің бұзылуы жиі кездесетін құбылыс. Көптеген тәжірибиелерге сүйенсек, сөйлеу тілі бұзылған балалардың белсеңді қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Халқымыз «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Өнер алды-қызыл тіл», -деп тіл құдіретіне табынса, қолдың да маңызын «Он саусағынан өнер тамған», «Бес саусағынан бал тамған», «Көз-қорқақ, қол-батыр» деп бағалаған, бұның өзі адамның ішкі жан-дүниесін білдіреді.

Бұл ғылыми түрде дәлелденген тұжырым. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су-Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзасының белсенді нүктелері қол саусағында орналасатынын дәлелдеген болатын.

Балалардың дыбыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті – психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатынына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет. Ойын жаттығуларын беруде мына принциптерге сүйену қажет:

– Ойын жаттығулары баларға қызықты, тартымды болуы қажет, ересек
пен бала арасындағы қарым-қатынас сенімділікке құрылуы қажет.

– Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделігі қарай ойысады.

Қолдың саусақ қызметін анықтайтын бірыңғай ұғым әдебиетте кездеспейді. Десек те оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ гимнастикасы, саусақ ойындары мен жаттығулары, саусақ ойын тренингі, массаждар. Саусақ гимнастикасы күн сайын 3-5 минуттан жеке және топпен өткізуге болады. Егер бала қимылдарды өз бетімен орындауда қиналса, онда де қажет. Ең алдымен массаж дені сау адамдарға жақсы көңіл-күй мен әртүрлі аурулардың алдын алу үшін керек.

Дамуында әр түрлі ауытқушылықтар бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әр түрлі массаж қолданылады. Оның негізгісі сылау, сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету ол жаттығуды жеке сабаққа қалдырып, пысықтауға болады. Жаттығу нәтижесінде бала саусақ қимылдарын өз бетімен және жеңіл орындайды. Ойын қимылдары әрдайым қызықты да тартымды болуы шарт, баланы мезі қылмауы керек. Мысалы: Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер қолданылады. Саусақ қозғалыстары әр түрлі қысқа ырғақты тақпақтарымен айтылады.

Ол екіге бөлінеді:

  • Отырып ойнайтын саусақ ойындары.
  • Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері
    қатысып секіру, бір орында жүгіру, қол, аяқ, бас қимылдары да бірге
    орындалады.

Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ моторикасын дамытуда қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың да маңызы бар. Қазіргі таңда массаж – ғылыми тұрғыдағы әдіс, ол бүкіл ағзаны, дене және ой қызметін қалыпты ұстауда және қалпына келтіруде көптеген ауруды емдеуде және сауықтыруда маңызы зор. Массаж үлкенге де, кішіге арқылы босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әр түрлі вибромассажер, зонд, дөңгелек, массаж доптар, спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады. Жалпы массаж жасауға қажетті ұсыныстар:

  • Массаж балаға қолайлы жағдайда мүмкіндігінше жақсы музыкалық сүйемелдеумен өткені жақсы.

2) Баланың терісі-құрғақ, таза, ал массаж жасаушының қолы да таза,
жылы, жарақатсыз, тырнағы алынған болуы керек.
Массаж ұзақтығы 10-12 шарадан тұратын бір цикл, күн сайын немесе күн аралы. Алғашқы уақыты 2-3 минуттан басталады.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес»В.А. Сухомлинский. Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озган, өмірде де озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады.

Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *