«Ұстаз» деген ұлы істің мәнін білдім!

Гумаров Кайрат Катепович

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары менің ұстаздық еңбек жолыма, жаратылысыма тән.

Мен өзімнің ұстаздар әулетінен шыққанымды мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын, себебі ұстаздардың ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектеп директоры болған әкеме және де алғаш қалам ұстатқан ұстаздарыма алғысым шексіз.Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал.  Балаларға ұстаздық жасайтын адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын балаларға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу – кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Мен ұстаздарымды, ата-анамды  «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуанамын.

Балалар мен ауыл  тұрғындары    менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен қарады. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: балаларға білім беру үшін, бірінші өзің оқуың  керек, балаларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, балаларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықтымын  деп санадым. Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Өзім тәрбиеші, өзім әдіскер, өзім меңгеруші бола жүріп  жас жеткіншектерге білім бастауын үйретуден жалықпадым. Білімімді ұштау мақсатында жарыстарға, байқауларға  қатыстым. Алдыма қойған мақсатым: талабына сай баланың психололгиялық ерекшеліктері мен табиғи қабілеттерін ескере отырып, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, балалардың оқу іс-әрекетіне ынта-ықыласын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру, экологиялық, эстетикалық, халықтық педагогикалық тәрбие беру.
Осы мамандыққа лайықтылығымның айнасы ретінде, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мына көрсеткіштерімді атап өткім келеді.

Өзімнің  алдағы 30 жыл іс-тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде балаларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмысымның нәтижесінде балаларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім.

Менің  ұстанымым: өзіңді  сүйе біл, отбасыңды, жақындарыңды, өміріңнің көп уақыты бірге өтетін қызметтестеріңді құрметтей біл!

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *