Сындарлы оқытудың жаңартылған білім берудегі тиімділігі

Төлегенова Кулиза Райымкуловна

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жолында Білім беру саласында реформалар жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда сол реформалар негізінде Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.

Еліміздің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан өзгерістерінің бірі модуль бойынша теориялық білімдерді меңгерту. Білім беру үдерісінде осы модульдерді кіріктіре оқыту арқылы сапалы оқу үдерісін ұйымдастыру.

Деңгейлік бағдарлама негізінде білім алу арқылы болашақ маман білім беру әрекетін сауатты жоспарлауды үйренеді, бағалаудағы субъективтіліктен арылады, сабақты диалогты формада жүргізу және оқушылардың көшбасшылығын дамыту сынды заманауи білім беру парадигмаларын игереді, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану жолдарын және инновациялық оқыту стратегияларын меңгереді, сыни ойлау арқылы метатаным деңгейіне көтерілу мүмкіндігін сезінеді.Осы міндеттер білікті маман даярлау ісін шешу кезінде өз ықпалын тигізеді.

Неміс педагогы А.Дистерверг өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді»,- деген екен, демек  әрбір  мұғалім өз пәнінде білімгерлердің әр тақырыпты өздері түсінуі арқылы талқылап, өзара әрекеттесе отырып, оқып-үйренгенін қолдана білуге, сын тұрғысынан ойлау арқылы диалогтық іс-әрекет жасауына  жағдай туғызуы керек. Білімгерлерімнің бойында көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру үшін олардың өзiн-өзi epкiн ұcтayы, өздерiнe дeгeн ceнiмнің артуы, тaбaнды, жiгepлi болуы, бұйығылықтaн apылуы үшін диалогты оқытуды қолдану тиімді екенін практика жүзінде  байқадық.

«XXI ғaсырдa нені oқыту керек?» және «Мұғaлімдер oқушылaрды XXI ғaсырғa қaлaй дaйындaйды?»деген сұрaқтар бүгінгі білім берудегі ең негізгі сұрaқтар екендігі сөзсіз. XXI ғасырға oқушыны дайындау үшін алдымен, өзіміз өзгеріп, сoдан сoң, өзгелердің өзгеруіне үлесімізді қoсуға тиіспіз. Себебі, дәстүрлі сабақтарда мұғалім әрі бағыттаушы, әрі дереккөзі, әрі бақылаушы,  бір сөзбен айтқанда сол сабақтың «иесі» болса, ал жаңа бағдарлама бойынша мұғалім тек бaғыт-бaғдaр беруші, ал сабақтың қалған бөлігін оқушылар өз беттерімен іздену барысында жaңa тапсырмаларды зор құлшыныспен орындай отырып жан- жақты дамиды. Мұғалім оқытудың жеті модулін пайдалана отырып,  оқушыларды жаңа қырынан өзін көрсетуге, ынталандыруға, көшбасшылыққа, жауапкершілікке үйретеді.

Қазіргі заман мұғалімдерінің алдында шешімін табу керек мәселелер мен міндеттер күтіп тұрғандықтан, көшбасшылық міндетін орындау үшін, шынайы, нақты, дұрыс қадамдар жасап, міндеттелген жұмыстарды абыроймен атқарып шығуы үшін, білім берудің заманауи технологияларын меңгеріп қана қоймай, психологиялық, педагогикалық шеберлігіктерін дамыту жолында талмай еңбектенулеріне тура келеді. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыра отырып, мұғалімдердің білімдерін арттыру мақсатында, тәлімгерлердің тұлғалық сапасын дамытуда, педагогикалық қызметте сапалы нәтижеге қол жеткізетін мұғалімдерді дайындауда, тура бағыт- бағдар бере алатын оқу курстарының берері мол.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *