«Тіл-халықтың қазынасы»

Момынова Индира Амантайқызы

Білім беру саласы:

Ұйымдастырылған оқу қызметі:

Тақырыбы: «Ана тілің арың бұл. »

Мақсаты: Балалардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру, мәртебесін көтеруге баулып, танымдық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелу.

 

Көрнекілігі: Слайд, асық, қоржын,

 

Оқу қызметтің барысы:

« Әнұран» айту.

 

Шаттық шеңбері

Арайлап  таң атты ,

Алтын шуақ таратты

Қайырлы таң, балалар

Қайырлы таң, апайлар!

 

Балалар, біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз. Қәне, бір-бірімізге деген достығымыздың нығайту  үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Күніміз жарық болсын,

Аспанымыз ашық болсын

Деніміз сау болсын.

Балабақшамыз жайнап тұрсын.

 

 Ғажайып сәт.

Есік қағылып, ішке шет мемлекеттен қонақ келді. Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті. Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Балалар, бұл қай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы.

-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

Астана қаласы.

-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Ия,көмектесеміз.

-Қазақстан Республикасының елбасы кім?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

– Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі.

Балалар, қазақта қандай ұлттық ойындар бар?

– Қыз қуу, ханталапай, асық ату, ақсүйек, арқан тарту, ақсеректе-көксерек, тоғызқұмалақ.

 

Олай болса, балалар, осы ойындарды ойнап, қонағымызға көрсетейік.

«Асық ату» ойыны

«Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» дейтін сөз бар. Бұл көшпелі қазақтың білімге ұмтылмай, ойын қуып кеткен кезіне айтылса керек. Себебі атауы «асық» болғанымен, бұл ойын көшпелі жұрт, соның ішінде қазақтың ұлттық ойыны. Оның сақталуы, ұрпақтан-ұрпаққа жетуі маңызды.

 

Ойынның мақсаты: Балалардың шапшаңдығын, тепетеңдігін арттыру

 

 

 

«Арқан тарту» Ойынның ережесі: Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық.

 

-Жарайсындар!

Тәрбиеші:

-Балалар, тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?

1.Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой

Мақтанышың елдігің

 

2.Ана тілім

Жүрегісің анамның

Жүрек-ана

Мен өзіңнен жаралдым.

 

3.Қазақстан халқының

Қазақ тілі тірегі

Ана тілде айтылар,

Әнұраны жүрегі.

 

 

Халқымыз қашанда тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Атақты билер, ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ  халқының атақты билері тіл туралы сөз айтқан.

 

Әли;

      Қазбек би:

Жетер енді әркімге бір ермейік

Қазақ болсаң құлашты бір сермейік

Қанға сіңген ана тілім халқым ау

Шұбарлауға ешкандай жол бермейік.

                          

Жандос;

Әйтеке би:

Қазақ, қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің,

Мүмкін емес өлмегі.

 

 

Ақбота;

 

 

 

Балалар,келген қонағымызбен қоштасайық.

Сау болыңыз!

 

Қорытынды.

Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстындар. Елбасымыз «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқандай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларына тілектеспін.

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *