Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі
Нагишева Гульнар Бектургановна
Бүгінгі күн – білім беру мазмұнына түбегейлі өзгеріске бет бұрып тұрғаны баршамызға мәлім. Елбасымыздың өзі сөзінде «Біз қазір білім – ғылым инновация атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз» деген сөзі бар.
Сапалы білім мен тәрбие берудің қамтамасыз ету үшін, қазіргі таңда мемлекет білім саласына қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасап жатыр. 2016-2017 оқу жылында жаңарған оқу жылында «Жаңарған оқу білім бағдарламасына сәйкес» 1 класс оқушыларын қабылдадым.жазғы демалыс кезінде үш жеті Назарбаев зияткерлік мектебінде курсын оқып, тест тапсырып, сертификат пен куәлік алып шықтым. Сонымен 2016-2017 оқу жылында 1 класс оқушыларымен сабақты бастап кеттім. Әрине жағдай жасалды. Оқулықтар жеткілікті және тегін берілді. ОМЖ, ҰМЖ жоспарлары басшылыққа дайын күйінде берілді. Берілген ҚМЖ – ға өзіміздің оқушыларымыздың деңгейіне сай өзгертулер енгізіліп пайдаландым. Мұндағы мақсат бұрынғы дәстүрлі оқытудан айырмашылығы оқушының ойын дамытумен қатар өз бетімен жұмыс жасауға әрекет етуге тиісті екенбіз. Оқушылар бұрынғыша оқып, жаттап қана қоймай, өз ой пікірлерін ортаға салып ой бөліседі. Менің байқағаным оқушы зерттеу, зерделеу жұмысын үйренеді.
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Менің көңілімнен шыққаны Қазақстан Республикасы педагогтарының біліктілігін арттыру курстарының жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны. Әр педагогтың міндеті оқушының шығармашалық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдану жағдаятта туғызып, оның шешімін табуға бағыттау. Жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.
Болашаққа өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Өйткені тәуелсіз Қазақстандағы дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында терезесін тең ететін білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңарған оқу ерекшелігі өсіп келе жатырған жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі оқушылардың дамуына да әсерін тигізуде. Бастауыш мектеп оқушы тұлғасының санасының дамуы, қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің баспалдағы, қиында жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жұмыс жасап жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады. Олар:
Баланы оқи білуге үйрету
Баланы ойлауға үйрету
Баланың өзін – өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау
Әр оқушының көзқарасына ілтипатпен және құрметпен қарау. Ол оқушының ашылуына, өз ойын айта білуіне себепкер болады. Топтық жұмыс жасай отырып, тұтастай топты бақылай білу керек. Мұндай жолмен ақпарат алу өте тиімді. Оқушыларды бақылау арқылы топтағы болып жатқан жағдайлар оларға қаншалықты қызықты екенін, қаншалақты тиімді екенін түсінуге болады. Оларға «Ой ашарды» пайдалана отырып, барлығының бірдей тақырыпты талдауға қатыстыруға болады. Өзіне – өзі сенімсіз оқушылар мен үндемейтін оқушы да жұмысқа араласады. Мұндай тапсырмаларды идеялар қағаз бетіне түсіріледі. Оқушылар қоятын сұрақтарын алдын ала жоспарлап алады. Сұрақты нақты дұрыс қоя білуге дағдыландыру. Барлық топтар өз жұмыстарын жариялап болған соң, ортақ қортынды нәтиже жасалады. бала ерте жастан-ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен жануарлармен әртүрлі заттармен танысып, олардың ерекшеліктерімен қасиет – сапалары туралы мағұлматтар алады. Бірақ бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындай пайдаланылады. Дидактикалық ойындар мазмұны қандайда болмасын, ақыл – ой міндеттерін жүзеге асыру. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, оқушылардың білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.
Жаңарған білім бағдарламасының тағы бір ерекшелігі оқушы білімін бағалаудағы өзгерістер. Әр оқушы өтілген бөліп бойынша өз білімдерін сараптап дәлелдейді. Сол арқылы әр оқушының білім деңгейлерін тексеріп, пайызға шағып, балдық жүйемен есептеп бағаланады. Мұның өзі білімге жаңашылдық бағдарламасының бір сатысы. Әр топ өз тапсырмаларын топтасып орындай отырып, жұмыстарын қорғайды. Тағы бір ерекшелігі: қазіргі балалар АКТ-ны жастайынан қолданады, бірақ ақпаратты сыни қабылдауға үйрету өте маңызды кіріктірілу білім беру бағдарламасында тіл пәндерінің берілу жәйі де өзгеше.
Бағдарлама оқушы төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым – жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық» әдісімен орналастырылған және бір – бірімен тығыз байланысты. Жалпы жыл бойы бірнеше рет қайталанып отырады. Әр класта өскен сайын күрделеніп келеді.
Қорта айтқанда жаңарған білім бағдарламасының мәні – оқушының функционалдық сауатылығын қалыптасуын айта кетер едім. Халқымыздың «Оқу инемен құдық қазғандай» деген қанатты сөзі бекер айтылмаған. Осы нәтижеге шығармашыл, жан-жақты, іздемпаз ұстаз жетістікке жетеді деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Д.Кішібаева «Ұлттық ойындар пайдасы» бастауыш мектеп 20041 –Б 52-56
- М.Жайлауова, З.Сексенбаева «Дидактикалық ойындар және оны пайдалану» Бастауыш мектеп 2004 №6 Б 28-30
- С.Ахметов «Бастауыш кластарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары» Алматы: Рауан 1994 – 84б