Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда белсенді оқыту стратегияларының үлгілерін ендіру

Кушкимбаева Орынкул Сейдилдаевна     

Функционалдық сауаттылықты дамыту- заман талабы. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012- жылғы 27- қаңтардағы “Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды үкімет алдында нақты міндет етіп қойды. “Қазақстан- 2050″Стратегиясы: Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін жоғары білімді ұлт болуға тиіспіз. Бүгінгі таңда адамдардың қарапайым сауаттылығы жеткіліксіз екені айқын. Балалардың жалпы алғанда өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына көп көңіл бөлу қажет. Бұл балаларымыздың қазіргі өмірге бейімделуі үшін маңызды”,- деп атап өткен болатын.

Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, білім беру жастардың сауатын ашып қана қоймай, оны әлеуметтік бейімделу кезінде пайдалануға үйретуі қажет.

Оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі олардың функционалдық сауаттылығы дамуының нәтижесін береді.

Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады.

Негізгі құзыреттіліктер кез келген адамның таңдаған мамандығына қабілеттіліктері мен біліктігіне, бәсекеге қабілетті орта жағдайында өзінің жеке өмірі мен кәсіби жұмысында нәтижеге жетуін түсінуіне мүмкіндік береді.

Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Осыған орай барлық сабақтарда оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамытуды ескере отырып әр түрлі тапсырмалар берілуі керек.

Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды.

Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Функционалдық сауаттылық  дегеніміз – адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Пәндік білім, білік, дағдыларды меңгертудегі шығармашылық ұстаным сабақты шығармашылық үдеріс ретінде құруды мақсат етеді. Оқу үдерісінде жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен шығармашылық тапсырмалар мен жобаларды орындауға үлкен мән берілді. Белгілі бір қатысымдық міндеттерді шешу барысында оқушылардың өз тілек-емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі болады. Оқу үдерісінде оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды, біліктерін жаңа жағдаятта қолдана алуына қажетті дағдылары дамытылады. Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден қойылады.Ол үшін қазіргі таңдағы оқыту технологияларының әр түрлі әдіс – тәсілдерін пайдалану тиімді болып келеді: «Джиксо-ұжымдық оқыту» , «Дана үкілер» , «Ажурлы ара» , «Мозаика немесе Ара ұясы» әдіс – тәсілдері. Мақсаты: Жалпы мәселені жұпта, ұжымда талқылау. Бұл әдіс – тәсілдер мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыланады. Сондай –ақ,  мұғалімді мектеп қызметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйретеді.

Сабақта әр бір өтілген мәтінді өмірмен байланыстырып отыру арқылы бүкіл табиғаттың, қоршаған ортаның сырын, өз туған өлкеңмен байланыстырып өту баланың қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын – әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.

         Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 минут қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.

          Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді.

 Ойлан, жұптас, пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут)   қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.

       Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау) оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады

 Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

        Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою – мәтіннің әр бөлігінен кейін оқушыларға бір – біріне немесе өзгеде оқушыларға белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі. Мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда А оқушы В-ға бірнеше сұрақ жазбаша дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін В оқушы жауап береді. Екінші бөлімнен кейін керісінше В оқушы А оқушыға сұрақ қояды. Үшінші бөлімнен кейін екеуі С және Д оқушыларға сұрақ қояды.

       Жеке тұлғаны анықтау  атты ойынның да тиімді жағы көп. Жүргізуші (мұғалім) ғалымдардың немесе жазушылардың  портреті жапсырылған беттерді таратады.Оқушылар портреттегі адамның фамилясын, өмірін, жаңалықтарын есімімен байланысты оқиғалар т.б еске түсіру керек.Талдау ұзақтығы 5 минут.

       «Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын  дамытуды қамтамасыз ететіндігі.

  • Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.

Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. ЖИГСО әдісін ауқымды тақырып өткен кезде қолданған дұрыс сияқты. Себебі мұнда әр топ мүшесі басқа топтың ішіне кірігіп, сол топтың ақпаратын тобына әкеледі. Осы кезде оқушыларда даму, ұйымшылдық қалыптасады. Сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша «миға шабуыл» стратегиясын қолданған өте тиімді. Бұл әдіс бойынша оқушыларда топпен жұмыс істеу арқылы, көшбасшылық пайда болады.Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі: • қажетті ақпараттар жинауды; • дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды; • кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар; • ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды көздейді.

Төменде балаларға сынып тапсырмаларын ойдағыдай орындау үшін қажетті әрекеттер реті мен дағдылар келтірілген:

  1. Көру немесе есту арқылы алынған ақпаратты өңдеу, сондай-ақ бастапқы дереккөздерді зерделеу кезінде алынған деректерді, жауап алу немесе сауалнама барысында жиналған деректерді немесе оқулықтар, энциклопедиялар немесе веб- сайттар сияқты екінші дереккөздерден жиналған ақпаратты өңдеу.
  2. Зерттеу жүргізуге арналған дәлелдемелерді немесе зерттеу нәтижесінде алынған дәлелдердің негізін құрайтын дәлелдемелерді жүйелейтін түйінді мәселелер, болжамдар мен гипотезаларды түсіну.
  3. Осы түйінді мәселелер мен қолда бар дәлелдемелердің бір-біріне сәйкес келуін және үндесуін талдау.
  4. Жекелеген факторлар немесе түрлі дербес бағалар мен болжамдар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау.
  5. Дәлелдерді немесе бірқатар идеяларды дайындау үшін түрлі ақпарат көздерін жүйелеу. Сіздің идеяңызды қалыптастыратын және қолдайтын түрлі дереккөздер арасында байланыс жүргізіңіз.
  6. Сіздің зерттеуге қатысты дәлелдемелердің шынайылығы мен дәлелділігін және дәлелдемелер сіздің болжамдарыңызбен, туындаған идеяларыңызбен қаншалықты сәйкес келетінін бағалау.
  7. Зерттеу негізінде жатқан сұрақтардың жауабына түсініктеме беру кезінде зерттеу барысында алған білімін қолдану.
  8. Зерттеу қорытындылары мен нәтижелерін дәлелдеу және негіздеу.

Белсенді оқыту мен оқу әдістерін қолдану үдерісінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытқысы келетін мұғалімдер арасында оқу мақсаттарын жіктеудегі Блум таксономиясы ең маңызды жұмыстардың бірі болып табылады. 1 Білу (есте сақтау және қалдыру) Кім, қашан, қайсысы, қайда, не екенін сипаттау, қайталау, тұжырымдау арқылы не білетіндімізді, нені есте сақтағамызды айту. 2 Түсіну (түсінік беру және түйсіну) Өзіңіздің бір нәрсеге қатысыңыз туралы сипаттау және баяндау, оның мәнін түсіндіру, салыстыру, арақатынасын белгілеу. 3 Қолдану (қатысу) Сіз мұны қалай пайдаланасыз, оны проблеманы шешу үшін пайдалану, көрсету. 4 Талдау (қатысу) Факторлардың, тәуекелдердің, проблемалардың, оны шешу жолдарының, күтілетін нәтижелер мен салдардың құрылымын, ретін, себебін анықтау. 5 Жинақтау (біріктіру) Бұдан әрі өзгерту, түрлендіру, жақсарту тәсілдерін анықтау. 6 Бағалау (пайымдама және бағалау)

Оқытумен оқуда АКТ-ны пайдалану.АКТ-ны пайдалана отырып өткізілетін сабақтарды жоспарлау әдістемесі · АКТ-ны жай ғана «пайдалану керек» деген ұстаныммен пайдаланбаңыз. АКТ сіздің оқыту мен оқу мақсаттарыңызға жетудің ең оңтайлы тәсілі екендігін/еместігін анықтап алыңыз. · Егер сіз АКТ-ны пайдалануға сенімсіз болсаңыз, әріптестеріңізден кеңес сұраңыз. · Есіңізде болсын, көптеген оқушылар компьютерлендірілген әлемде өсіп келе жатқандықтан, АКТ-ны сенімді пайдаланады. Мұны сіздің құзыреттілігіңізге төнген қауіп ретінде қарастырмай, керісінше қосымша көмек пен қолдау ретінде қабылдаңыз. Оқушылар өздерін «сарапшы» ретінде сезінгенді ұнатады, бұл олардың өзіндік бағасын арттыруға ықпал етеді

Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер:

Ыстық орындық – Бір  оқушы  алға  шығып  өз  пікірін  айтып   және тақырып  бойынша  сұрақтарға  жауап  береді. Сұрақты  анағұрлым мазмұнды  қылу  үшін, оқушылар  белгілі бір  пікір бойынша  бірлесіп  алға  шығып  сөйлей  алады. Мысалы,  оқушылар  белгілі бір  рөлді  немесе  адамды   сомдай  алады (мысалы, Гордон Браун немесе   жалғыз  басты жас ана).

Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесее жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар түсініктері боцынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар саулдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады.

Алтын балық – барлық  сынып  алдында  өз  пікірін  білдіргені болмаса, қалған жағдайда «ыстық  орындық» сияқты. Олар алтын  балыққа  арналған  аквариумда  отырады, басқалары  оларға сұрақ  қойып,  түсініктеме беруді талап ете  алады және  т.б. Бұлардан өзге сабақтың бұл кезеңінде семантикалық карта, Венн диаграммасы, сөз жұмбақ, тәжірибе жасаут.б тәсілдерді пайдалануға болады.

Бағалау модулі бойынша, бағалаудың формативті бағалау түрі оқушыларды ынталандырады. Бағалау — ең қызықты да, күрделі модуль. «Қосу- алу — қызықты» стратегиясының негізінде де бағалауға болады. Оқушының дұрыс жауабына «қосу», аздаған қатесі бар жауапқа «алу», қосымша ақпаратттық жауапқа «қызықты» смайлигін қойса, оқушының ынтасы артады —бұл бір, екіншіден оқушы шынайы бағаланады.

Сабақта ойынды ұйымдастырғанда оқушылар бір-біріне көмектесетіндей, бір-бірімен бірігетіндей жағдай жасау керек. Сонда сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады. Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың  тетігі ретінде қолданылады. Қоршаған әлемде және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау білік, дағдыларын меңгерту мақсаттары көзделгенде ғана оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады.Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек.

Сондықтан теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті боп саналады. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ-жауап әдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмалар арқылы  кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.

Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам.// Егемен Қазақстан.10 шілде 2012.
  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары. Астана, Әділет, 2012.
  3.  Қазақстан Республикасының Білім Заңы

 

  1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы (2017 жылғы 31 қаңтар)
  2. Ә. Әлметова Оқытуда интерактивті әдісті қолдану// Қазақстан мұғалімі. – 2003. – 120б.

 

  1. В.Шаталов Сызба және белгілер моделі негізінде оқытудың технологиясы. //2002. –115б.

 

  1. «Оқу мен оқытудың белсенді әдістері». Астана, 2013ж.sabak.kz

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *