Психологиялық тұрғыдан отбасылық қарым – қатынасы туралы кеңес

Кульмаганбетова Толғанай Рыспаевна

Ана мен баланың қарым қатынасы шамадан тыс іс жүзінде психологиялық араласумен сипатталады. Бұзылулардың көрінісі мынадай болуы мүмкін: анасы мен отбасының басқа мүшелері баланың мінез құлқын қатаң бақылауға алады және реттеп отырады, оның нені және қалай істеуі тиіс екенін үнемі айтып отырады, оның дербестігіне және өз тілектерін жүзеге асыруына кедергі болады, оның жасы мен ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін талаптар қояды және көп тыйым салады. Егер бала ата – анасының талаптарына бағынбаса ол үнемі ескерулердің,  ақыл айтудың, тыйымдардың, жазалаудың, соның ішінде дене жазасының астында қалады. Анасы тарапынан эмоциялық бас тартудан туындаған жай күйлер дене тұлғасына қатысты қатыгездіктің болмауы және баланы қабылдамауы мен агрессиясын білдірудің басқа нысандардың байқалуы түріндегі анасының мінез құлқынан туындаған баланың мінез құлқындағы бейімделмеушілік көріністерді білдіреді. Эмоциялық сыртқа тебудің себептерінің бір түрі болуы мүмкін. Оларды үш топқа бөлуге болады бірінші топта баланы эмоциялық сыртқа тебу  ана тұлғасына тән  ерекшеліктерден болады. Баламен қатысқанда бұл ерекшеліктер эмоциялық суықтығынан, балаға мейірімділік және еркелету сезімдердің болмауынан көрінеді. Мұндай ана әдетте бала күтімі бойынша барлық қажетті гигеникалық және тәртіп талаптарының бәрін жүзеге асырады, бірақ баламен тікелей эмоциялық қатысуы жоқ дерлік немесе ол анасының бейтарап тынық эмоциялық қалпында өтеді. Көзбен, денемен байланыс, қарым қатынастың экспрессивті ымдап білдіру құралдары сөйлесу, сөйлеу алдындағы және сөйлеу белсенділігін ынталандыру. Бірге эмоциялық ойындар ойнау және т.с.с. өзара ықпалдастық нысандарының көріну мөлшері мен сапасы айтарлықтай төмен. Мұндай жағдайларда баланың жай күйімен мінез құлқының алуан түрлі белгілері (соның ішінде соматикалық бұзылулар) болады, психиятр дәрігер  саралайтын психопотологиялық бұзылулар деңгейіне жетуі мүмкін. Көп жағдайларда аустикалық спектр белгілері   мен белгілері кешені пайда болуы мүмкін.

Екінші топта баланы сыртқы тебу оның өмір сүру фактысының өзіне байланысты: мысалы, баланың дүниеге келуі күтпеген жағдай, қалаулы емес немесе нақ осы уақытта баласының болуы ананың жеке өміріне кедергі келтіреді.

Үшінші топты құрайтын аналар баласын сыртқа тебуі оның ата – ананың күткеніне сәйкес келмеуі салдарынан пайда болғандар: мысалы баланың психикалық немесе дене тұлғасының кемісітігі немесе жынысының қүткеннен басқа болуы (қызды күткен еді ұл болды). Эмоциялық сыртқа тебу айқын көрінбеуі де мүмкін.

Тиімді өзара ықпалдастық тапшылығы психикалық даму проблемаларының тереңдей түсуіне эмоциялық проблемалардың тереңдей түсуіне эмоциялық проблемалардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Ата – анасының қатыгездікпен қарауынан туындаған жай күйлер баланың дана тұлғасына зорлық зомбылық көрсете отырып, оған деген дөрекі, жауығушылық қатынасынан туындаған баланың мінез құлқындағы және өміріндегі бейімделмеушілік көріністерді білдіреді. Қатігездікпен баланың тілектері мен негізгі мұқтаждықтарын сезінбестік және қайырымсыздық, оның тиісінше дене күтімінің болмауы түрінде көрінуі мүмкін. Мұндай отбасында тәрбиеленген бала көбінесе үркек, алаңдаулы немесе тежеулі болып көрінеді, үркектік мазасыздың және қашқақтау мінез құлқын танытады басқа да мінез құлық нұсқасы болуы мүмкін бала қызба немесе қатыгез болады, бағынбастық немесе қарсылық танытады.

Сондай ақ ПМПК тәжірибесінде эмоциялық мәнді адаммен сепарацияға,басынан өткізген жіті психикалық  жарасына, отбасында басқа баланың дүниеге келуіне, ата-ана арасындағы қарым қатынастың бұзылуына (соның ішінде отбасының ыдырауына) және басқаларға байланысты жай күйлердің айқындалуы мүмкін.

Ата – анаға кеңес беру:  балалармен ата – аналардың қарым – қатынастарындағы ауытқуларға байланысты туындаған бала дамуының проблемалары жөніндегі ата – анамен қорытынды сұхбаттасу кеңес берудің неғұрлым күрделі және жауапты түрі болып табылады. Маманның ата – анамен сұхбатында ата – ананың баласына қатынасындағы ауытқуларға тікелей сілтемелер және ата – ананы тікелейсілтемелер және ата ананы тікелей сынға алу болмауы тиіс. Ата – аналардың мүмкіндіктерімен психологиялық даярлығын ескере отырып,  психолог олармен баланың мінез құлқымен жай күйіндегі өздерін алаңдататын жағдайлардың себептерін талқылайды, олардың баласымен тиімсіз қатынастарының салдарынан туындаған баланың проблемаларын тусінуіне жетелеп әкеледі. Егер ата – ана басымен қарым қатынастағы өз проблемаларын түсінбесе психолог балалармен ата – аналардың қарым қатынастарын дұрыстау бойынша нақты нұсқаулар бере алмайды. Мұндай жағдайларда балаға көмек көрсету қажеттігін арқау ете отырып,баланың отбасын отбасылықпсихотерапияға жіберген дұрыс.

Отбасындағы тәлім – тәрбиенің мақсаты- баланың жасын, жас ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу.

-Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту, бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру;

– Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып түсінісуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған – туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;

– Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

Сонымен, отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие өзара тығыз бірлікте, халықтық педагогикадан бастау алып, ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйеніп, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ. Бала – әр жанұяның бақыты. Олай болса өз бақытымызды бағалай білейік.Бала –біздің болашағымыз болғандықтан жанұямен мектептің байланысы өте жақсы болуы керек. Сондықтан ата – аналар қолымыздағы алтын ұл- қыздарымыздың мемелекетіміздің ертеңгі болашақ азаматы екенін ұмытпайық.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *