«Жүзден жүйрік»
Чукенова Бахиткуль Усембаевна
Мақсаты:оқушылардың таным процестерін, тіл байлығын, шешендігін дамыту; әр оқушыны еркін ұстауға, ойларын жеңіл,еркін жеткізуге жаттықтыру, оқушының рухани дүниесін жетілдіру.
Бүгінгі білім-ертеңгі байлығымыз. Қазір бой жарыстыратын емес,ой жарыстыратын заман.
Кім білімді, өнерпаз білейікші
Оқушылар алғыр деп жүрейікші
Әділқазылар алқасына тек әділдік
Сайыскерлерге сәттілік тілейікші.
Ендеше ортаға білімді оқушыларды шақырамыз.
Ғылымның сырын ұғына.
Шығындар білім шыңына,
Ұқыптылық пен зеректік,
Серігің болсын бойында,
Қадамдардың оң болсын,
Сәт сапар, сайыс жолында!
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деген сөз бар, ендеше, «жүзден жүйрік мыңнан тұлпарды» анықтау үшін байқауымызды бастайық.
1 кезең Ұшқыр ой
-«Қадақ» сөзі қандай мағынада қолданылады? Салмақ
-Жалғыз өркешті мал.Нар
-Жылдан құр қалған жануар. Түйе
-Аққұдың балапаны қалай аталады? Көгілдір
-Парижде ән салған қазақ әншісі? Әміре Қашаубаев
-Көзге көрінбейтін зиянды зат? Микроб
-Темекінің құрамындағы улы зат? Никотин
-Көне заттарды сақтайтын орын? Мұражай
-«Бөтен» сөзінің синонимы. Жат
-Шахмат жарысының әрбір кезеңі. Тур
2 кезең Қызықты жұмбақ
-Ысқырығы жер жаратын адамның айдаған малы. Бес ешкі
-Жылы-жылы сөйлесен, ол інінен шығады. Жылан
-Ол қылыштан да өткір. Тіл
-Оны жасырсаң өлесің. Ауру
-Қойға қасқыр шапса, ол семіреді? Ит
– Ол ұялғаннан өтеді.Пышақ
-Ыстықтан ет күйеді,
Ұяттан күйеді.Не? Бет
3 кезең Тапқырлық
Ойшыл болса қай бала, тез табады сол ғана
Кане ойланып көрейік, тебіреніп сәл ғана.
М.Мақатаевтың өлеңі
Мен оның түнін сүйем,……сүйем ( күнін)
Ағынды өзен,асқар тау, ……сүйем (гүлін)
Мен оның қасиетті…….сүйем (тілін)
Мен оның құдіретті …..сүйем (үнін)
4 кезең Киелі сандар
3 қуат: ақыл,жүрек, тіл
3 арсыз:ұйқы, тамақ, күлкі
4 тұлға: от,су,жел,жер
5 қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
7 жұт: құрғақшылық, жұт, өрт,оба, соғыс, топан су, зілзала
5 кезең Сөздің көркі-мақал
Ер-ез Ер бір рет өледі,ез мың рет өледі.
Ас-көлік Ас-ішерде керек,көлік көшерде керек.
Базар-қазар Барымен базар, жоқты қайдан қазар.
Құлақ-тұяқ Сөз анасы-құлақ,жол анасы-тұяқ
Сиыр-бұзау Сиыр су ішкенде, бұзау мұз жалайды.
Жал-мал Аттың көркі-жал, адам көркі-мал.
Тентек-ақыл Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.
Мысық-тышқан Мысыққа ойын керек,тышқанға өлім керек.
6 кезең Өнерпаз болсаң,арқалан!
Сезімді ыммен көрсету: қуану, таң қалу, қобалжу, күдіктену, реніш, кінәні сезіну.
7 кезең Мықты болсаң, тауып көр
Темекінің 3 пайдасы бар:
1.Темекі шеккен адам қартаймайды- яғни ұзақ өмір сүрмейді
2.Оны ит қаппайды-таяқ ұстап еңкейіп жүрген соң.
3.Үйіне ұры түспейді-өйткені ол күні-түні күркілдеп жөтеліп жатады
Өмір сүру үшін су, от,тұз, қыз, ақыл керек екен деп бір қарт адам айтыпты. Ең маңыздысы қайсы?
Су тіршіліктің нәрін береді
От өмірдің сәнін береді
Тұз астын дәмін келтіреді
Қыз көңілдің сәнін келтіреді
Ақыл өмірдің мәнін береді.
8 кезең «Тіл өнері»
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген жүгі бар.
Бәрінен де ең бастысы-барлығының,
Қатты істейтін миы бар.
(берілген тұрақты тіркестер қай сезімді білдіреді)
1.Екі қулағы екі езуіне жету-қуану
2.Төбе шашы тік тұру-қорқу
3.Бармағын тістеді-өкіну
4.Жағасын ұстау-таңдану
5.Жер болу-ұялу
6.Тісін қайрау-ыза болу
7.Атарға оғы жоқ-ашу
9 кезең «Кім зерек»
қасиеттерді анықта
1.Ақ саусақ-жалқау
2.Кескен жерінен қан шықпас-ұятсыз
3.Қой ауызынан шөп алмас-момын
3.Іші тар-сараң
4.Қолы ашық-жомарт
5.Тонына сыймау-мақтаншақ
6.Салқын қанды-байсалды
7.Жүрегінің түгі бар-батыл
8.Қылышынан қан таму-қатыгез
9.Тойған қозыдай-жуас
10 кезең Қорытынды