Мен Отанды қорғаймын!
Назарбаева Айгүл
Мақсаты: Балаларға Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Әр баланың жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу.Отанды сүйіп ұлтжанды болуға тәрбиелеу.
Пайдаланылған қажетті жабдықтар: Бейне тақта,слайдтар арқылы Отан қорғаушылар суреттері, Е.Ибрагимовтың «Аманат» бейнебаяны.
Әнұран:
Тәрбиеші:
1992 жылдың 7-мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты.
Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы күштерді басқаруды Президент өз мойнына алдыБұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды. Осы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб – жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери – Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс өңірліктерге бөлінді.
18 жасқа толған әр ер азамат Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады.Қазақстанның заңындағы 36-бапта «ҚР-сын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы» деп көрсетілген.
Балаларды мерекелерімен құттықтап ,бейнебаянға назар аударуларын өтіну.(бейнебаянда Қ.Р қарулы күштерінің, сарбаздарының слайдтары).
«Даналар айтқан -дара сөз».
Б.Момышұлы: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюі тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі
мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды да сүйе білуге тиіс.»
М.Жұмабаев: « Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат».
М.Әуезов: « Жүрген жақсы, көп дүниені көрген жақсы. Бірақ соның бәрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре-жүре келіп,Отаныңа қайтқан сәт бәрінен де жақсы».
Отан туралы балалар тақпақтары:
Қанатбек:Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң,Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.
Кеңесбай Нұрасыл
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.
Сымбат:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен,Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
Інжу:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың
Ерасыл:
Отан – тарих,
Отан – тіл,
Отан -елің, ел халқың
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көкке көтер ер даңқын..
Кәусар:
Отан осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап, сүйе біл.
Тәрбиеші:Балалар сіздер Отанымызды қорғауға уәде бересіздер ме!
Балалар:Отанымызды қорғауға уәде береміз!
Е.Ибрагимовтың «Аманат» бейне баянын бірге тамашалау.
Хор: « Ел қорғауға әзірміз».
Тәрбиеші:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланына, сеніміз.!
Мерекелеріңіз құтты болсын! қанаттарыңыз талмай әр жылда аман есен жете беріңіздер! Осымен тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті сау саламатта болыңыздар