Өзгерістер мен мақсаттар алға апарар…
Тагаева Айзада
«Дағдарыспен күресу идеялар, батылдық, шешімділік,
ізденістер мен өзгерістерге ұмтылу мен
үйлесімдегі өзін-өзі сыни тұрғыда бағалай білу»
Ф.Г.Кумбс
Американдық білім беру ісінің көрнекті қайраткері, әрі зерттеушісі Ф.Г.Кумбс атап көрсеткендей батыл шешім қабылдап жүргізген зерттеулеріме қорытынды жасап нәтижелерін саралайтын кез келгендей. Менің басты мақсатым мектептің бастапқы ахуалын анықтап оның жетістіктері мен жетілдіру керек тұстарын, олқылықтарын түзету үшін бірқатар өзгерістер енгізу болатын.Өзгерістерді қандай қырынан қарастырамын деген ойлар туындаған. Сол үшін әлем елдеріндегі тәжірибелерге, білім реформасы озық елдер мысалы Жапония, Финляндиядағы білім сапасын көтерудегі зерттеу әдістерін, кері байланыс жазу, білім берудегі іс тәжірибесінен керекті тұстарын оқып үйреніп білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін іс-шаралар әзірледім. Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті –білім берудің жеті модулінеөту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Бала біздің –болашағымыз. Әрқашан баламен жақын қарым-қатынаста болу, олардың жан дүниесін түсіну- әрбір ұстаздың міндеті. Ол үшін мұғалім білімді де білікті болуы қажет. Білімді болудың алғы шарты үнемі ізденісте болу.Білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін білім саласындағы жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты, жан-жақты, білгір маман болу мүмкін емес.
Орта білім беру жүйесіндегі әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелерінің арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Наttіе,2009). Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін өмірде, кез келген жағдайда қолдана білуге үйрету.
Осы курсқа келгелі сындарлы оқытудың маңыздылығын түсіндім. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін өмірде, кез келген жағдайда қолдана білуге үйрету. Мектептегі тәжірибе кезеңінде коучтар мен дөңгелек үстелдерді сындарлы оқытуды оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырдым. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы төрт сабағымда жеті модульді ықпалдастыру арқылы өттім. Сабақ барысында оқушылардың өзара диалогқа түсуі, олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, сыныптастардың пікірін тыңдауға, өз пікірін білдіруге,өз беттерінше шешім қабылдап, тұжырымдама жасауына оң ықпал ететініне көз жеткіздім.
Сындарлы оқытуға негізделген іс-шаралар оқушыларға өз білімдері мен мәнін өз бетімен меңгеруін қарастыра отырып, ресурстарды тиімді қолдана білуге қол жеткіздім. Келешекте білімді, өз идеяларын қорғай білетін, сыни ойлауы дамыған ұрпақ тәрбиелеуді алдыма мақсат еттім. Алдағы уақытта мұғалімдер мен оқушылардың бойына ізгілік нұрын құя отырып, бүкіләлемдік бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге күш- жігерімді жұмсаймын.