Әлем өзгеруде, мен де өзгеремін!

Нурғалиев  Нурбек  Қырғызбаевич

«Курстан алған білімді  іске асыру»ойлар мен пікірлер мені алдағы сағымға  апара жатыр .

Мектебімде  деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімнен басқасы қабылдай ма, жоқ па деп қатты уайымдадым Мектепте алған  білімді  жүзеге асыра  алам ба деген ой мені мазалаумен болды .Бірақ ойларым бірте –бірте іске аса бастады . Ойымды  іске асырдым деп  шаттанамын .

Алғашқы мектептің даму жоспарын алып бара жатқанда «Біз не үшін өзгер еміз ?» Бірақ тренеріміздің сенімі мені алға жетеледі. Мектепке бара сала құлшыныспен жұмысқа кірістім. Мектептегі барлық мұғалімдер мен оқушылар барлық өткізген шараларыма, коучингтер, сұхбаттар, дөңгелек үстел, пікіралмасу, және т.б. шараларыма қызығушылықпен қатысып, мені және бағдарлама идеасын қолдайтындықтарын көрсетті. Ауылдағы ата-аналарда жиналысқа түгел жиылып белсенділік танытты. Осы жұмыстарды сапалы өткізуіме тренерім бізбен әр сессияны түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып өткізуі, көптеген әдістемелік нұсқаулықтар беруі маған көмек болды. Осы бағдарлама бойынша алған білімімді, оқып-түйгенімді мектебімді табысты мектепке жеткізуге, білім сапасын арттыруға жұмсаймын. Арман алға жетелейді …. мұғалімінің   еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен, күрделілігімен, жан-жақтылығымен және жауапкершілікті сезіне алуымен ерекшеленеді. Бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс директордың тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес. Әлемде болып жатқан жаһандық даму білім саласына көптеген өзгеріс әкелуде. Сол өзгерістерден тыс қалмайын деп мен де Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің  біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқытатын  курсына осы заманға сай мұғалім  болу мақсатында келдім. Шахмат ойнындағы «Ақылды болудың жалғыз жолы-сеннен де ақылды адаммен ойнау» дегендей Қазақстанның әр өңірінен келген тәжірибелі мектеп мұғалімдерімен таныстым. Курсқа барасың деген сәттен бастап өзіме көптеген сұрақтар қоюмен болдым және сол сұрақтарыма күнделікті сессия барысында білім алып, үйрену арқылы жауап табудамын. Курс барысында мен 7 модуль идеасын, смарт мақсат қоюды, свод талдау жасауды, мектептің даму жоспарын жасауды, мұғалімнің құзыреттілік талаптарын,  Блум таксаномиясының деңгейлік тапсырмаларын құруды, критерийлер мен дескрипторлар жасауды, интербелсенді әдістерді, топтық, жұптық жұмыстарды ұйымдастыруды, рефлексия мен кері байланыс жасауды меңгердім. Бірақ барлығын оңай қабылдадым деп айта алмаймын.

Елбасы Н.Назарбаев «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтардың кредосына айналу керек деп айтқадай үйрену мен білім алу қазіргі білім беру жүйесінің негізгі тұжырымдамаларының бірі. Бұрын барып жүрген білім жетілдіру курстарынан ерекшелігі аудитория кезеңінде алған біліміңді, үйренгендеріңді практика жүзінде өзіңнің жасап көруіңе мүмкіндік беретін бағдарлама екені мені қатты қызықтырды. «Үйрену мен үйрету тек өзара әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады» демекші

бағдарлама идеасының алғашқы сатысын мен мектебімде, алғашқы  кезеңінде іске асырдым . Арман  көп әлі де мені алға жетелейді ….

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *