Жәңгір Бөкейұлының мәдени- ағарту саласындағы қызметі

Нысанова Нурия Муханбедьяровна

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, Керей мен Жәнібек хан, Абылай хан, Жәңгір хан туралы жазылған еңбектер,  Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешенінің буклеттері.

Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы ерлік істері, ҚР-ның Конститутциясына 20 жыл, Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл, Мәңгілік ел идеясы, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай қазақ  хандарының өмірі мен өнегелі істерін жас ұрпаққа таныстыру,өлке тарихымен таныстыру арқылыелжандылыққа,адамгершілік қасиетттерге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

« Өз жерінің, өз елінің тарихын, атақты азаматтарын білу деген халық сана-сезімінің өсуіне себеп болмақ»

Н.Ә.Назарбаев

1 қыркүйек 1990ж. Орда

«Умение почитать историю своей земли, своей родины, известных личностей станет причиной роста самосознания народа»

 

Н.А.Назарбаев

1 сентября 1990г. Орда

Кіріспе сөз:Биылғы жыл Қазақстан халқы үшін ерекше мерейлі жыл, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы, Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл. 2014 жылы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» № 1448 бұйрығы шықты. Қымбатты оқушылар, бүгін біздер Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған тарихи танымдық кешке қатысып, өз білімдерімізді сынағалы отырмыз.

1465-1466жж. Жәнібек пен Керей хандардың саяси көрегендігінің арқасында Қазақ хандығы құрылды.Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасып,халық болып құрылуы біржола аяқталды, біртұтас Қазақ мемлекеті тарих сахнасына көтерілді.ХҮІ-ХҮІІғғ.Қазақ хандығы нығайып, шекарасын қалыптастырды. Бұл кезеңде өздерінің тарихи өшпес іс әрекеттерімен қазақ хандарының есімдері белгілі болды. Олардың қатарында Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке, Жәңгір(Салқам Жәңгір), Әбілқайырхандар болды. Қазақ хандығының күш-қуатын арттыруда Абылай ханның алатын орны ерекше.Қазақ хандары елін, жерін жауға бермей, қорғай білді,оны кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырды.

Бейнетаспа «Қазақ хандығының құрылуы»

Мұғалімнің сөзі:

Осындай тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір хан Бөкейұлы еді. Жәңгір хан кім? Қандай саясат ұстанды? Халқына қайыр- шапағаты тиді ме ?- деген сауалдарға жауап іздеген болсақ оған тарихи деректер былай деп жауап береді. Тарихи деректер Жәңгір ханның отарлаушылар саясатынан халқын қорғаушы , еліне мәдениет пен білім, мұсылман дінінің нұрын себуші хан ретінде көрсетеді. Сонымен Жәңгір хан кім?

І жүргізуші:  Жәңгір ханның өмірін қысқаша таныстырады.

Бөкейұлы Жәңгір хан (18011845) — Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты Жиһангер.

Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады да, кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы хан атағын алады. Бірақ ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады.  Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік — шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 — 1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал — майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы.

Жәңгір 1824 жылдың күзінде Орынбор муфтиі Мұхамеджан Хусейновтың қызы Фатимаға үйленеді. Фатима европаша білім алған, тілдерді жетік меңгерген, би, музыкаға жақын болатын.

1826 жылы хан Жәңгір жұбайы Фатима ханшамен Орыс патшасы Николай I-нің таққа отыру рәсіміне шақырылады   Мәскеу қаласындаөткенсалтанаттаФатиманыңбілімділігі мен мәдениеттілігінеорысинтеллигенциясы, Фатиманыбигешақырған Николай патшаның өзі де, оныңорысша таза сөйлеп, билегенінетәнтіболады.

1827 жылыЖәңгір хан патшағаерекшешеберлікпенжасалғанкиізүйсыйғатартады. 1829 жылы императрица Александра Федоровна Фатима ханшағабразилиятопаздарыменбезендірілген алтын диадема, тарақжәнесырғасыйлайды.Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол ашқан мектептен білім алған алғашқылардың бірі белгілі қазақ этнографы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі Мұхаммед Салық Бабажанов бұл ретте былай деп жазады: …ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен ордалықтарға оқу білімнің пайдасы жөнінде түсіндірмек болған ынтасын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, 60 адам ислам діні, орыс жазуы және тіл жөнінде дәріс алды. Бұл мектеп сарай маңындаосы күнге дейін «Жәңгір мектебі» деп аталып келді. Ондағы 30 бала Орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім алуда.

Кезінде Жәңгірдің өзі де Қазан университетінің кітапханасына арабпарсытүркі тілдерінде жазылған маңызды қолжазбаларды сыйға тартады. Оның ағартушылықты таратуға деген еңбегін құрметтеп, 1844 жылы университеттің ғылыми кеңесі Жәңгірді «Қазан университетінің құрметті мүшесі» етіп сайлайды. Жәңгір орыс басылымдарын, газет-журналдар, әртүрлі кітаптар алдырып, бай кітапхана қорын жинақтаған. Оныңүйіндегіжекекітапханасында «Северная пчела», «Отечественные записки», «Современник» басылымдары, Шинкелдің «Архитектура XIX ст.», Гогольдің «Мертвые души» кітаптарыболған.

ІІ жүргізуші: 1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға қол қойды, ол 1824 ж 26 маусымында Оралда ертедегі рәсім сақтала отырып патшалық өкімет орындарның бақылауымен  хан болып жарияланып, 20 жылдан астам уақыт билік етті. Хан тағына отырғызу салтанатында 48 дүркін зеңбіректен оқ атып, Орал даласы дүр сілкінді.  Патша үкіметі Жәңгір ханға 20 сәйгүлік тарту етті. Қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді.1823 жылы Жәңгір ішкі Бөкей ордасында хан сайланғаннан бастап қазақтың ұлттық мәдинетіне, оның ішінде ұлттық білім жүйесіне ерекше мән берді. Оның басты себептерінің бірі:Жәңгірдің өзі орысша білім алған және осындай білімнің Қазақстанға, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында өте қажет екенін түсінді. Ол Ресей империясының Еуропалық білім жүйесі арқылы көптеген салаларда жетістіктерге жеткенін жақсы білді.
Жәңгір хан қазақ халқының сауаттылығын, ұлттық мәдениетін дамытатын әрі толықтыратын жаңа білім жүйесі «Еуропалық үлгідегі жаңа мектептер мен орта және жоғарғы оқу орындары» деп түсінді. Оны Жәңгір ханның осы білім жүйесінде қазақ балаларын оқытуды арман етіп, білім саласын дамытуға бағытталған саясатынан көруімізге болады. Жәңгір хан алғашқы болып Қазақстанда, оның ішінде «Ішкі Бөкей Ордасында ұлттық білім жүйесін» қалыптастырумен айналысқан.
І жүргізуші: Қазақ балаларын шоқындырудан құтқару үшін Жәңгір хан бастапқы оқу-тәрбиені ислам мәдениеті негізінде беру үшін мұсылман мектептері мен медреселерін ашты. Мұндағы Жәңгірдің ойы қазақ балаларының бойында ұлттық және ислам мәдениеті арқылы ұлттық рухты дамытуды қолға алу болды. Жалпы қазақ халқының бойына көптеген ғасырлар бұрын ислам мәдениеті қалыптасқанын айта кеткен жөн. Жәңгір хан тұсында ислам діні мемлекеттік дін мәртебесін алғаны тарихи деректерден белгілі.
Ең басты:ұлттық мәдениет пен имандылықтан ұлттық рух,патриоттық сезім, солар арқылы ұлттық идеология жас ұрпақ бойына қалыптасуы, жан тәні мен психологиялық сана-сезімінде ұлттық оқу-тәрбие арнауы бала қаншалықты орыстық рухта білім алса да, бастапқыда қалыптасқан ұлттық тәрбиені жеңе алмайды, қазақ балаларының бұзылуына жол бермейді. Осыны Жәңгір хан жақсы түсінген еді.
Сондықтан ұлттық мәдениет пен ислам мәдениеті арқылы ұлттық идеологияны соған негіздеп, Қазақстанда алғаш рет ұлттық білім жүйесін құруды ойластырды. Осы саясатын іске асыру үшін Қазақстанда,оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында білім саласында тұңғыш рет«Жәңгір білім реформасын»жасап, оны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл ұлттық білім реформасы бойынша Қазақстанда алғаш ет ұлттық педагогиканың негізі қаланып, дами бастады. Мұндағы басты шараның бірі – Жәңгір ханның Қазақстанда, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында Еуропалық үлгідегі тұңғыш ұлттық мектепті ашуы. Ол алғашқы ұлттық мектеп 1841 жылы 6 желтоқсанда Хандық ордада (ставкада) ашылған болатын. Оның мұсылман мектептері мен медреслерден үлкен айырмашылығы сол, бірінші қазақ-орыс мектебі болды. Бұл алғашқы ұлттық мектептің тікелей ықпалымен XIX ғасырдың алпысыншы жылдары Батыс Қазақстанның басқа да жерлерінде білім ордалары ұйымдастырыла бастады. Олар жаңа Қазан мен Қамыш – Самарда, хан ставкасынан (Ордадан) 12 шақырымда Нарында, Тал мен Тоғында ашылды. Ордаға ұлттық мектептердің ықпалымен 1860 жылы Түркістан өлкесіндегі №1 орта ( Қазалыда), Перовскіде №2 орта алғашқы ұлттық мектептер құрылды. Қырқыншы жылдардың ортасында Ордада орыс-қазақ мектебінде 25 оқушы оқыды. Сөйтіп,алғашқы мектепте Жәңгір ханның білім жүйесінің іргетасы қаланды. Оқу жылы қазан айында басталып, мамыр айының аяғында аяқталатын. Жыл сайын 6 желтоқсанда оқушылардың ата-аналары шақырылып, олар ханның басшылығымен жүретін емтихандарда оқушылардың алған білімінің нәтижелерін бағалауға қатыстырылатын. Бұдан біз хан ставкасындағы (Ордасындағы) білім беру ісі тікелей Жәңгір ханның басшылығымен жүргізілгенін көреміз. Оған қоса мектепте өткізілетін әр түрлі шараларға міндетті түрде хан қатысатын еді.

ІІ жүргізуші:Мектептегі сабақтардың жүргізілуін, оқушылардың білімін бақылау істерін, емтихандарды, оқу бағдарламаларын, оқу жоспаларын хан қадағалап отырған.
Бұл білім мен тәрбие жүйесін қазіргі жаңа білім жүйесінің негізі мен іргетасы деп айтқан жөн. Өйткені, осы заманғы жаңа білім жүйесіне сол кездегі білім жүйесі өте ұқсас екенін айта кету қажет. Мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда демократиялық, идеялардың да іске асырылғанын көруге болады. Хан кейін ұлттық мектепті училище деп атап,білім саласы үшін арнайы ғибрат үй салған және мұғалімдерді байқау қазіргіше айтсақ конкурс арқылы таңдалатын әдістемелік орталыққа айналдырылған. Мектептерді бітірген оқушылар Орынбордағы Неплюев кадет корпусында одан әрі оқуын жалғастырған. Бұл білім ордасында мектептің арнайы бекітілген оқу жоспарлары оқыту бағдарламалары, жүйелі оқыту әдістемесі болған. Осылардың бәрі Жәңгір хан ашқан ұлттық мектеп қазіргі кездегі Қазақстан білім жүйесінің бастауы болғандығын көрсетеді.
Жәңгір хан ашқан «ұлттық мектеп» кейіннен дами келе «Жәңгір училищесі»деп аталып, әрі қарай өз жалғасын тапты.Еуропалық үлгідегі білім реформасын жасаудағы Жәңгір ханның ағартушылық саясаты осылай жүзеге асырылды.
Шығармашылық топ жұмыстары.

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

І топ  «Жасқұс»

ІІ топ «Ішкі Орда»

  1. Презентация қорғайды.

«Жасқұс» тобына берілетін тапсырма: «Жәңгір ханның ағартушылық қызметі»  тақырыпты қорғауға 5-7 минут беріледі.

«Ішкі Орда» тобына берілетін тапсырма: «Жәңгір ханның игілікті істері» тақырыпты қорғауға 5-7 минут беріледі.

  1. Сұрақтарға жауап береді.
  2. Түйін(оқушылар өз пікірлерін айтып,ой бөліседі)

Сұрақтарды киіз үйдің ішінен топ мүшелері келіп суырып алады.

  1. Жәңгірдің жобасы бойынша еуропалық архитектуралық үлгіде қай жылы мешіт салынды? 1835 жыл
  2. Жәңгір қай жылы, қандай қалада таққа отырды? Орал қаласы 1824 жыл
  3. Жәңгір хан кәмелеттік жасқа жеткенше кімнің үйінде тұрды? Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде
  4. Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қай жылы жәрмеңке ашылды? 1832жыл
  5. Алғашқы зайырлы мектеп қай жылы ашылды? 1841жыл
  6. 1828 жылы Жәңгірдің шақыртуымен келген дәрігер? А.А.Сергачев
  7. Жәңгір хан шәкірттердің тізімі мен сабақ үлгерімін жылына неше рет қарап, тексерген? 3 рет
  8. Оқушылардың Орынбордағы Неплюев кадет корпусында білім алуы үшін қанша орынға қол жеткізген? 10 орын
  9. Ол қандай тілдерді жақсы меңгерген? Орыс,араб,парсы.
  10. Хандықтың орталығы қалай аталды? Жасқұс

Қорытындылау. Қатысқан оқушыларды марапаттау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *