Сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері
Мұғалімнің аты-жөні: Демеубаева Бакытгуль Казбековна
Еңбек өтілімі: 29 жыл
Жұмыс орны: Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп КММ
Қызметі : бастауыш сынып мұғалімі.
Санаты : 1 санат
Шебер-сынып
Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет.
қалап қана қойған аз, оны жасау қажет.
ТАҚЫРЫП: «САБАҚТАРДА ТАБЫСҚА ЖЕТУГЕ ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ ТӘСІЛДЕРІ»
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ: Педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу.
· Шеберлік – сынып қатысушыларына әдістемелік көмек көрсету.
· Қатысушылардың өздерінің кәсіби шеберліктеріне ой жүгірте білуі.
· Үйренушілердің қызығушылығын тудыру;
· Оқу материалдарын тиімді меңгеру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: қатысушылардың білімдері жинақталады, зияткерлік және шығармашылық әлеуеті ынталанады, қарастырылған тақырыпқа қызығушылығы туындайды, белсенділігі артады. Әдіс-тәсілдерді өмірде қолдана алады.
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫБЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІ: ұйымдастыру, мақсаты мен міндетін таныстыру, табыс критерийлерін белгілеу, сабақ ұранымен таныстыру, топқа бөлу, топтарға арналған тапсырмалар жүйесін беру, қосымша мәліметтермен, нұсқаулық материалымен таныстыру, рефлексия жасау, кері байланыс
ӘДІСТЕР МЕН ТӘСІЛДЕР: Тренинг, “Блум таксономиясы», SMART, «Сәйкестіктер», «Сабақ мақсатын құрастыру», формативті бағалау түрлері
ҚҰРАЛДАР: актив тақта, презентация, постерлер, мәтіндер жазылған парақтар, А-3, А-4 парақтары, маркер, қалам
Шеберлік сыныбының жүргізілуі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мен сіздермен кездесіп, бірлесе жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. Мен Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубаева Бакытгуль Казбековна. Презентация арқылы шебер сыныптың мақсаты мен міндетін, сабақ ұранын хабарлау.
Тренинг – психологиялық ахуал туғызу. Түрлі ұшақтарға жылы лебіздер жазғызып, ұшыру, ұшақ түстеріне орай топтарға бөлу.
Рефлексия: Мұғалімдер қызығушылықпен қатысты, өздерінің жұмыстарға әзір екенін байқатты. Ұшақтардағы жылы лебіздердің әсері зор болды.
Мұғалім: жаттығу өткізу «Қағаздан жасалған шариктер» ( 3адам шығады, олардың қолдарына ұстатып –«бірденеге үйреніңдер» деп айтылады)
Сұрақ: Нені байқаймыз?Алдарына мақсат қойылмады! Мақсат толық айтылмады, мақсат нақты қойылмады, мақсат анық және түсінікті болмады, мақсат қолжетімді болу керек.
Сұрақ: Құрметті әріптестер! Оқушыларға сабақтың мақсатын неге түсіндіру қажет деп ойлайсыздар ?
Жауап.
1. Бүгінгі сабақта не біледі, не білді, не білу қажет екенін ұғындыру үшін.
2. Жаңа білімге баланы ынталандыру үшін.
3. Оқушыны белгілі бір көлемде алатын білім, білік дағдыларын қалыптастыру үшін.
4. Оқушының өзін-өзі бағалауы үшін.
Сабақтың мақсаты сабақ соңында барлық оқушылар жетуі тиіс мекен екенін есте сақтаған жөн.
Сабақты сабақ соңында барлық оқушылар мақсатқа жеткеніне сенімді болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Мұндай мониторингтің нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынуына болады. Сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда өз қатеңді дұрыстауға және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеу қажет. Мақсатқа жету «иә» және «жоқ» бағаларымен анықталады. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған толық жетуіміз керек.
Мақсат қоюға SMART талаптары:
S Спецификалық, нақтылы. Яғни не нәрсеге қол жеткізу қажет
M Өлшеуге болатын, яғни мақсатқа жеттік деп айта алатындай болуы керек
А Қолжетімді. Яғни іс-әрекетке негізделген. Себебі нақтылы қандай іс-әрекет өзімізге қажет нәтиже беретінін түсінуіміз қажет.
R Шындыққа негізделген. Яғни қойылған мақсатқа жете алатындай
T Нақтылы мерзімі және мақсатты жүзеге асыратын орынды құралдары болуы керек
Ынтымақтастық атмосферасын құруТопқа (3)бөлініп отыру;
«Миға шабуыл»
Түрлі ұшақтарға жылы лебіздер жазғызып, ұшыру, ұшақ түстеріне орай топтарға бөлу.
Мақсат туралы:
1. Мақсатқа жеткісі келген адам оны жақсы білуі керек.
2. Өлшенетін нәрсе ғана өнімдірек жасалады.
3. Жоспарлаған адам ғана жақсы ұйымдастыра алады.
4. Мұхитты жүзіп өту үшін кемені өзің жасауың керек.
Қызығушылығын ояту.
Мұғалімдерге «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беремін.
«Данышпан мен адам»
Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» – деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе – мыжып жіберемін, ал егер өлі десе – онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті.
Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен.
Постер
Кері байланысты орнатудың тиімді жолдары
Практикалық жұмыс
Кембридж оқу бағдарламасы оқытудың неше модульін ұсынады?
Жеті модуль аясы:
1)Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
2) Сыни тұрғыдан ойлау;
3)Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
4) Білім берудегі АКТ пайдалану;
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық;
Әр түрі бойынша баяндау
Сабақтағы кері байланыс. 3 түрі бар.
Слайд арқылы мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, формасы жайлы мәліметтер беру.
1)Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі – түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл – күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. )
Мысалы:
«Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
«Бір сөзбен» әдісі – Оқушылар өздеріне берілген
сөздердің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
(Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық,Қанағаттану, Шабыт,Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.)
2)Сабақтағы іс – әрекетке кері байланыс.
Мысалы:
«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті,
сатының 1 – ші баспалдағы Мен………….. БІЛЕМІН, 2 – ші баспалдағы Мен……………… ТҮСІНЕМІН, 3 – ші баспалдағы Мен…………. ЖАСАЙ АЛАМЫН.
«Таңдау» әдісі.
1.Мен сабақ
қызықты қызықсыз болды деп
ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға
жиі сирек қатыстым
5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын риза емеспін.
Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен
сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.
3) Оқу материалының мазмұнының кері байланысы рефлексиясы
Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін деген сияқты ой – пікірлеріңді білдіру.
Синквейн әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс – әрекетін
анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Мысалы: «Аяқталмаған сөйлемдер»
Бүгін мен…………………. білдім …………….. қызықты болды. …………………….. қиын болды.
. ……………. тапсырманы мен
орындадым. …………………. түсіндім.
Мен енді………………….. білемін.
Мен………………………….сезіндім
Мен………………………………. білім алдым. Мен………………………………….. үйрендім.
. ………………………. менің қолымнан келді.
Мен……………………………….. жасай алдым
Мен……………………………… жасап көруге талпынамын. ……………… мені таң қалдырды. Сабақ менің өміріме….. берді. Менің…………. жасағым келді.
«Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» – оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.
Қорытынды кезең Сабақ соңындағы кері – байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.
Чемодан қоқыс жәшігі еттартқыш
-Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Осылайша қатысушы мұғалімдер шеберлік-сыныптан не білім алғандарын көрсетеді.
Кері байланыс
Рыленковтың методы бойынша.
Дәптердің бетіне қолдарыңызды қойып суретін саласыздар. Өздеріңізге ұнаған бес саусақтың біреуін таңдайсыздар.
Әр саусақ сіздің айтылған пікірлеріңіз бен көңіл – күйлеріңізді анықтайды.
Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты.
Балан үйрек – мен нақты өзіме ұсыныс алдым.
Ортан терек – маған қиын болды, ұнаған жоқ.
Шылдыр шүмек – менің бағам психологиялық жағдайға берілген баға.
Кішкене бөбек – мен үшін жеткіліксіз болды.