Мен – патриотпын

Бектурсинова Ардақ

Сабақ арқауы:Мен кіші Отанымның патриотымын!

Мақсаттары:

Патриот ұғымы туралы түсініктерін кеңейту; оқушыларды өз отбасын сүю арқылы Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу, «шағын отанға», өзінің үйіне, отбасына деген сүйіспеншілікке баулу, қоршаған ортаға кішіпейілділікті  қалыптастыру, ардагерлер, қарттар, мүгедектер сияқты мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге ұмтылысты тәрбиелеу,оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Рәміздер туралы буклеттер,тақырып бойыншабейнероликтер,

патриоттықты айқындайтын суреттер,плакат,маркерлер,смайликтер.

 

Зерттеу әдістері: «Ойлану». «Басқа адамнан сұрау». «Қадағалау (Фото, сурет)», «Ақпаратты кітаптардан, газет-журналдардан алу», ата-аналармен бірлесіп бейнефильмдер түсіру.

 

1.Ұйымдастыру

1.Шаттық шеңбері

білім күнімен құттықтау

2.Проблемалық сұрақтар

-Бүгінгі күн несімен ерекше?

-Білім деген ұғымды қалай түсінесің?

-Білім алу не үшін қажет?

1блок. Уәждемелік

  1. «Ой қозғау» әдісі

берілген суреттерге мұқият қарау, зерделеу, пайымдау,түйіндеу,патриот ұғымын оқушының өзі шығаруға бағыт-бағдар беру.

  1. «Синквейн» әдісі

Білім алушылар өз бетінше синквейн құрайды, шамамен мынадай мазмұндағы:

Патриот

Аса өнегелі, жауапты

Еңбектенеді, жасайды, күреседі,

Өз Отанын сүйеді,

Азамат.

3.Проблемалық сұрақ?  (ата-аналар үшін)

Патриоттық тәрбиенің алғашқы қадамдары қайдан басталады?

  1. «Есіңе сақта» айдары

Патриоттық сезім әуелі өз отбасыңды сүюден бастау алады.

 

ІІ-блок. Практикаға бағдарланған (ата-аналармен мұғалімдер арасындағы бірлескен жұмыс)

 

1.Кіші Отан дегенді қалай түсіндірер едіңіз?

(топтар өз ойларын постерге түсіріп қорғайды)

АдамныңкішіОтаны да болады. Ол – отбасы, көшесі, ауылы, мектебі, достары, көршілері,ауданы,қаласы.

Ал үлкен Отан- тілі бар,діні бар,тарихы бар,табиғаты әсем,кенге бай ,қонақжай біздің Қазақ елі!

Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы деп аталады.

 

2.Шығармашылық жұмыстар

ата-аналар мен оқушы арасындағы бірлескен жұмыс

1.Менің отбасым

  1. Біздің ауылымыз
  2. Біздің ауданымыз

4.Біздің қаламыз

осы тақырыптарда бейнекөріністер қорғалады.

 

ІІІ блок. Рефлексия.

1.«Ойлар бұлты» инновациялық тәсілі.

Оқушы жаңа тақырып бойынша бір түйінді сөз жазады. Кез келген сөз емес, ерекше есте қалған сөзді жазады.Кейін талқылау кезінде ол сөзді неліктен жазғанын,ол сөздің жаңа тақырыппен қаншалықты байланыстылығын өзі түсіндіреді.

 

  1. Қорытынды

«Адасқан сөздер» ойыны

-берілген сөздерден мағыналы Елбасының сөзін құрастыру

 

Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату  деген сөз. 

Н. Ә.Назарбаев

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

3.Рефлексия

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *