Эссе «Балабақша –мейірім аймағы»

Алтынбекова Асель Алтынбековна

Біздің  мамандығымыз –бұл  біздің   өмір  жолымыз.Біздің  балабақша –бұл  бөлек  әлем, гүлденген  көгал. Балабақша  бізге  балада  бар ең  нәзік –бала  жан   дүниесін  сезінуге,  аялауға,  бағалауға  үйретеді.Балабақша  баланың  жеке  тұлға   ретінде  қалыптасуында  ерекше  орын  алатын  сатысы.  Балабақшада  балаға қажетті,  сетінемейтін  махаббат  жібі  бар.Ұзақ  жылдар  жасағандығына  қарамастан,  балабақшаның  әр  кірпіші,  әр бұрышы  ешқашан   ескірмейтін   мейірім  мен  сүйіспеншіліктен  тұрады.Балалардың  күлкісі  мен  мейірімі  арқасында  біздің  балабақша  жыл  өткен  сайын  гүлденіп,  көркейіп,жасара  түсуде.Балабақшаның  жүрегі –музыка  залы.Ол  балалардың  күлкісінен  қуат  алады.Педагогтардың  балаға   қуаныш   силауға,  талмай  еңбек  етуге  деген  тілегі  мен  талпынысы  балабақшаны  мейірімділік  пен  сүйіспеншілік  аймағына  айналдырды.Педагогтардың  кәсіптік  деңгейі –балабақшаның  қаңқасы.Кәсіптік  қызметімізде  бізге  көмектесетін  бақшадағы  әр  тәрбиешінің  шығармашылық  белсенділігі,  жаңалаққа  құмарлығы.Жаңашылдық  пен  ізденімпаздық –міне   біздің  мекеменің  басты  ұстанымы  осылар! Бұл  тұрғыда  жүйелік  пен  ізденушілік  үлкен  орын  алады.  Педагогикалық  шеберлік  педагогтың  әдіс –тәсілдері  меңгерудегі  білік –дағдыларына   тікелей  байланысты.  Педагогикалық  шеберлік –өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу  өнері.Біздер  балаға  қиындығы  мен  қарама –қайшылығы  мол  өмірді,  қоршаған  ортадағы  құбылыстарды  түсінуге  көмектесуіміз  қажет.  Тек  педагог  ғана  бала  жанының  қаншалықты  сезімтал,ұғымтал  екендігін  бағалай  біледі.Біздің  балаға  береріміз –махаббат,  сүйіспеншілік,  мейірім,қамқорлық.Балалар  өмір  гүлі. Ал  гүлдер  ешқандай  жасандылықсыз,шынайылықпен  баптағанда  өседі.Бойымыздағы  бар  білімімізді, асыл  қасиеттерімізді  періште  бөбектерге  арнай  білсек, олардың  жүрегіне  жол  тауып, өзіндік «мені»  бар  дәрежеге  жеткізсек,  Отанды, адамзатты  сүюге  тәрбиелесек –міне, біздің  балабақшамыздың  нағыз  мейірім  алаңына  айналғаны.Қазақ  қашанда  бала  тәрбиесіне  үлкен  мән  берген.Аттың жалы, түйенің  қомында  көшпелі  тірлік  кешсе  де, «балам –балам,  баламның  баласы –жаным» деп оның  тәтті    қылықтарына  тамсанған. Қыз  баласын  ұлмен  тең  санап, «әке  көрген  оқ  жонар, ана көрген  тон  пішер» деп  қыз  тәрбиесін  анасына,  ұлды  әкесіне  табыстаған. Ру  таңбасын  көрсетіп, «жеті  атасын  білген   жетелі» деп  жеті  атасын  жаттатқызған. Халықтың  аңыздары  мен  жырларын  тыңдатып,  халықтың  ұлы   болуға  баулыған ұлдарын. Қыздарына  отбасының  ұйытқысы  болуды  ғана  емес, ұлт  тәрбиесін жалғастыруды, сақтауды  үйреткен. Осы  ұлы  тәрбиенің  нәтижесін  ұрпақтар жалғастығынан  көруге  болады.

Бала   тәрбиесі,  бала,  жас  ұрпақ, тәрбие, жасөспірімдер, балабақша  Халқымыздың абзал   ұлдарының  аңсап  өткені,  армандап  кеткені туған  елдің  нұрлы  өмірі  болатын. Сонау  бір  мұнар  да  мұнар,  мұнар  күнде  еңку-еңку  жер  шалып, егеулі  найза  қолға алып,  жолбарыстай  жортқан  ер  Махамбет  өз  елінің  осы  бақытын  көксеген. Аз ғұмырын  ой мен  арманға  толтырып, мағыналы  мақсатпен  өткізген, сол  жолда булығумен,  бұлқынумен   тынымсыз   ізденумен  өткен  қазақ  ғалымы, зерттеушісі Шоқан  өз  елінің  осы  күнін  аңсаған. Байтақ  өлкенің  терістігін  де  темір  қазықты жарқырап,  шырақтай   маздап   жанған   Ыбырай   ұстаздың   халқына   іздегені    осындай   өнегелі  өмір  еді. Қазақ   аспанында  ай  боп  туған,  жайната  күн  боп  күлген Абай  ақын   халқын   осы   өмірге  нұсқаған. Бірақ  Адам  өз   е ртеңін   ешқашан   дәл бүгінгідей   айқын  көріп, анық   таныған   емес.  Ғасырдың    арманы   да,  асылдардың аңсағаны   да   осы   өмір.

«Бұтағымен   ағаш  сымбатты, ұрпағымен  адам  қымбатты» деген  қазақ  даналығында саналы  сыр  бар.  Осы  қағиданы  берік  ұстаған  ата-бабаларымыз  ұрпақ  жалғастығын, үбірлі-шүбірлі   болуды, өмірдің   мақсаты, мұраты  санаған.  Асыл  қазынаға  жол  бастап   зерделі  ұрпақ  тәрбиелеуде, ата-анамен   педагогтардың   аянбай   еңбектенгені абзал.

Кеңестік   кезең   бала   тәрбиесін   басқа   арнаға   бұрды.  Мектепке  дейінгі  жастағы балаларға  ұжымдық  тәрбие  беруді  қалыптастырған  балабақшаның   бүгінде   маңызы зор. Ата-аналардың   жақсы   тұрмысқа   ұмтылуы   олардың   жұмыс  бастылығына   алып  келді. Жаңа   ғасырда   бала  тәрбиесін  сеніп  тапсыруға  болатын,  қауіпсіз, баланың   жан-жақты  дамуы  мен  жетілуін  қамтамасыз  ететін  балабақшалар  ауылдық жерлерде  де  ашыла  бастағаны  көңіл  қуантады. Ұжымдық  тәрбиенің  қоғамға пайдасын  сезе  білген  мемлекет  еліміздегі  балабақшаларды  көбейте  бастады. Адамға әр  алуан  атақ-дәреже  алып  беретін  ұлы  құдірет – еңбек. Еңбексіз  табылған  бақыттың қадірі  аз,  ғұмыры   қысқа.  Еңбек  атаулының  бәрі  де  жақсы  болғанымен,  оның сапалы  орындалатыны,  кейде  зая  кететіні  де  жоқ  емес. Қалай    дегенмен   қарманған қарап  қалмайды,  мақсатына   жетеді.

Мекеменің   ішкі,  сыртқы  көрінісі  талапқа  сай  негізделген. 1994 жылдан  шығатын республикалық  мектепке  дейінгі сәби  тәрбиесіне  арналған,  ғылыми-әдістемелік, педагогикалық  «Отбасы  және  балабақша»  журналына  балабақшаның  тыныс-тіршілігінен  толық  мағлұмат  беретін  танымдық  мақала  жарық  көрді.

50-ден  астам  бүлдіршін  тәрбиеленіп  жатқан   балабақшаның   болашағы  жарқын.  Алар  асуы  алда. Әр  түрлі  іс-шаралар,  апталықтар,  ертеңгіліктер  мен  ашық ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттері, семинар-кеңестер  жүйелі  түрде  ұйымдастырылып  тұрады.  Осыған  дейін  жеткен  жетістіктермен  тоқмейілсіп  қалмақ емес  ұжым.   Сапалы  білім   мен  өнегелі  тәрбиені  әр бір  бүлдіршіннің  бойына  сіңіру – мекеме  қызметкерлерінің  басты  мақсаты.  Бүгінге  нақты  бағдарлама  жасай  отырып, болашаққа  ұмтылу,  жетістікке  жету  жолында  қызмет  етіп  келе жатқан. Балабақша қызметкерлерінің  жаңа   педагогикалық   технологияны   меңгеруге  деген талпыныстары  нәтижесінде  зейін-зерделік,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық және  басқа  да  қабілеттерінің   қалыптасуы   нәтижесінде  оқу-тәрбие  үрдісі  алға жылжиды. Тәрбиешінің   инновациялық   іс-әрекетін  қалыптастыру – нақты  міндет. Жаңа  педагогикалық  әдіс-тәсілді   меңгерген   әрбір  тәрбиеші  баланың  жан-жақты қалыптасуына   игі  әсер  етеді. Бәсекеге   қабілетті   маман   қалыптастыру  балабақшадан  басталатынын  ескерсек,балабақша  үшін  келер  күннің  игілігіндегі атқаратын  жұмыстары  көп  екеніне  дау  жоқ.

Балабақша  ұжымы  барлық  мектепке   дейінгі   ұйым   қызметкерлерін   Елбасының «Болашақтың   іргесін  бірге  қалаймыз!»  атты  Қазақстан  Халқына   Жолдауын   және білім  беруді  дамытудың  2010-2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының негізгі  бағыттарын  сапалы  орындауға  барлық  күш-жігерді  жұмсауға  шақырады.

Біз  білім  беру, денсаулық  саласында  және  жұмыс  орнының  сапасын  қамтамасыз етуге  қол  жеткізсек, халқымыздың  әлеуметі  көтеріліп,  бәсекелестікке  қабілетті боламыз.

Біздің  әр қайсымыздың  басты  тілегіміз-бүлдіршіндеріміздің  бақытты   балалық   шағы, лайықты   білім   алуы   және   сүйікті   Отанымыздың   толыққанды   азаматына  айналуы.

Жасөспірімдердің   қабілеті  мен  бейімін  анықтау,  жетілдіру  мен   қалыптастыру балабақшадан   бастау   алатынын   ескерсек, еліміздің   болашағы   балаларымыздың келешегі  үшін   мемлекет  тарапынан   қаралып   жатқан   мәселелердің  оң  шешімін табуына  тілекші «Еркетай»  балабақшасының   ұжымының   бағындырар   белестері  әлі алда.Тек  қана,  білімді  және  тәрбиелі  ұрпақ  Қазақстан  халқының  мақтанышы  болмақ.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *