Эссе «Мен – қазіргі заман педагогімін»

Дауылова Жайнагүл Тұрланқызы

 «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану,адамның
күрделі және қызықты шым-шытырығы
мол рухани жан дүниесіне үңіле білу»

Ы.Алтынсарин

 

Мұғалім кім, ол қандай болуы керек, жалпы бұл мамандық несімен құнды ,ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек? деген сұрақтарға жауап іздеп көрсем.. .Шәкірт жүрегіне жол табу мен бағбан боп баулу ұстаздық  шыңның асқары болып саналатыны сөзсіз. Ұстаздық жол сонысымен құнды, көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділік пен икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететіндігі де сол себепті. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста  болып, білсем, үйренсем деген бала арманымен сырласып,  оның сырлы тағдырына басшылық етуді  мойнына алған маман. Ал, бүгінгі таңда ұстаз  шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Себебі, жылдам өзгермелі қоғам мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару , өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті, тез шешім қабылдауды  қажет етеді. Жаһандану дәуірі- әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім-пайдалы инвестиция саласы ретінде  еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Елбасымыз: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады»,- деген болатын. Ауыл мектебі – зиялылық пен зияткерліктің, елжандылық пен дарындылықтың қайнар-бастауы, ұлттың күре тамыры. Қоғам талабына  сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар ұрпақ тәрбиелеу-  қазіргі заман мұғалімнің басты міндеті. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу,оның адамшылық ар-ұжданын, намысын, тұлғасын  жасына қарамай сыйлау,құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткен мұғалім-мектептің жүрегі»,-деген болатын Ыбырай атамыз. Ал ұлы химик Д.И.Менделеев: «Мектеп-халықтар мен мемлекеттер тағдырын айқындайтын алапат күшке ие» деген болатын.    Олай болса,тәуелсіз еліміздің болашақ тағдырын тәрбиелейтін қазіргі заман  ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы,осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі  айтпаса да түсінікті. Бұл-әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып білуші әрі оның жеке тұлға етіп, қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.Мұғалім-барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Оқушыны субьект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу,жеке тұлға бойындағы  қасиетті дамыту, «Мен»  менталитетін қалыптастыру,білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін мәселесі. Мұғалімнің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес. Қазіргі заман мұғалімі- рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман,өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибесінің дамуының алғышарты болып табылады. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл,зерттеуші,практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Жақсы мұғалім-бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары,интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын,оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс. Ол- өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды , адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты  ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: -дүниетанымдық көзқарасы,сенімі-қызметке бейімділігі,-кәсіптік білімі мен біліктілігі,-қамқорлық көзқарасы,сүйіспеншілік сезім-ұйымдастырушылық қабілет,заманға сай жаңашылдық. Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Өз мамандығын жан-тәнімен сүю . Үздіксіз іздену,себебі бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

XXІ ғасырда еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады. “Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет” деп елбасымыз өз жолдауында айтқандай, педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалардың курстарында оқытудың тиімділігін, ерекшеліктерін, нәтижелілігін байқадым. “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады” деп К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі таңда педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері – сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Жаңа форматты оқытудың тиімділігі тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруына көмектеседі.Мектептегі мұғалім құзіреті де басты назарда, оның оқушылармен қарым-қатынас түрі де, сабақ жүргізу тәсілдері де оқушылардың, білім алушының өз білімін, өз ойын ештеңеден «қорықпай» еркін білдіре алатынында. Мектепте білім сапасын артыруда   мұғалімдердің және оқушылардың  іс-әрекетін қалай бақылауға, зерттеуге болатынына бағыт ала отырып,көшбасшы болу үшін эмоциялық зиятты басты назарда ұстау жаңаша білім беруде қажет-ақ. Мұғалім- өмір бойы ізденуші, жаңалық ашушының тәлімгері екенін ұмытпауы керек. Жаратылыстың заңы өсіп-өркендеу, даму екені белгілі. Қазіргі XXI ғасыр техниканың жетілген, ақпараттардың дамыған кезеңі. Кез-келген адамға ғылым, білім, ақпарат қолжетімді. Солардың бірі, адамзаттың болашағы: балалардың түйсігін, зейінін, танымын, талғамын, талабын осыдан он-жиырма жыл бұрынғы кезеңмен салыстыруға тіптен келмейді. Баланың кеңістігі уақыттың кеңістігінен оза немесе қатарлас дамиды. Ал соларға білім мен тәрбие беретін, өмірлік жолға бағыт нұсқайтын, тәлімгері, ұстасы  мұғалімнің білігі бір немесе бірнеше саты жоғары тұру керек. Білім беруде көптеген жаңашыл әдістердің қызметін, мазмұнын, қолданылу алғышарты,  оқушыларды бағалаудың дәстүрлі түрі мен қалыптастырушы бағалаудың айырмашылығы, мектептегі көшбасшылықтың түрлері мен қасиеттері, мектеп мәдениеті, эволюция, коучинг, желілік қоғамдастық, SWOT, SMART, іс-әрекетті зерттеу түрлері мен тізбектелген сабақтар топтамасының /Lesson Study әдісі/  соны ойлауы мен өзекті мәселелерді іздеу жолдары,  пайдалану негіздері жаңаша мазмұнның көрнекті жемісі.  Қазіргі таңда әлемдегі өзгерістер адамзат өмірінің барлық салаларына қандай да бір өзгертулер енгізіп, оны заман талабына сай, заман ағымына ілесе алатындай қайта қарау мен толықтырулар енгізуге мәжбүрлеуде. Соған байланысты білім беру саласында да үлкен өзгерістер орын алуда. Соның бірі жас ұрпақты болашақта өмірдің тұтқасын ұстар ұрпақ ретінде алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне дағдыландыру, яғни ХХІ ғасыр талаптарын орындай алатын ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Ал бұл талаптар деңгейінен шығу үшін осы жұмысты атқаратын мұғалімдер де өз әдіс тәсілдері мен жұмыс дағдыларына өзгерістер енгізуі бірінші қажеттілік екені айдан аян және осы бағытта алғашқы қадамдар жасалуда. Елімізде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары Деңгейлі Бағдарламалар бойынша жүргізілуде. Қазақстан Республикасында білім беруді  дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның мақсаты:экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту,білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.Сондықтан да қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім беру.Осы бағытта жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып,шығармашылық әлеуетінің дамуына кеңінен жол ашу қажет болды. Қоғамдастықтың мағынасын,жеті модульдің тиімділігін, Блум таксономиясының пайдалы жақтарын, SWOT және SMART талдауларын,бағалау үдерісін эвалюациялау, сценарийдің,ОМЖ,ҚМЖ, даму жоспарының не екенін, қалай, қай жерге қолдану керектігін меңгерген мұғалім болса,ХХІ ғасыр талабын орындай алатын өз кәсібінің майталманы болары сөзсіз.Сондай-ақ ұстаз күнбе – күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр мұғалімінің  басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; оқушының тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды. Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны белгілі. Ел ертеңі, ұлт болашағы үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие құралына айналдыру – бүгінгі күннің сұранысы.- Тұлға ретінде оқушының жеке басының іс-әрекетін дамыту теориясы негізінде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәрбиелеу мен білім беру жұмысын жетілдіру.

– Оқушының рухани – адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулығы үшін әлеуметтік құзыреттілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау.

– Отбасы қарым-қатынасындағы үлгі-өнегенің тәрбиелік ықпалын арттыру.

– Ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени – тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту.

Тұжырымдаманың жүзеге асырылу шарттары:

– Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа деген позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік – педагогикалық жағдай жасау.

– Халық дәстүрінің элементтері бар ойындарды қолдану.

– Халық салт-дәстүрінің қолдануымен мерекелер, ойын-сауықтар ұйымдастыру және өткізу.

– Ұлы тарихи тұлғалармен таныстыру арқылы отаншылдыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Өз тілін білетін, интеллектуалды, жан-жақты, үйлесімді дамушы тұлға, өзінің салт – дәстүрін, Отанын сүйетін, шығармашылық әлеуетін айқындай алатын, қоғам мүддесіне сай, ертеңгі қоғам иегері боларлық, егеменді еліміздің айбынын асқақтатар өнегелі ұл – қызы

Баспалдағы бұл ғылымның, қиындықтан тұрады,

Оның шынар басына талмайтындар шығады

Талмау үшін әр кезде болу керек төзімді

Сондықтанда сен оған әзірлей бер өзіңді,- деген өлең  жолдары менің эссем мен ойымның түйінді дәлелі.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *