«Сауысқан мен Көкек» (Ертегі)

Койлыбаева Эльмира Орынбаевна

Сабақтың тақырыбы: «Сауысқан мен Көкек» (Ертегі)
Сабақтың мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің бір түрі аңыз ертегімен танысу.
Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін тиянақтау. Ертегінің мазмұнымен таныстыру.Ертегілердің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәніне арқау болған ұлтымыздың асыл қасиеттерін білу.
Дамытушылық: Ертегі кейіпкерлерінің іс – әрекетінің шынайы өмірмен байланысын түсіну.
Тәрбиелік: Ертегідегі түйінді ойды анықтай отырып, күнделікті өмірде қолдану.
Сабақтың  түрі: жаңа  сабақ

Сабақтың  әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, топтасу

Сабақтың  көрнекілік :Интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты суреттер
Сабақтың  барысы:  Ұйымдастыру   бөлімі
Қағаз қиындыларын тарату арқылы
«Кішіпейіл», «Қамқоршы», «Мейірімді», «Әділетті» болып 4 топқа бөлінеді.
Психологиялық   дайындық
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
(Топ басшысын анықтау)

Үй  тапсырмасын   тексеру «Келіңдер  құстарым»  жатқа  сұрау

«Ой  ашар» суретпен  жұмыс

«Отбасы».  «Ұстаз»,  «Құстар», «Ойыншықтар»

Осы  суреттерге сөйлем  құрап, буынға  бөлу
Жаңа сабақ.
«Сауысқан мен Көкек» (ертегі)
Топпен жұмыс.
1-топ: Сауысқанға мінездеме беру
2-топ: Көкекке мінездеме беру
3-топ: Ертегі мазмұнынасаймақалдарайту.
4-топ: Ертегімазмұнынасайсурет салу
Кешірімдіболамыз,
Жұлдыздайбопжанамыз.
Кішіпейілболамыз,
Құстайқанатқағамыз.
Дәптермен  жұмыс

87- жаттығу.Кім?  сұрағына  жауап  беретін  сөздерді  теріп  жазу

88-жаттығу  қатар  бойынша  орындау

«Фудбол»  ойыны. Доп  лақтыру  арқылы аталған  сөздерге  сұрақ  қою

Сергіту  сәті \видео\

*Шығармашылық  тапсырма

«Көктем»  сөзінің  соңғы  әрпінен «м» әрпінен  сөз  ойлау.

Үлгі:  Көктем,  машина,  алма,т.с.с.
«Жауабын айт» ойыны
Мақсаты: құстар туралы жұмбақтар шеше білуге, тыйым сөздердің мағынасын ажырата білуге үйрету.
Ойынныңшартынтүсіндіреді.
Ертегі кейіпкерлеріне қатысты жұмбақтарды шешуді тапсыру.
1.Секектеп  бір  тұрмайды,
Сөреден  құрт  ұрлайды.
2.Қайталап  атымды,
Ән  салып аламын.
Кез-келген ұяға,
Жұмыртқа  саламын
•Тыйым сөздер
1.Құстың ұясын бұзба,
Жұмыртқасын жарма.
2.Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.
3.Аққуды атпа.
Қорытынды: «Венн диаграммасы»

•Шуғабөлепжағаны,
Қанаттарынқағады.
Айдынсудыңтүлегі,
Шабақіліпжүреді.

•Ағаштаболсаегермең,
Хабар берертұмсықпен.
Тұмсығыменемдейді,
Сосынкөңілжемдейді.

Оқушылардың жауабы тыңдалады. Оқушылар жұмбақ шешу үшін ізденеді.
Тыйым сөздердің мағынасын түсініп, шынайы өмірде қолданады.
Топ басшылары бағалау парағын толтырады.
(Екіжұлдыз, біртілекбойынша)

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *