Абайдың «Ескендір» поэмасы

Ерпанова Алтынкүн Жолбатырқызы

Тақырыбы: Абайдың «Ескендір» поэмасы. (2-сағаты)

Сабақ негізделген оқу мақсаты: көркем туындыны түсініп, мәнерлеп оқуға және идеялық-тақырыптық негізін, ой астарын түсінуге үйрету, поэманың тереңіне бойлату, ақынның образ жасау шеберлігін ұғындыру.

Күтілетін нәтиже: оқушылар өз ойларын қорғай білуге үйренеді, бір-бірін тыңдайды, толықтыру арқылы мәтін мазмұнының түсініксіз жерлерін айқындайды.

Ақпарат көздері: оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар.

Түйінді идеялар: оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын дамыта отырып Абайды түсініп оқып, ойға түйе білу.

Ресурстар: Ынтымақтастық атмосфера қалыптастырады.

I.Ұйымдастыру кезеңі

– оқушыларды ұйымдастырады

– топтастырады

– үй тапсырмасын тексереді

– жаңа сабақ түсіндіру

II.Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сабағымызды бастайық.

III.«Миға шабуыл» стратегиясы.

1.Поэма дегеніміз не?(«Поэма»грек сөзінен шыққан, «туынды» деген мағынаны береді,өлеңмен жазылады.)

2.Абайдың неше поэмасы бар?(«Ескендір» «Масұғыт,» «Әзім әңгімесі»)


  1. «Кубизм» стратегиясы бойынша топтық жұмыс жүргіземіз. Екі топқа үш тапсырмадан беріледі.

1-қыры: «Зерттеңіз». Ұлы ақын Абайға «Ескендір»поэмасын жазуға не арқау болды?Тарихи деректер бойынша Ескендір,Аристотел туралы дерек айту.(1-топ)

2-қыры:  «Ойланыңыз». Шығарма мазмұнына жоспар құрыңыздар.(2-топ)

  1. Ескендірдің тегі, патшалығы, жорықтары.
  2. Жорықтағы Ескендірдің бұлақпен кездесуі.
  3. Ескендірдің бұйрығы.
  4. Күзетшімен тілдесуі, оның сыйы.
  5. Аристотельдің сүйекті өлшеуі.
  6. Ақынның өсиет сөзі.

3-қыры:«Қолданыңыз». «Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша шағын көрініс көрсетіңіздер.(1-2 топ оушылары)

4-қыры: «Суреттеңіз». Әдеби теориялық ұғымдарды тауып көрсету.(1топ)(Теңеу-дарияның суындай қандар ақты,таспадай бейне арықтан шыққан құлап.Эпитет-сар дала,мөлдір бұлақ,қу өмір,жеміт көз.)

5-қыры:«Салыстырыңыз». Ескендір мен Аристотельге мінездеме жазу.(2 топ)

6- қыры «Талдаңыз». «Ескендір» поэмасына талдау жасау.Өлең құрлысына талдау жасау.(1-2 топ)

Авторы:  Абай Құнанбаев

Шығарманың аты: «Ескендір» поэмасы

Тақырыбы: Адамгершілік, қанағат тұту, даналық.

Идеясы: Қанағат пен жауыздықты әшкерелеу, әділет пен даналықты дәріптеу.

Жанры:  эпикалық (поэма)

Ұйқас:қара өлең (ааба)

Шумақ: 42

Тармақ:4

Буын:11, 12

Бунақ:3

Түйінді ой: Абай бұл шығармасында адам бойындағы жаман қасиеттерді әшкерелейді. Ол өз өлеңінде де өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ бес дұшпаның деп атап көрсеткен болатын.

Сергіту сәті:Абай Қ. Ән «Желсіз түнде жарық ай.» хор

V.Ой қорыту:«Ойлаудың төрт қалпағы»

«Сары қалпақ»- Позитив

Жағымды тұстары қандай болды?Оның артықшылығы қандай?( Аристотельдің құрметті есімі, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам»)

«Қара қалпақ»-Жағымсыз

Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз(.Ескендір елде алмаған хан қоймады,Алған сайын көңілі бір тоймады.Араны барған сайын қатты ашылып,Жердің жүзін алуға ой ойлады.. Ескендір – Қанішер, қатыгез, тойымсыз, даңғой…)

Жасыл қалпақ-Креатив

Менде қандай идеаялар бар?( Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?Ескендір әлемді ақылымен, білімімен, данышпандығымен жауласа болар еді. )

«Көк қалпақ» -шолу /үндеу/

(Әлемде тек қана бейбітшілік салтанат құрсын!Лаңкестік болмасын!Соғыс болмасын! Адам қаны жазықсыз төгілмесін…

Шығармашылық жұмыс.Ескендірге хат немесе Ескендірге арнау өлең жазу.

VI.Үйге тапсырма:  «Рухани биіктік-ең жоғарғы биіктік» тақырыбына эссе жазу.

VII.Бағалау:бағалау парағы арқылы бағаланады

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *