Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы: Себептері мен тарихи маңызы

Хайруллина Нұрайым
Ғылыми жетекшісі: Смағұлов Н.Б.
PhD докторы, қауымдастырылған профессор 
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті.
Қарағанды қаласы


Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі 1773-1775 жылдар аралығын қамтиды. Осы үш жылдың алғашқы басында Ресей империясының орыс шаруалар көтерілісіне Еділ және Жайық бойындағы башқұрттар, татарлар, Орта және Кіші қазақтары белесене ат салысты. Ең алғашқы шаруалар көтерілісін бастаған немесе көтерілістің басшысы ретінде Е. Пугачевті айтамыз. Емельян Пугачёв шынтуайтында келгенде Ресей империясы үшін көптеген елді-мекенде болып жатқан соғыстарға атсалысқан. Неге екені белгісіз Пугачев әскрден қашу барысында тұтқынға түсіп түрмеге жөнетілді. Ол жерден де қашып шығып жайық казактарымен астыртын байланыс жасап, өзін сарай төңірегінде қаза тапқан III Петр деп жариялайды. Солайша, өзінің жанына астыртын түрде қол жинайды. Қалай айтсақ екен серіктестері немесе жақтастыр олар: И. Зарубин-Чика, А. Овчинников, А. Витасинов, В. Меркульев, М. Логинов, Т. Мясников, Г. Бородин, Я. Пономарев, А. Губа-нов, М. Шигаев, И. Почиталин, Б. Караваев жене басқалар топтасты. Алайда олар үшін қалада болу кауіпті туғызып тұрған еді.

Енді қазақтардың Пугачев шаруалар көтерілісіне қатысуына тоқталсақ, онда XVIIIғасырдың бастапқы басына қарай қазақ жерінде болып жатқан қиындықтар мен хандардың патша бодандығын алуы. Сонымен қатар патша үкіметінің қазақ жеріне үстемдік қозғалысы үдерте түскен еді. Ресейдің қазақ жеріне қарай енуі, казак шептерінің ұлғайуы бейберекет жүрген көшпелі қазақтардың жайылым, қоныс аймақтарын шектеді. Көптеген бекіністер салынуы яғни, Уйская, Ертіс, Есіл сияқты бекіністер, қазақтардың Жайық пен Еділ арасындағы, Есілдің тобылдың жағарғы ағысы мен Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы жерлерін аралауына заңды түрде тыйым салынды. Көшпелілердің өмірлік маңызыды мүдделері айтарлықтай бұзылды [1, 4 б]. Халық үшін біраз кедергі тигізгенімен қоймай құнарсыз жерлерде тұруға мәжбүрледі. Көтерілістің алғашқы лебі сезіліп басталған кезінде Пугачев пен оның серіктері қазақ даласындағы жағдайынан хабардар болды. Олар патша өкіметінің жүргізіп отырған әділетсіз отарлық саясатына қазақ халқының ашық наразылығын байқап, оны өз пайдасына қолдануға тырысты. Себебі қазақтардың қолдауы арқылы – географиялық тұрғыдан да, әскери күш тұрғысынан да көтерілісшілерге үлкен көмек болар еді. Пугачев Жайық қалашығына аттанар алдында Жоғарғы Богдан бекінісі маңындағы Көшім сайында болған кезде, оған Нұралы ханнан сыйлықтар жеткізілді. Бұл дипломатиялық қадам ретінде қарастыруға болады. Пугачевке сыйлықпен келген адамдар – Забир молда мен Оразгелді Аманов – қазақтардың атынан жіберілген елшілер немесе байланыс орнатушылар еді. Бұл жағдай қазақтар мен Пугачев көтерілісшілері арасында белгілі бір дәрежеде байланыс болғанын көрсетеді. Алайда бұл байланыс нақты әрі тұрақты одаққа айналды деп айту қиын, өйткені қазақ рулары мен басшылары арасында бұл мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастар болған. Осында 1773 жылғы 6 қыркүйекте Е.И.Пугачевтің Кіші жүз ханы Нұралыға арналған қазақтарға манифесі жазылды. Онда былай делінген: «Мен сендердің бәріңді қалдырмай, адал, алдамай жер, су мен шөп, азық-түлік, жылғалар мен өзендер, тұз бен нан, қорғасын беремін, бастан аяққа дейін киіндіремін». Ол 200 адамнан тұратын жауынгерлік қосын жіберуді сұрады. Пугачев Жайық қалашығына келіп, өзін III Петрмін деп жариялады [2, 215 б]. Нұралы хан Пугачевтің айлакер адам екенін тез аңғарды, бұл жөнінде ол 24 қыркүйекте Орынбор губернаторы Рейнсдорфқа анық мәлімет жазған. Алайда көтеріліс басталған сәтте хан екіұдай саясат ұстанып, күту тактикасын қолданды. Бір жағынан, ол Орынбор мен Астрахань губернаторларымен байланыста болып, қазақ даласында толқулар орын алып жатқанын ескертіп отырса, екінші жағынан Пугачевпен қарым-қатынасын үзбей, оны өз хаттарында үнемі Петр III деп атаған [8, 182 б].

Нұралы Жайық қалашығындағы полковник Симанов және атаман Бородинмен келіссөздер жүргізіп, егер олар Пугачевті өз күштерімен тұтқындай алмаса, өзі оны ұстап беруге дайын екенін білдірген. Алайда Нұралының бұл уәдесінің орындалмайтынын сезген Симанов пен Бородин оның мұндай «көмегінен» бас тартқан. Бұл жағдайда патша билігіне өзінің «адалдығын» нақты көрсете алмаған Нұралы хан көп ұзамай осы жайт жөнінде Рейнсдорфқа тағы да хат жолдаған.Нұралы Пугачевке қарсы күрестегі «қызметі» үшін Жайықтың оң жағалауындағы қоныстарға көшуге рұқсат беруді, тұтқынға түскен қазақтарды қайтаруды және башқұрттар айдап әкеткен малды қайта алуға көмек көрсетуді Орынбор губернаторынан сұрайды. Алайда И.А.Рейнсдорф ханның бұл өтініштерін орындаған жоқ. Пугачевпен байланысы болуы мүмкін деген күдікпен губернатор Нұралыдан қоластындағы қазақтардың «бүлікке» қатыспауын және малдарын «ішкі шекарадан» асырмауды қатаң талап етті. Әбілқайыр әулетінің сұлтандарының Пугачевпен байланысы барын жақсы білген патша әкімшілігі олардың бұл бағыттағы әрекеттерін мұқият қадағалап отырған. Осы себепті 1773–1775 жылдары Пугачев көтерілісі кезінде Кіші жүзге тыңшылар жіберу жиілеп кеткен болатын [4, 96–97 б]. 1773 жылдың 20 қыркүйегінде Е.И. Пугачев қазақ халқына арналған жаңа манифесін жариялады. Онда: «Менің сенімді қызметшілеріме және барша әскерлерге жар салынсын: кімде-кім маған адал болса, мені патша ретінде мойындаса, соларға рақымшыл боламын. Ал қарсы шыққандар жазаланатын болады», – деп мәлімдеді. Бұл үндеу арқылы ол өзіне қолдау көрсетуге шақырды. Пугачев Жайық қалашығын бірден шабуылмен ала алмады, сондықтан оған шабуылдау үшін шағын топ қалдырып, өзі негізгі күштерімен Орынборға қарай беттеді. Жол бойында Чернореченск және Татищево бекіністерін басып алды. Пугачев өз үндеулерінде өзін «ұлы патша Петр Федоровичпін» деп жариялап, помещиктерге қарсы күрес жүргізетінін, дінге сену еркіндігін қайтаратынын, казактарға ақша төлейтінін айтты.Осы үндеулер мен манифестер қазақтар арасында қолдау тапты. Құжаттарға сүйенсек, қазақтардың өз еркімен ұйымдастырған жасақтары Жайық қалашығына, Озерная, Сахарная бекіністеріне және басқа да нысандарға жақындап, тұтқындар алып, малдарын айдап кеткен. Бұл олардың белсенді қатысқанын көрсетеді [9, 26 б]. 1773 жылдың 5 қазанында Орынбор қоршауға алынып, бұл қоршау 1774 жылдың наурызына дейін созылды. Қоршауға қатысқан күштер құрамында жайық, елек, орынбор казактары, қарғалы мен сақмар татарлары, башқұрттар мен қалмақтар болды – барлығы шамамен үш мың адам. Осы уақытта көптеген Кіші жүз қазақтарының киіз үйлері Жайықтың оң жағына өтіп, Жайық пен Еділ арасындағы жерге көшіп-қонып жүрді. Ресей билігі олардың көтеріліске қосылуынан қауіптенгенімен, қатаң шара қолдануға батпады [5, 107 б]. Хан Нұралыдан өзге, Пугачевпен жақын байланыс орнатқан Досалы сұлтан мен оның ұлы Сейдалы болды. Пугачев Жайық қалашығына шабуыл жасау үшін Досалыдан 200 адамдық жасақ сұрады. 1773 жылдың қарашасында Сейдалы Пугачевке аманат ретінде 200 сарбазбен жіберілді. Бұл сұлтандардың арасында да Пугачевке көзқарас әртүрлі болғанын көрсетеді. Досалы сұлтан көтерілісті белсене қолдап, өз ұлын да Пугачевке жіберуге келісті [3, 183 б]. Орынбор қоршауы кезінде Нұралы хан да Пугачевке қолдау білдірген сыңай танытты. Қоршауға бірнеше мың қазақ жауынгері қатысты. Алайда Пугачев әскері шегінген соң, Нұралы патша армиясына қосылып кетті. Бірақ барлық қазақ рулары көтерілісшілерге теріс бұрылған жоқ. Жайық маңындағы Досалы сұлтан Пугачев толық жеңіліске ұшырағанша оған көмектесіп тұрды. Ішкі жақтан жайылым іздеген Беріш, Шеркеш, Тама, Табын, Жағалбайлы, Байбақты рулары да көтеріліске белсенді қатысты. Қазақтардың орыс бекіністеріне шабуылы 1774–1775 жылдары да жалғасты [6, 118 б].

Орынборды қоршауға орыстардан бөлек башқұрт және қалмақтар да қатысты. Қаланы ала алмаған Пугачев Қазанға қарай жылжыды. И.Мелеховтың мәліметі бойынша, көтерілісші армия құрамында әр түрлі ұлт өкілдері болды. Олар күрестің соңына дейін бірге болды. Нұралы ханның ресми түрде патшаға қарсы шықпағанын нақты дәлелдер көрсетеді. Мысалы, тұтқынға түскен қазақ Өзбек Барсуков ханның: «Малымызға жайылым іздеп, Ресейге қарсы ешқандай жаман ойымыз болмай, халқыммен Жайықтың төменгі бойына көштік», – дегенін жеткізеді. Бұл – оның патша билігіне адалдығын дәлелдейтін бір дерек қана. Айшуақ, Ишим, Шұралы сұлтандары да ханмен бірге көшіп, ресейлік билікке сенім білдірді. Нұралы ішкі жақта тек қалмақтарға қарсы әрекет етіп, орыс бекіністеріне шабуыл жасауға тыйым салды. Бірақ 1774 жылдың қаңтарында Беріш және Серкеш рулары ханнан жасырын жасақ құрып, бекіністерге шабуылдай бастады. Бұл кезеңде халықтың қозғалысы хан мен старшиналардың еркінен тыс дамып, қарапайым халықтың патшаға қарсы күресіне айналды [3, 187 б]. 1773 жылдың соңына қарай Ресейдің әр өңірінде, оның ішінде Орал, Алтай, Дон, Запорожье және Орталық Ресейде де халық Пугачев армиясын күтті [7, 18 б]. 1774 жылы қаңтарда қазақ жасақтары Жайық қалашығын қоршауға қатысты. Бұл қозғалыс Гурьевтегі көтерілістің жеңіске жетуіне, пугачевшілер қатарына жаңа күштердің қосылуына сеп болды. Кейбір қазақ сарбаздары Еділ бойындағы шайқастарға, Қазан, Пенза маңындағы соғыстарға қатысты. Дегенмен қазақтардың негізгі соғыс қимылдары Жайық пен Гусьев аймағында шоғырланды.

1774 жылдың наурызында Самар дистанциясы мен Татищев бекінісі маңында қазақтар үкімет армиясымен шайқасты. Дала халқы Пугачев армиясын азық-түлік, ат-көлікпен қамтамасыз етті. Жайық маңындағы бірқатар бекіністерді көтерілісшілер басып алды. 9 қыркүйекте қазақтар Самар өзені үстіндегі көпірді басып алып, Қызылсамар бекінісін қоршауға алды. 12 қыркүйекте 700 қазақ Ольшан бекінісіне шабуыл жасағаны белгілі [1, 5–6 б]. 1774 жылы 26 қаңтарда А.Овчинниковтің жасағы Гурьевке оқ-дәрі және зеңбірек жеткізу үшін келді. Гурьев бекінісі стратегиялық маңызы бар, Жайықтың оң жағасында орналасқан еді. Қалашықта таспен салынған қабырға, казына қоймасы, қару-жарақ қоймасы, шіркеу және әкімшілік ғимараттар болды. Гурьев казактары бірден көтерілісшілер жағына шығып, қарсылық танытқандар жойылды. А.Овчинников өз жасағымен кейін Жайық қалашығына аттанды. Татищев түбіндегі жеңілістен кейін Пугачев Троицк бекінісіне шегініп, Орта жүз қазақтарына шабармандарын жіберіп, көтерілісшілерге көмектесуді сұрады. Абылай ханға да екі хат жолданды. Дәуітбай тархан қазақ ақсақалдарымен кеңесіп, шабуыл жасайтын орын мен уақытты анықтау жөнінде нұсқау сұрады. Кейін Кіші және Орта жүз жасақтары Губерлинск бекінісін толықтай талқандап, басқа бекіністерді қоршауға алды. Орск бес күн бойы қоршауда болды, бірақ үкімет әскерлері келген соң қоршау тоқтатылды [2, 219 б]. Пугачевтің Қазақ даласындағы ықпалы зор болды. Ол тек көтерілісті кеңейтіп қоймай, қазақ халқының күресін Ресейдегі жалпы халықтық қозғалыстың бір бөлігіне айналдыруға тырысты. Басқаша айтқанда, Пугачев қазақтардың күресін патшаға қарсы бүкіл халықтық көтеріліспен ұштастырмақ болды [3, 190 б].

Қолданған әдебиеттер

1.Қаражан К.С., Ташенев М.Ж., Садвокасова З.Т., Абсеметова Ж.А., Хасанаева Л.М., Ахметжанова А.Т., Удербаева С.К., Кульшанова А.А. История Казахстана: Курс лекций. Под ред. Каражанова К.С. – Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 432 с.

  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық.3–том. – Алматы: «Атамұра», 2002. – 768 бет.

3.Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР, том первый с. древнейших времен по 1870 г. Ленинград: Огиз. Госполитиздат. 1941. – 366с.

4.Сабырханов А. Қазақстан мен Россияның XVIII ғасырдағы қарым қатынастар. – Алматы: «Ғылым», 1970. – 141б.

5.Қозыбаев, М. Қ. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: Қазақстан, 1993. – 240 б.

6.Муратов X.И. Крестьянская война под предводительством Е.И. Пугачева (1773— 1775): Пособие для учащихся. — 2-е изд., дораб. и доп. — М.: Просвещение, 1980.— 175 с.

7.Рычков П.И. История Оренбургская: под ред. и с примеч. Н.М. Гутьяра, Секретаря Комитета, изд. Оренб. Губ. Стат. Комитета. – Оренбург: Тип.-лит. Евфимовского-Мировицкого, 1896. — 95 с.

8.Записки сенатора Павла Степановича Рунича о Пугачевском бунте // Русская старина, Том 2. 1870, Б.м.- С. 116-132

9.Пушкин А.С. История Пугачева. Государственноеиздательства Художественной Летературы – Москва, 1962 – 109 с.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх