Ветеринарияға арналған жұмсақ дәрілік қалыптардың технологиясы

Баратова Аружан
«С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті» КеАҚ 3-курс студенті

Ғылыми жетекші: Абдишарафова Д.А., Жандабаева М.А., Алимова У.С.
Алматы,Қазақстан
E-mail :aruzhan161019@gmail.com


Аңдатпа

Бұл мақалада ветеринарияда қолданылатын жұмсақ дәрілік қалыптардың – майлар, пасталар және линименттердің – технологиясы қарастырылады. Олардың құрамы, негіз түрлері, дәрілік заттарды енгізу әдістері және дайындау кезеңдері сипатталады. Сонымен қатар сапа көрсеткіштері мен сақтау шарттарының маңызы баяндалады. Жұмсақ дәрілік қалыптар мал ауруларын емдеуде тиімді әрі қауіпсіз дәрілік түр ретінде қолданылады.

Аннотация

В данной статье рассматривается технология мягких лекарственных форм, применяемых в ветеринарии — мазей, паст и линиментов. Описываются их состав, виды основ, способы введения лекарственных веществ и основные этапы приготовления. Также освещаются показатели качества и условия хранения. Мягкие лекарственные формы широко применяются в лечении животных как эффективные и безопасные лекарственные средства.

Abstract

This article discusses the technology of soft dosage forms used in veterinary medicine, including ointments, pastes, and liniments. Their composition, types of bases, methods of incorporating active pharmaceutical ingredients, and the main stages of preparation are described. Quality control parameters and storage conditions are also highlighted. Soft dosage forms are widely used in the treatment of animals as effective and safe medicinal products.

Түйінді сөздер: Ветеринария, жұмсақ дәрілік қалыптар, майлар, пасталар, линименттер, технология, дәрілік негіздер, сапаны бақылау.

Ключевые слова: Ветеринария, мягкие лекарственные формы, мази, пасты, линименты, технология, лекарственные основы, контроль качества.

Keywords: Veterinary medicine, soft dosage forms, ointments, pastes, liniments, technology, pharmaceutical bases, quality control.

Кіріспе:

Ветеринариялық тәжірибеде жұмсақ дәрілік қалыптар маңызды орын алады, себебі олар жануарлардың тері және шырышты қабық ауруларын емдеуде, қабыну процестерін басуда, жараларды жазуда және паразиттік зақымдануларды жоюда кеңінен қолданылады. Жануар ағзасының физиологиялық ерекшеліктері, тері жамылғысының қалыңдығы мен түк қабатының болуы дәрілік қалыпты дұрыс таңдауды және тиімді технологиялық тәсілді қолдануды талап етеді. Осыған байланысты майлар, пасталар және линименттер ветеринариялық фармацияда кең таралған жұмсақ дәрілік түрлер болып саналады.

Негізгі бөлім:

Жұмсақ дәрілік қалыптар – белгілі бір консистенциясы бар, сыртқа қолдануға арналған пластикалық жүйелер. Олар дисперстік жүйе ретінде қарастырылады және құрамында белсенді дәрілік заттар мен көмекші негіздер болады. Негізгі талаптары – біртектілік, тұрақтылық, терапиялық әсердің жеткілікті деңгейі және қауіпсіздік.Ветеринарияда жұмсақ дәрілік қалыптар көбінесе жергілікті әсер көрсетеді, бірақ кей жағдайларда тері арқылы сіңіп, жүйелік әсер беруі де мүмкін. Сондықтан олардың технологиясы дәрілік заттың физика-химиялық қасиеттеріне және қолдану мақсатына сәйкес құрылуы тиіс.

Майлар – тұтқыр, біртекті консистенциялы, көбіне сыртқа қолданылатын дәрілік қалып. Ветеринариялық майлар гидрофобты (вазелин, парафин негізінде), гидрофильді (полиэтиленгликольдер) немесе эмульсиялық негіздерде дайындалады.

Май дайындау технологиясы бірнеше кезеңнен тұрады:

Негізді дайындау немесе балқыту (қажет болған жағдайда).

Дәрілік затты ұнтақтау және біркелкі дисперстеу.

Белсенді затты негізге біртіндеп енгізу.

Гомогенизациялау.

Қаптау және таңбалау.

Егер дәрілік зат ерімейтін болса, оны алдын ала ұсақ дисперстік күйге дейін ұнтақтау қажет. Ал еритін заттар негіздің бір бөлігінде ерітіліп енгізіледі. Майлардың сапасы олардың консистенциясына, біртектілігіне, механикалық қоспалардың болмауына және микробиологиялық тазалығына қарай бағаланады.

Rр: Unquentі Camphorae 20,0

Da. Sіgna. Тізені сылауға

Рецептідегі жағармай официналды, құрамы МФ lХ басылымы мақаласына сәйкес.

Құрамы: Есептеу:

Камфора 10,0 Камфора

Сусыз ланолин 30,0 10 – 100,0

х- 20.0

х=2,0г

Вазелин 60,0

100,0 г

Вазелин Сусыз ланолин

60 — 100,0 30 – 100,0

х — 20,0 х – 20,0

х = 12,0 х = 60,0

БП

Vaselіnі 12,0

Lanolіnі anhydrіcі 6,0

Camphoraе 2,0

mж = 20,0

Пасталар – құрамында қатты ұнтақ тәрізді заттардың мөлшері жоғары (25% және одан көп) болатын қою консистенциялы дәрілік қалып. Олар көбіне қабынуға қарсы, кептіргіш немесе қорғаныштық әсер көрсету үшін қолданылады.

Паста дайындауда негізгі ерекшелік – ұнтақтардың біркелкі таралуын қамтамасыз ету. Алдымен ұнтақ заттар мұқият ұсақталып, електен өткізіледі. Кейін олар негіздің аз мөлшерімен араластырылып, біртекті масса алынған соң қалған бөлігі қосылады. Бұл әдіс агрегацияның алдын алып, дисперстілікті арттырады.Пасталар жануар терісінде ұзақ сақталып, әсер ету уақытын ұзартады. Сондықтан олардың адгезиялық қасиеті мен тұрақтылығы маңызды технологиялық көрсеткіш болып табылады.

Линименттер – сұйық немесе жартылай сұйық консистенциялы, ысқылап жағуға арналған жұмсақ дәрілік қалып. Олар ерітінді, эмульсия немесе суспензия түрінде болуы мүмкін.

Линименттерді дайындау кезінде:

еритін компоненттер жеке ерітіледі;

ерімейтін заттар дисперстеледі;

қажет болған жағдайда эмульгаторлар қолданылады;

қоспа механикалық араластырғыштар арқылы гомогенизацияланады.

Линименттердің басты ерекшелігі – теріге оңай таралуы және жылдам сіңуі. Ветеринарияда олар буын ауруларында, миозиттерде және жергілікті қан айналымын жақсарту мақсатында қолданылады.

Статистикалық зерттеулер:

Ветеринарлық препараттар нарығындағы жұмсақ дәрілік формалардың үлесі бойынша зерттеу көрсеткендей, ветеринарлық дәрілік заттардың жалпы құрамында жататын формалардың (сәйкесінше сұйық және газ тәрізділерден кейін) жұмсақ дәрілік формалар (мазь, пасталар, линименттер) шамамен 4 %–6 % құрайды. Бұл көрсеткіш уақыт өте келе өзгеріп келеді:

2014 жылы жұмсақ ЛҚ 6 % болса,

2021 жылы — 4 % деңгейіне төмендегені тіркелген.

Сонымен қатар,сосңғы жылдардағы деректер бойынша ветеринариялық дәрілік заттар құрылымында жұмсақ дәрілік қалыптардың үлесі 4–6 % құрайды. Оның ішінде майлар шамамен 75 %, пасталар 17 %, ал линименттер 5 % үлес алады. Бұл көрсеткіштер жұмсақ дәрілік қалыптардың ветеринариялық практикада маңызды орын алатынын дәлелдейді.

Сапаны бақылау және сақтау

Жұмсақ дәрілік қалыптарды өндіруде сапаны бақылау маңызды кезең болып табылады. Негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады:

сыртқы түрі және біртектілігі;

консистенциясы;

белсенді заттың мөлшерлік құрамы;

микробиологиялық тазалығы;

тұрақтылығы.

Сақтау шарттары негіздің түріне байланысты анықталады. Көп жағдайда салқын, құрғақ жерде, жарықтан қорғалған ыдыста сақтау ұсынылады. Эмульсиялық жүйелердің қабатқа бөлінуін болдырмау үшін температуралық режим сақталуы тиіс.

Қорытынды

Ветеринарияға арналған майлар, пасталар және линименттер – тиімділігі жоғары, технологиялық жағынан икемді жұмсақ дәрілік қалыптар. Оларды дайындауда дәрілік заттардың қасиеттерін, жануар ағзасының ерекшеліктерін және қолдану мақсатын ескеру қажет. Дұрыс ұйымдастырылған технологиялық процесс препараттың тұрақтылығын, қауіпсіздігін және терапиялық әсерін қамтамасыз етеді. Жұмсақ дәрілік қалыптарды жетілдіру ветеринариялық фармацияның өзекті бағыттарының бірі болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

1. Арыстанова Т.Ә. Фармацевтикалық химия. 2 том. Алматы, 2010. – 512 б.

2. Абдуллин Т.М., Қожахметов С.К. Ветеринарная фармация: учебное пособие. Алматы, 2015. – 248 с.

3. State Pharmacopoeia of the Republic of Kazakhstan, 2020. – Алматы.

4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы.– 2018. – 512 б. ІSBN 9965–435–99–5

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Прокрутить вверх